«Сиқырлы қағаз” тәжірибесі

0
621

Сіз күнделікті істеу керек жұмыстарыңызды қағазға тізімдеп жазасыз ба?Дегенмен сол тізімнің ішінде біраз істер орындалмай қалып жата ма? Осындай сәтті бізге көмектесетін, орындалмаған істерді жүзеге асырып беретін сиқырлы көмекшіміз болса ғой деп армандаймыз!

Сіз білесіз бе, мұндай көмекші шыныменде бар. Тек біздің міндетіміз ,оған сенім артуды үйрену!Егер сіз оларды жүзеге асыруды сиқырлы әлемге сеніп тапсырсаңыз, көптеген мәселелер сіздің қатысуыңызсыз оңай шешілетін болады.

Тәжірибені жүзеге асыру өте оңай.

Әдістің авторларының түпнұсқасында (Эстер мен Джерри Хикс) оны кәдімгі майлыққа жасаған жөн делінген. Дегенмен, сіз мұны жай бүктелген қағазға жасасаңыз, тәжірибенің мәні өзгермейді.

Сонымен:

  • Бірінші кезекте, жақын арада жасау керек істер тізімін жазатын қойын дартеріңізді немесе жеке күнделігіңізді қолға алыңыз.
  • Кез келшен ақ парақты алсаңыз да болады. A4 форматындағы қағазды екіге бүктеңіз немесе екі бет дәптер парағын алыңыз.
  • Парақты 2 бөлікке бөліңіз. Сол жағына «Мен бүгін не істеуім керек» деп жазамыз.
  • Оң жаққа- «Мен бұл жұмысты сиқырлы көмекшіме ризашылықпен тапсырамын»деп жазыңыз.
  • Енді жақында жүзеге асуы тиіс барлық істер тізімін қарап шығыңыз. Оның ішінен өзіңіз жасай алатын нәрселерді таңдап, сол жақтағы сиқырлы қағазыңызға қайта жазыңыз.
  • Одан кейін сізге қиын болып көрінетін немесе қолыңыз жетпей жүрген жұмыстарды таңдап алыңыз да, бәрін көмекшіге сеніп, оң жағына көшіріңіз.
  • Осыдан кейін, көмек үшін сиқырлы әлемге алғыс білдіре отырып, тізіміңіздегі нәрселерді жүзеге асыруды бастаңыз.

Сіздің жоспарлаған  тізімдегі барлық нәрселер ең сиқырлы түрде шешіле бастайды! Мүмкіндіктер есігі өздігінен ашылады, бұл үшін қажетті адамдар қажет уақытта пайда бола бастайды. Тек сеніңіз және барлығын ризашылықпен жасаңыз!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ