Тақырыбы: Өсімідіктерге топырақтағы микроорганизмдердің әсері
Жоспар
І. Кіріспе
Өсімдіктерге топырақтағы микроорганизмдердің әсері
ІІ. Негізгі бөлім
А) Активотарлардың топыраққа әсері
Ә) Тыңайтқыштардың топырақтағы рөлі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімідіктерге топырақтағы микроорганизмдердің әсері
Жоғарыда топырақтағы микроорганизмдердің көптігін, олардың кейбір топтарының белгілі бір өсімдіктердің тамырларының айналасында тіршілік ететінін анықтайды.
Әйткенмен, көптеген ғылыми деректер тамыр айналасындағы (азотобактерлер, түйнек бактерия-лары, микоризалык саңырауқүлақтардан) басқа микроорганизмдер ролінің толық анықталмағанын көрсетіп отыр. Микроб — активаторлар. Топырақ микроорганизмдері-нің бірқатары әр түрлі биологиялық актив заттар бөліп шығарады. Бұларда түрлі витаминдер, .ауксиндер, амин қышқылдары және т. б. кездеседі. Осындай микроорганизмдерді биологияда — микроб-активаторлар деп атайды. Микроб — активаторлар түқымның шығымдылығын арттырады, өскіндердің дамуын тездетеді. Кейде олар өсімдіктердегі биохимиялык процестердің бағытын өзгертеді. Мәселен, арзидия тамырының айналасына бактериялар жиналмаса немесе оның тканіне енбесе, ол өсімдік өспейді. Өссе де гүлдемейді, деімек жеміс бермейді. Ал тамырына бактериялар енсе, ол жаксы өсіп дамиды да гүлдейді.
Топырақта жеке тіршілік ететін, атмосфера азотын сіңіре алатын микроорганизмдердін, бірқатары өсімдіктердің кейбір түрлерінің жақсы өсіп дамуына көмектеседі. Мәселен, бактериялар сүзіндісін ортаға қосқанда бүршақтың жақсы өсетіні анықталған. Кейбір актиномицеттер мен саңырауқүлақтар да өсімдікке осындай әсер етеді.
Актиномицеттерден және басқа микроорганизмдерден алынатын кейбір химиялық таза заттар, мәселен, гибберилин және сол тектес заттар өсімдіктердің өсуіне, дамуына қолайлы жағдай жасайды. Соңғы жылдары өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуына себеп болатын сы заттарға көп көңіл бөлінуде. Бұл заттар гибберелла және фузариум саңырауқұлақтарынан алынады. Гибберилинді бірінші рет 1926 жылы жапония оқымыстысы Куросава ауруға шалдық-қан күріш өсімдігінен бөліп алады. Күріштің осы ауруы Жапонияда көп таралған. Ауру өсімджтің жаоырақтары сарғайып солады да, сабағы ұзарып кетеді. Гибберелла саңырауқүлағынан алынған гибберилиннің 1 мл сүйықтықтағы 0,01 мг-ы бүршақ өсімдігінің өсуін жақсартады. Сонымен қатар гибберилин бидайдың т. б. өсімдіктердің өсуін жақсартатыны анықталған. Гибберилиннің активтігі сонша, онымен капуста, сәбіз, қант қызылшасы және бас-қа екі жылдық өсімдіктерге әсер еткенде бүл өсімдіктер бірінші жылдың өзінде түқым береді.
Тіршілік әрекеті барысында түрлі активті заттар түзетін қабі-леттілік тек саңырауқүлақтарда ғана емес, сонымен қатар, бактерияларда да болады. Жалпы топырак бактерияларының 50%-де осындай қасиет бар.
Топырақта өздерінің тіршілігі нәтижесінде өсімдіктердің өсуінтежейтін заттар бөлетін микроорганизмдер де бар. Оларды микроб — ингибиторлар деп атайды. Олар өсімдіктер тканіне еніп,өзінен зиянды улы заттар бөліп шығарады. Мүндай микроорганизмдер адам мен жануарлар қоректенетін тағамға түсетін болса, организмге аса қауіпті улар түзеді. Топырақта тіршілік еткенде олар түқымның өнгіштігін, өскіннін, бір қалыпты жетілуін тежейді, сейтіп дақылдар өнімділігін төмендетеді.
М и к р о б — антагонистер. Топырақ микроорганизмдері-нің ішінде олардың басқа топтарының тіршілігін тежейтін немесе біржолата құртып жіберетін топтары да бар. Бұларды микроб-антагонистер деп атайды. Микроб-ингибиторлар мен микроб-антагонистер арасында айта қаларлықтай айырмашылық жоқ.
Микроб-ингибиторлар жоғары сатыдағы организмдерге (өсімдіктерге) әсер етсе, микроб-антагонистер төменгі сатыдағылардың, (микроорга-низмдердің) енііп-өсуіне, дамуына нүқсан келтіреді. Микроб-антагонистер бөлетін заттарды антибиотштер деп атай-ды. Антагонизм күбылысы ерте бастан-ақ зерттеушілер назарын аударған болатын. Л. Пастер, И. И. Мечников және олардың замандастары микроорганизмдер дүниесіңде антагонистік қүбылыс барлығын анықтап кейбір түрлерін зерттеген еді. Мәселен, Пастер топалаң ауруын тудыратын микроорганизмдердің, тауыіқ обасын тудыратын микробтарға қарсы күресе алатындығын аныктады, ал Мечников сүт қышқылы бактерияларының шіріткіш микрооргани-змдерді қүртып жібере алатындығын ашты. Міне осының иегізінде, ол адамның іш-сүзек ауруларына шипа ретінде сүт тағамдарын.
Мерзім ішінде қүрамында бактериялардың көптеген топтары бар көңнен 9,017 г көмір қышқыл газы бәлінген. Көң ыдырағанда көмір қышқыл газынан басқа метан, сутегі және молекула күйіндегі азот бөлінеді. Бұл газдар тек аэробты ғана емес анаэробты жағдайда да бөліне алады. Газдармен қатар сірке, құмырсқа, пропион, май және сүт қышқылдары да түзіледі. Сақтау барысында көң қүрамындағы клетчатканың 20—35%-тейі ыдырайды. Қеңде аэробты және анаэробты бактериялармен қатар клетчатканы жақсы ыдырататын актиномицеттер мен зең саңырауқүлақтарыда тіршілік етеді. Міне осындай микроорганизмдер тобының бірлесіп тіршілік етуінің арқасында ғана клетчатка ыдырай-И ды. Азотты заттардың ыдырауының барысында кеңнен аммиа|с бәлінеді. Мүның мөлшері, әсіресе көңде мочевина болған кезде көбейеді. Газ күйіндегі аммиак тез үшып кетіп, көңде азот мөлшефі азаяды. Бүл жағдайды болдырмау үшін мал қораларында тәсен іш ретінде шымтезекті пайдаланады. Әдетте қосылған шымтезек кө ңді тез қышқылдандырады, соның нәтижесінде мочевинаның ыдырггауы баяулайды.
Белок қүрамындағы күкірт — күкірт сутегі күйінде бөлінеді. Аммонифи-кация процесі, аммонификациялаушы бактериялардың әсерінен жүреді және олардың 1 г көңдегі саны 600 миллионға дейін барады. Барлық аммонификациялаушы бактериялардың ішіндс шар тәрізділерінің үлесіне 57%-тей, протеус бульгарисқа—18%-тей, ішек таяқшасына—17,7%-тей, бациллус микойдес пен мезентери —4,5%-тей тиеді. Көңді егістікке шашу алдында оның құрамындағы бактерияларының сапасы д.а езгеріске үшырайдьь Мұндағы жалпы бактериялар мөлшерінің 6,6%-ті шар тәрізділер, 13%-ті спора түзушілер болады. Көң нығыздалмай үймеде сақталса, денитрификациялаушы бактериялар тіршілік етеді де оның құрамындағы азоттың 50%-тейіысырап болады. Ал көң жақсылап нығыздалса, шығын шамасы 1,5—2%-тен аспайды. Азот тек молекула күйінде емес, сонымен қатар аммиакқа айналып та ысырап болады. Бұл кезде ортада . организмге оңай сіңетін азотсыз заттар болса (углеводтар, орга-никалық қышқылдар), онымен көң микроорганизмдері коректеніп, түзілген аммиакты өз денесінің белоктарына айналдырады.
Ал азотсыз заттар болмаса ол денитрификациялаушы бактериялардың әсерінен молекулалық азотқа айналып, ауаға тарап кетеді. Сондықтан көңді сақтағанда онда анаэробты жағдайды жасайтын барлық шараларды тиімді қолдану қажет. Сол сияқты нитрификациялаушы ібактериялардың тіршілігі де анаэробты жағдайда баяу айды. Осыған сәйкөс азот косылысын тотықсыздандыратын дени,рификациялаушы бактериялардың тіршілігі де тежеледі. Егер нитрификациялаушы бактериялар қаулап өссе, ортада азот қышқы-лының түздары — нитраттар да көп жиналады. Көңнің ыдырау барысында, азотпен қатар, едәуір мөлшерде фосфор қышқылы да кемиді. Зерттеулерге карағанда фосфор қышқылының жалпы мөлшерінің 40%-тейі көңді жақсы сактамаудан шығын болатыны анықталған.
Бұндай жағдайда көңдегі микроорганизмдер фосфор қышқылының түздары — фосфаттарды фосфорлы сутегіне дейін тотықсыздырады, ал фосфор сутегі көңнен ауаға таралып үшып кетеді. Қөңді дүрыс сақтағанда фосфор және азот элементтері де жақсы, шығынсыз сақталады. Ауыл шаруашылық практикасында көңді көң қоймасының жанында үймеде немеое нығыздап, яғни салқын әдіспен сақтау жиі кездеседі. Салқын әдіспен сактағанда көңді ердене (штабель) етіп нығыздаіп сақтайды. Бұл кезде көңнің ішінде ауа калмаріды. Ол азотты шығынға ұшырататын микроорганизмдердің тіршілігін тоқтатады. Көңді сақтаудың бұл тәсілінің тиімді жағымеы қатар кемшілігі де бар. Басты кемшілігі — ісалқын әдіспен сақталған көңде летчатка өте нашар ыдырайды. Денитрификациялаушы бактерия-лар әсерінен көңдегі азоттың белгілі бір мөлшері ысырап болуы мүмкін. Бұл құбылысты болдырмау мақсатында В. Р. Вильямс ұсынған көңді аэробтыанаэробты тәсілмен сақтау тәсілінің зор маңызы бар. Ол былай жүзеге асырылады.
Алдымен көнді нығыздап үйеді. Сонда көң қызып, оның температурасы+70—72°-қа дейін кәтеріледі. Бұдан кейін көңді жақсылап нығыздайды да үстіне тағы да қопсыңқы етіп көң тәгеді. Біраздан соң бүл қабатта нығыздала-ды. Сөйтіп, бүл жүмысты үймедегі көң биіктігі 2 ж-ге жеткенше жүргізе береді. Өздігінен қызу кезінде азоттың біраз мөлшері шы-ғынға үшыраса да, бүл тәсілдің тиімді жағы бар. Көң қызғанда арам шөптер тұқымының өсу қабілеті жойылады, ауыл шаруашы-лык дақылдарына зиянкес түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар қырылады. Кейде кеңге осы зиянкестерді қүртатын түрлі антисептиктерді қосу да жақсы нәтиже береді. Ауыл шаруашылық практикасында жасанды органикалық тыңайтқыштарды қолдануда жүзеге асырылып отыр. Оны түрлі ауыл шаруашылык өнімдерінің қалдықтарынан қорда түрінд даярлайды. Бұл үшін ұсақталыо, ылғалданған сабанды 10—15 см қалыңдықта төсейді де азот, фосфор және калий тыңайтқыштарымен жақсылап араластырады, оның үстіне тағыда көрсетілген қалыңдықта сабан төсеп, қайтадан жоғарыда аталған тынайтқыштарды қосады.
Биіктігі 1 м-те жеткен соң бұл жұмысты тоқтатады. Осын-дай қоспада микробиологиялық процестер активті түрде жүре бастайды. Осының салдарынан температура көтеріледі де ондағы кейбір бактериялардың тіршілігі жойылады. Бүдан кейін қорда биіктігі 3 м-те жеткенше жоғарыдағы жүмысты қайталай береді. Қорда даярлауда сабан мен іминерал тыңайтқыштар мына төмен-дегі арақатынаста алынады: Ұсақталғансабан— 10 000/сг Су—2 000 кг Аммоний сульфаты—5—7 кг Суперфосфат—10 кг Бор—20 кг Осы қоспада микробиолоғиялық ороцестің әсерінен температура + 60°-ка дейін жоғарылайды.
Органикалық заттардың ыдырауы мүнда екі сатыда, яғни аэробты және анаэробты жағдайда жүреді. Химиялық қүрамына қарағанда бүл қоспа әдеттегі көнге үқсайды. Жалпы мүндай корданың тиімді жері — жай сабанды егістікке шашқаннаи гөрі, көрсетілген тәсілмен қорда даярлап, пайдаланған анағүрлым жаксы нәтиже береді. Бірақ қорда даярлау барысында азот шығыны едәуір артады (50%-ке дейін). Әрине бүл оның пай-дасыз жағы. Осы пайдасыз жақтарын болдырмау мақсатында М. В. Федоров қорда даярлауда пайдалы микроорганизмдерді колдануды үсынды. Сабанды калий, фосфор, азот тыңайтқыштары-мен араластырғанда оған азотобактер мен целлюлоза ыдыратушы бактерияларды қосқан жөн.
Бүл азот мөлшерін біршама арттыра-ды. Сабандағы клетчатканың ыдырауы барысында түзілген угле-водтармен азотобактерлер қоректенш, атмосфера азотын сіңіре алады. Сәйтіп, ортадағы азот мөлшері артады. Қорда етіп даярлаған қоспадағы азот мәлшері қүрғақ затқа шаққанда 1,5%-тей болады. Сонымен қатар туралған сабанды көрсетілген тыңайтқыштармен анаэробты жағдайда өңдеуге де болады. Бүл тәсіл кезінде азот ысырабы байқалмайды. Қорда жақсы сақталады. Сейтіп, әдет-тегі көң болмаған кезде жасанды жолмен даярлауға мүмкіндік туады.
ІІІ.Қорытынды
Актиномицеттерден және басқа микроорганизмдерден алынатын кейбір химиялық таза заттар, мәселен, гибберилин және сол тектес заттар өсімдіктердің өсуіне, дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Микроб-ингибиторлар жоғары сатыдағы организмдерге (өсімдіктерге) әсер етсе, микроб-антагонистер төменгі сатыдағылардың, (микроорга-низмдердің) енііп-өсуіне, дамуына нүқсан келтіреді. Микроб-антагонистер бөлетін заттарды антибиотштер деп атайды.
Органикалық заттардың ыдырауы мұнда екі сатыда, яғни аэробты және анаэробты жағдайда жүреді. Химиялық қүрамына қарағанда бұл қоспа әдеттегі көнге ұқсайды. Жалпы мұндай корданың тиімді жері — жай сабанды егістікке шашқаннан гөрі, көрсетілген тәсілмен қорда даярлап, пайдаланған анағұрлым жақсы нәтиже берді. Бірақ қорда даярлау барысында азот шығыны едәуір артады (50%-ке дейін). Қорытындылай келе отырып, өсімдіктерге топырақтағы микроорганизмдердің әсері өте күшті екенін білдік. Себебі, әртүрлі тыңайтқыштар топырақ құрамына нәр беріп, құрамын толықтырып отырды. Тек құрамында болып қана қоймай, өсімдіктер дүниесіне үлкен пайдасын тигізді.
Сайынова Әйгерім Қойшығұлқызы
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе селосы
«№7 мектеп-лицейі» ММ