Сөйлем түрлерін қайталау (Ашық сабақ)

0
3802

Тақырыбы: Сөйлем түрлерін қайталау  (8-сынып)

Мақсаты: Жаңа заман талабына сай шығармашыл,өз тілін қорғай алатын, өз бетінше әрекет ете алатын, ойын еркін жеткізе білетін,  қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта. Сәйкестендіруге тапсырма.Графикалық тест парақшасы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:  ( 3 мин)

1.«Жүректен жүрекке» сабақта ынтымақтастық орнату үшін, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

  1. Топқа бөлу. Суреттер арқылы. Суреттерді дұрыс құраса, өлең жолдары бар, сол өлең жолдарының қандай сөйлемдерден тұрғанын түсіндіреді.

ІІ.Үй жұмысын оқыту.  «Сөйлем» ертегілер  (7 мин)

Ерте, ерте ертеде, Синтаксис деген үлкен елде Сөйлем деген қария өмір сүріпті. Ол қарияның төрт ұлы болыпты. Төрт ұлы төрт түрлі болған екен. Үлкен ұлы бар ісіне тиянақты, тыңғылықты, екіншісі тек сұрағанды жақсы көреді, ал үшінші ұлы бірде ренжіп, бірде қуанып жүреді, кенжесі  бұйырып сөйлейтін ерке болыпты. Қария ұлдарының  түрлі мінезді болғандығына қарамастан  оларды  ақылмен жұмсай біліпті.

  1. Балалар, ертегі не туралы? Сөйлем туралы

2.Біз қай саланы оқып жатырмыз? Синтаксис

3.Бұлар қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?

4.Олардан кейін қандай тыныс белгілер қойылады?

СЛАЙД. Сабақты Елбасының осы сөзімен бастаймын.

                                Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.  Н.Н.

“Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеп, қанатын кең жаюы тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп келе жатқан барлык халық үлес қосуы керек. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз керек, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек”.

  1. Сабақтың тақырыбы айтылады

2.Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

І  тапсырма. Сәйкестендіру.

Сөйлемге тән қандай белгілерді қаншалықты меңгергенімізді көрсетеміз (3мин)

  1. Сөйлем аяқталған ……………… . (ойды білдіреді).
    2. Сөйлем сөзден ………………….. . (құралады).
    3. Сөйлемдегі сөздер ……………. . (бөлек жазылады).
    4. Сөйлемнің бірінші …………….. . (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
    5. Сөйлемнің соңына …………….. . (нүкте қойылады).
    6. Хабарлы сөйлемнен кейін …… . (нүкте қойылады).
    7. Сұраулы сөйлемнен кейін ….. . (сұрақ белгісі қойылады).

8.Лепті сөйлемнен кейін …..            (леп белгісі қойылады).
ІІ  тапсырма. Алған суреттеріне тақырып қойып, шағын мәтін құрайды. Сөйлем түрлерін қатыстыруға тырысуымыз керек. Сурет бойынша үш түрлі тапсырма.(5мин)

1-топ. Мәтін  жазады  (Айтыс)

2-топ. Диалог құрайды (Ұстазым)

3-топ. Өлең жазады  ( Ана тілім)

СЛАЙД.       ІІІ  тапсырма.   Есте сақтау диктанты  (5-мин)

 Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

 Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

                                Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың!

ІҮ тапсырма. Тақтамен жұмыс.  Талдау жасау. ( 5мин)

Әр топтан бір-бір оқушы тақтада орындайды.

1-топ. Сөз құрамына талда.

Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.

2-топ. Сөйлем мүшесіне талда.

Асқарға анамның да мейірімі ерекше еді.

3-топ. Фонетикалық талдау

Ұстазым

Ү тапсырма.  Графикалық тест.

ҮІ тапсырма .     СӨЗЖҰМБАҚ

3 топқа бір-бір сөзжұмбақ беріледі, дұрыс  шешкен жағдайда үш сөзжұмбақтан бір сөйлем шығу керек.            (Апталық  құтты  болсын!)

Сөзжұмбақ №1

А п т а л ы қ
  1. Суреттеу, баяндау, хабарлау мақсатында айтылатын сөйлем
  2. Бүгін күн қандай тамаша! …сөйлем
  3. Біз өтіп жатқан тіл білімінің саласы
  4. «менің дәптерім» байланыстың қай түрі
  5. Тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы
  6. «алтын сағат, он оқушы» байланыстың қай түрі
  7. Сұрау интонациясы арқылы жасалатын сұрақ

Сөзжұмбақ №2             

қ ұ т т ы
  1. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістік
  2. Етістіктің ерекше түрі
  3. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысады
  4. Адамның көңіл күйін білдіретін сөйлем
  5. Ертең сабақтан қалма!

Сөзжұмбақ №3

б о л с ы н

1.Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістік

  1. «бестен, оннан» қандай сан есім?
  2. Тиянақты ойды білдіреді
  3. –ып,-іп,-ғалы,-гелі жұрнақтары арқылы жасалатын етістік
  4. Сөз бен сөзді байланыстырады
  5. « кеше келді, төмен ұшты» байланыстың қай түрі?

Үйге тапсырма.

Тіл туралы 5 мақал жаттау

Сөйлем мүшелері деген тақырыпты оқу.

Әр топ басшысы топтағы оқушылардың сабаққа қатысуына қарай балл қойып отырады.

Бағалау парақшасы

Тапсырма Аружан Санжар Темірлан Мирас Нұрсая Бақыт
1 Үй жұмысы (Ертегі)
2 Сәйкестендіру
3

1-т.Мәтін құрау «Айтыс»

2-т.Диалог құрау «Ұстаз»

3-т.1 Шумақ өлең құрау «Ана тілім»

4 Сөйлем талдау
5 Есте сақтау диктанты
6 Графикалық тест
7 Сөзжұмбақ
Бағасы

 

Алматы қаласы

№176 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Елшібекова Шолпан Орымбайқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ