Сингармонизм заңы

0
19280

Жоспар
1. Сингармонизмге жалпы түсінік
2. Буын үндестігі
3. Дауыстылардың үндесуі
4. А. Байтұрсыновтың сингармонизм туралы зерттеуі
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер,үй-де-гі-лер-іміз.
Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, — қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.
Мысалы: Хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
Мысалы: сентябрь – ге, октябрь – ге, апрель – ге, рольдер, рояльға, нульге 2. –Рк, — нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Ескерту: Мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан – жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады:
— мен (-бен, — пен): қалам – мен, ағаш – пен;
— паз: әсем – паз, өнер – паз;
— қор: пәле – қор;
— қой: сән – қой;
— кер: жұмыс – кер;
— дік (-нікі, — тікі): колхоз – дікі;
— кеш: арба – кеш;
— хана: шеберхана
— күнем: пайда – күнем.
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Мысалы: кі-тап-тар, пи-о-нер-лер.
Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.
Мысалы: депутат-тар-ға, пио-нер-лер-ге, қызмет-ші-лер-ге.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік –о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.
Оған:
1. Алғашқы буындағы –о немесе –ұ дыбыстары екінші буындағы –ы дыбысын – ұ – ға айналдырады.
Мысалы: орын – орұн, құлын – құлұн. Ал ашық дауысты –а дыбысына –о – ның да, -ұ – ның да әсері байқалмайды.
Мысалы. орақ, құлан
2. Алғашқы буындағы –о немесе –ұ дыбыстары екінші буындағы –і дыбысын – ү – ге айналдырады.
Мысалы: көрік – көрүк, күдік – күдүк
3. Алғашқы буындағы –ө немесе –ұ дыбыстары екінші буындағы –е дыбысын – ө – ге айналдырады.
Мысал: өлең — өлөң, күрек – күрөк
Мұны жинақтап, мына секілді схемамен көрсетуге болады:
1. Жуан дауыстының еріндікке алмасуы: -о — ы -ұ, — ұ — ы — ү
Мысалы: Орын – орұн, құлын — құлұн
2. Жіңішке дауыстының еріндікке алмасуы:
а) ө — і — ұ, ү — і — ү
Мысалы: көрік – қөрүк, күндік — күндүк
б) ө — ее — ө, ү — е — ө
Мысалы: өлең — өлең, күрек – күрөк
Езулік дыбыстардың еріндікке алмасуы тек қана айту нормасына жатады, жазуда оны елемейміз.
Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады.
Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2. Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.
1. Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм.
Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. М: ауыл – дар – дан.
Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға икемделіп, жіңішке түрде жалғанады. М; ел – дер – ден.
Түбірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен – саран аффикстерді (қосымшаларды) еске алмағанда, түркі тілдерінде қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – оларға тән және қалыптасқан заңдылық.
Түрік тілдерінде қосымшасыз түбір сөздің құрамы екі – үш буыннан құралғанда, ол буындардағы дауыстылар да не бір өңкей жуан (тамыр, тоқсан), не бір өңкей жіңішке (көңіл, көлеңке) түрде келеді. Бұл айтылғандарды түркі тілдерінен байырғы лексикасына қатысты деп түсіну қажет.
Анығырақ айтқанда, біркелкі жуан буындардан немесе біркелкі жіңішке буындардан құралған сөздер көбінесе байырғы сөздер болып табылады. Жуанды – жіңішкелі аралас буындардан құралған сөздер басқа тілдерден енген сөздердің тобына енеді. Аралас буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның ыңғайына икемделіп жалғанады. (кітап — қа, мұғалім – ге, антоним — дер)
Лингвальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде де аффикстердің басым көпшілігі түбір сөздегі дауыстының ыңғайына (жуан немесе жіңішке болуына) қарай алғанады да, бірен – саран аффикстер ғана үндесуден сыртт қалып, бір вариантта ғана ұшырасады. Олар мыналар:
Қазақ тіліндегі – нікі, (-дікі, — тікі) аффиксі, (баланікі, әкенікі, досымдікі, қарындастікі), -паз, — қор, — кеш, — гөй, хана аффикстері (өнерпаз, білімпаз, дүниеқор, пәлеқор, ақылгөй, асхана, шеберхана).
2. Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis «еріндік» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуі бұл түрі ері үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің барлығына да бірдей тән болатын болса, лабиольдық сингармонизм, біріншіден, түркі тілдерінің әрқайсысына көріну дәрежесінің өзі әр түрлі. Атап айтқанда, ерін үндестік заңы орын тепкен түркі тілдерінде алдыңғы буынның ерін дауысты сынық соңғы буынның немесе буындардың дауыстысына еріндік болуы жағынан әсер етуі түрліше болады.
Мысалы: түркі тілдерінің кейбіреулерінде еріндіктің өзінен кейінгі езулік дауыстылардың тарапынан болса, қайсыбіреулерінде тек қысаң еріндік дауыстылардың тарапынан болады, сондай – ақ түркі тілдерінің кейбіреулерінде алдыңғы буындағы еріндік соңғы буындардағы дауыстылардың бәріне бірдей әсер етсе, енді біреулерінде тек ашық немесе қысаң езулікке әсер етеді. Еріндік дауыстының әсері буын санының мөлшеріне қарай да ажыратылады. Мысалы: түркі тілдерінің кейбіреулерінде еріндік дауыстының әсері барлық аффикстерді қамтып, сөздің өн бойына тарайтын болса, қайсыбіреулерінде сөздің негізін ғана қамтиды, енді біреулерінде аффикстердің біреуіндегі ғана дауыстыға әсер етіп, басқаларына әсер етпейді. Лабиальды сингармонизмнің табиғаты лингвальдық сингармонизмге қарағанда өте — мөте күрделі және оның сөз құрамындағы келесі буындарға әсері түркі тілдерінің әрқайсында түрлі – түрлі болады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген – А. Байтұрсынов.
А. Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпиға арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.
А. Байтұрсынов ерін сингармонизімің негізін ғылыми ізденістер жүргізбеген, оның себебі, біздің ойымызша, ерін сингармонизімінің қазақша сөйлесім процесінің мәні мен қызметінің әлсіздігінде, сондықтан қазақ индивидінің есту қабілетінің (фонологиялық елегінің) айқын қабылдамауында.
«Сингармонизм» терминін тіл білімінде бірінші болып қолданған Х. Досмұхамедұлы. Сингармонизмді (әлем тіл білімінде) тұңғыш болып «дауыстылар гармониясы» ұғымында емес, жалпы «дыбыстар гармонисы» ұғымында түсініліп зерттеулер жүргізілген.
А. Байтұрсынов «сингармонизм» термиін қолданбаған, бірақ қазақ тілінің әліпбиін жасағанда дыбыс жүйесін зерттегенде «сингармонизм – сөз құрамындағы барлық дыбыстардың үндестігі» ұғымында нық тұрған. Яғни, А. Байтұрсынов пен Х. Досмұхамедұлының сингармонизмді түсінулері, қазақ дыбыс жүйесін зерттеулері бір ғылыми теорияға негізделген.
Қазіргі қазақ тілі фонологиясы А. Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармониялық концепцияларынан мынадай ғылыми ұғымдарды қабылдап, дамытты.
1. Сингармонизм – қазақша тілдесінің негізгі қасиеті.
2. Сингармонизм тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы (дауыстылардың, дауыссыздардың).
3. Жуандық – жіңішкелік корреляция (қарама — қарсы).
4. Сингармониялық дыбыс – сөз мағынасын өзгертетін тіл құралы.
5. Поэзия түсінігі (дыбыстың сөз құрамындағы орны, өзінен ілгері және кейін тұрған дыбыстармен қарым — қатынасы).
Осы фонологиялық ұғымдар қазақ тіл білімінде күрделі ғылыми интерпретацияға ие болып, т.б. сингармониялық ұғымдармен, категориялармен, принциптермен қоса зерттеліп, сингармониялық және акцентті – фонемалық теориялардың пайда болып, қалыптасуына ғылыми негіз болды.
Сингармонизм – гректің Sun “бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, — қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
2. –Рк, — нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік –о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.
Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2. Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген – А. Байтұрсынов.
А. Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпиға арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ