Спирттер және фенолдардың реакциялық қабілеттілігі

0
8640

Әдістемелік талдаманың мазмұны\r\n\r\n \r\n\r\n Тақырыбы: Спирттер және фенолдардың реакциялық қабілеттілігі\r\n\r\n       Сабақтың мақсаттары:\r\n\r\n Білімділік: спирттер мен фенолдардың реакциялық қабілеттілігін, оларға тән химиялық реакцияларды білу\r\n\r\n     \r\n\r\nТәрбиелік: оқушыларды білімдерін талдай білуге,салауатты өмір салтын насихаттау арқылы адамгершілікке, өз ойын тұжырымдап айта білуге  \r\n\r\n \r\n\r\n Дамытушылық: оқушының білімді өздігінен түсініп, шығармашылықпен жұмыс жасауын,пәнге деген қызығуын,ынтасын,қиялы мен қабылдауын арттыру\r\n\r\n \r\n\r\n       Сабақтың түрі: теориялық\r\n\r\n      Сабақтың типі: жаңа инновациялық технологияларды(СКТ) оқу процесіне енгізу \r\n\r\n       Өткізу әдісі:_сөздік әдістер тобы (әңгіме,әңгімелесу,сұрақ — жауап), түсіндіру-иллюстрациялық,сарамандық әдіс\r\n\r\n       Сабақтың көрнекілігі:   тірек сызбалар, кесте, Венн диаграммасы,химиялық ыдыстар, реактивтер, интерактивті тақта, компьютер\r\n\r\n     Пәнаралық және пәнішілік байланыстар\r\n\r\n     Пәнаралық байланыс:\r\n\r\n      Қамтамасыз ететін пәндер: Химия 9 кл нег, биология,тарих\r\n\r\n      Қамтамасыз етілетін  пәндер: Биохимия,ішкі аурулар\r\n\r\n      Пәнішілік байланыс: Спирттер және фенолдар\r\n\r\n      Пайдаланылған әдебиеттер:\r\n\r\n      Негізгі оқулық: Патсаев Ә.Қ,Жайлау С.Ж «Органикалық химия негіздері» 38-57\r\n\r\nЕ.М.Шайқұтдінов,Т.М.Төреханов,А.Ш.Шәріпханов «Органикалық химия» 170 – 206\r\n\r\n       Қосымша  оқулық: Қ.Сейітқалиев «Органикалық химия » 74- 88,\r\n\r\n       Н.А.Тюкавкина «Органикалық химия»\r\n\r\n \r\n\r\nСабақтың барысы\r\n

    \r\n

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. \r\n

\r\n1.Оқушыларды түгелдеу\r\n\r\n2.Оқушылардың, аудиторияның сабаққа дайындағын тексеру\r\n\r\n \r\n\r\n2.Тірек білімдерін актуализациялау-немесе өткен тақырып бойынша білімдерін бақылау \r\n\r\n \r\n\r\n                                 1.Бренстед пен Лоуридің қышқыл мен негіз \r\n\r\n                                      туралы протолитикалық теориясы\r\n\r\n                       2.Г.Льюистің электрондық теориясы\r\n\r\n               3.М.И.Усановичтің қышқыл мен негіз туралы жалпылама теориясы\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n                                                 \r\n\r\n                                                     Спирттің алынуы\r\n\r\n \r\n\r\n                                  Құрамында қантты заттары                                                                    \r\n\r\n                                 бар тағам өнімдерін ашыту                                                     \r\n\r\n                           С6Н12О6 →2 С2Н5ОН + 2СО2\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n                            Целлюлозаны гидролиздеп алу                 \r\n\r\n                           (С6Н10О5)n + nН2О →nС2Н5ОН\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nЭтил спиртін әр түрлі жолдармен алады. Соның бірі – глюкозадан (жүзім қанты) ашытқы қатысында мына жалпы реакция бойынша алады:\r\n\r\n      С6Н12О6 →2 С2Н5ОН + 2СО2\r\n\r\n     Глюкоза\r\n\r\nМұндай жолмен алынған спирт таза болады,тамақ өнеркәсібінде және медицинада пайаланылады.Целлюлозаны гидролиздеп алынған спиртті гидролиз спирті деп атайды: (С6Н10О5)n + nН2О →nС2Н5ОН\r\n\r\nБұл әдіс өте тиімді,себебі тамақ өнімдері, картоп,бидай пайдаланбайды.Бірақ гидролиз спиртінде басқа қосымша өнімдер болады,соның бірі – метанол,сондықтан мұндай спирт көбіне техникада қолданылады,тамақ өнімдері үшін пайдалануға болмайды      .\r\n\r\nФенолдың алынуы\r\n\r\n \r\n\r\nФенолды хлорбензолды\r\n\r\nгидроксилдеп алады                                          \r\n\r\n \r\n\r\nС6Н5СI + NaOH→  C6H5OH + NaCI                                                \r\n\r\n \r\n\r\nКумолдық тәсілмен бензол\r\n\r\nмен пропиленнен алады\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nН3С – СН – СН3                              \r\n\r\n \r\n\r\n      С                                                                                                                     \r\n\r\n \r\n\r\n     НС       СН              Н2SO4\r\n\r\n                     + О2                        C6H5OH + CН3 – СО – СН3                                                                    \r\n\r\n     НС       СН                                                                                                            \r\n\r\n \r\n\r\n       СН\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n2.Физикалық қасиеттері                                          Физикалық қасиеттері                       \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n           С6Н5ОН                                                                       С2Н5ОН\r\n\r\n \r\n\r\n          Түссіз кристалды зат                                                   Түссіз сұйықтық\r\n\r\n \r\n\r\n                Өзіне тән иісі бар                                                         Өзіне тән иісі бар\r\n\r\n \r\n\r\n                Суда ериді                                                                    Тығыздығы 0,8 г/см3\r\n\r\n \r\n\r\n                 Балқу температурасы 41,2 0С                                   \r\n\r\n                                                                                                      Қайнау температурасы 78,30С\r\n\r\n \r\n\r\n                                                                                                  Суда,бензинде,бензолда ериді\r\n\r\n \r\n\r\n                                                                                                      Көгілдір жалынмен жанады\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1.   №1 Сарамандық  жұмыс
  2. \r\n

\r\nСпирттердің тотығуы\r\n\r\n \r\n\r\nЖұмыс барысы:  Пробиркаға 3 тамшы этил спиртін,калий дихроматының түйірін және бірнеше тамшы концентрленген күкірт қышқылын құямыз.Қоспаны баяу қыздырамыз.Сол кезде ерітіндінің түсі жойылып, сірке альдегидінің иісі сезіледі. Хром алты валенттіктен үш валенттікке дейін тотықсызданады. Реакция теңдеуін жазыңыздар.\r\n\r\n3С2Н5ОН +К2Cr2O7 +4 H2SO4  =  K2SO4 + Cr2(SO4)3 + 7H2O + 3CH3COH\r\n\r\n \r\n\r\n              №2 Сарамандық жұмыс\r\n\r\n            Натрий фенолятын алу\r\n\r\n \r\n\r\nЖұмыс барысы:\r\n\r\nАздаған кристалдық фенолды 10% NaOH ерітіндісінде ерітеді. Натрий феноляты алынады. Оған 10% НСI ерітіндісінің 1 мл қосады. Ерітінді майланып бос күйіндегі фенол түзілгенін көрсетеді.\r\n\r\nC6Н5ОН +NaOH = C6Н5ОNa + H2O\r\n\r\n \r\n\r\n             \r\n\r\n4.Фенол мен спирттердің қышқылдық қасиетін салыстыру\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Салыстырмалы сипаттама  \r\n\r\nҚасиеттері
Фенолдар Спирттер
 \r\n\r\n1 Металл туындылардың түзілу жағдайлары Фенолға сілтімен әсер еткенде феноляттар түзіледі\r\n\r\nС6Н5ОН + NaOH →C6H5ONa + H2O Сусыз ортада спирттерге сілтілік металдар әсер еткенде алкоголяттар түзіледі\r\n\r\n2СН3ОН + 2Na →2CH3ONa + H2
2 Судың металл туындыларға әсері Аздап гидролизденді, судағы ерітідісі сілтілік қасиет білдіреді Су қтысында алкоголяттар толық гидролизденеді
3 Қорытынды Фенол – әлсіз қышқыл Спирттердің қышқылдық қасиеттері фенолға қарағанда әлсіз

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n5.Оқытушы: Спирттердің адам денсаулығына әсері туралы толық мәлімет алу үшін сөз кезегін дәрігерге берейік.\r\n\r\nДәрігер – нарколог: Алкоголь наркотикалық  затқа жатады. Ол адамның денсаулығын нашарлатып, өмірін қысқартады, жұмыс қабілетін кемітеді, адамды азғындайды. Алдымен жүйке жүйесіне ,әсіресе миға, мидың қабығына иянды әсерін тигізеді. Созылмалы маскүнемдікке салынған кеселдің белгісі – ұмытшақтық, ми қабілетінің кемуі. Егер маскүнемдердің ішкі сарайын дәрігерлік көзбен шолып өтсек, жан түршігерлік жағдай көрген болар едік. Арақтан алдымен асқазан бұзылады, қарын қабыну (гастрит) ауруы басталады. Арақты қойып емделмесе, ол қарынның жаралы (язва) ауруына, не обырға (ракқа) айналып кетуі мүмкін. Ал спирт ыдырағанда бауырға күш түсіп, цирроз ауруына душар етеді,яғни  бауырдың жасушалары үлпілдек, өте нәзік, уы күшті алкоголь шабуылына шыдамай тез уланады. Алғашында қанның көп құйылуынан бауыр ісініп, үлкейеді. Одан кейін кішірейіп, жиырылып қалады. Арақ жүрек пен қан тамырларына да зиянды әсер етеді.\r\n\r\nСпирттер ағзаға өте зиянды әсер етеді. Әсіресе метил спирті күшті у.Ол тіпті аз мөлшерде ішкенде көз, жүйке жүйесін зақымдап су қараңғы соқыр етеді. Оның 5-10 мл мөлшерінен ағза қатты уланады, ал 30 мл – ді өлтіріп жіберуі мүмкін.\r\n\r\nОқытушы:Әңгімеңізге көп рахмет.Спирттердің адамзаттың әлеуметтік жағдайына әсері жөнінен бізге демограф әңгімелеп береді.\r\n\r\nДемограф: Егер ішімдіктің зиянын сан арқылы көрсетсек: мың адамға шаққанда жүйке жүйесінің аурулары мен дүниеге келген сәбилер 80% , жарақат алатындар 60%, уланатындар 30%, созылмалы аурулардың қозуы 10% құрайды. Ішімдіктің жасөспірімнің оқу үлгеріміне зиянды әсері: нашар оқитындар – 75,5%, орташа оқитындар – 22,9% т.б. Арақтың әсерінен көптеген жанұялар бұзылып, тастанды балалар көбейіп,  адамзаттың өсуіне қауіп төніп отыр. Сондықтан спирттердің  өндірістегі маңызды ролін көріп қана қоймай, әлеуметтік – демографиялық жағына да көбірек көңіл аударуымыз керек.\r\n\r\nБиолог: Метил спирті денемізде тотығып формальдегидке айналады, ал формальдегид көптеген ферменттер үшін улы зат, ол ферменттердің белсенділігін төмендетеді, жүретін реакциялар тоқтайды да организм тіршілігін жояды. Этил спирті әсіресе жасөспірімдер үшін қауіпті, ол гипофиздің өсу гормоны – самотропиннің синтезделуін тоқтатады. Организмнің өсуі тоқтап,жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады, түрлі аурулар пайда болады. Ересектер арақты көп ішсе жүйке, бұлшықет, көз, жүрек, бауыр жасушаларында жүріп жатқан реакциялар жылдамдығы бәсеңдейді, мишықтың қызметі төмендеп тепе – теңдік бұзылады, сондықтан жалпы организм ауру күйде болады. Пропил спирті немесе пропанолдың реакцияласуына әсер ететін фермент жоқ, сондықтан ол адам организмі үшін өте қауіпті.Алкоголь адам миын, жүйке жасушасын улайды. Арақ эриторциттерді бүлдіріп, қылтамырларды бітеп,қанның денеге таралуына кедергі жасайды, сөйтіп денеде оттектің жетіспеуіне әкер соғады. И.П.Павлов «алкоголь – жүйке жүйесін сал ауруына ұшыратады» деді.\r\n\r\nӘрине спирттердің адамға зиянды әсері көп. Дегенмен адамзат үшін оның тигізетін пайдасы  да бар. Ол туралы эколог және фармацевтикалық зауыт директоры әңгімелеп береді.\r\n\r\nЭколог: Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында адамдар көлік ретінде пайдаланатын машиналардың саны өскен.Көліктерден шығатын газдардан ауа ластанып,қалалардың экологиялық жағдайы нашарлап барады. Ол газдардың құрамында көміртегі оксидтері, азот оксидтері,альдегидтер, күйе т.б. улы заттар болады.Машина отынының құрамына әр түрлі спирттер қоспасын қосу арқылы одан бөлінетін көміртегі (ІІ) оксидінің,көмірсутектердің, альдегидтердің мөлшерін азайтуға болады.\r\n\r\nФармацевтикалық зауыт директоры: Спирттер фармацевтикалық өндірісте кеңінен қолданылады. Этил спирті күшті еріткіш болып табылатындықтан, ол дәрілік заттарды экстракциялауда пайдаланылып, әр түрлі дәрілердің тұнбасы алынады. Глицерин – үш атомды спирт, көптеген майлар мен жақпаларға қосымша қоспа ретінде қосылады.\r\n\r\nОқытушы: Алкоголь адамзаттың жауы болып табылады, өте ерте кезде пайда болған. Ең алғаш он бесінші ғасырда алхимиктер жасап, дәріханаларда дәрі ретінде сатқан. Кйбір адамдар көптеп пайдаланып, ішуге үйір бола бастады. Сол кезде адамдар оның зиянын біліп, күрескен. Спирттердің адам ағзасына, оның әлеуметтік жағдайына теріс әсерінен басқа пайдалы жақтары да бар екен. Сондықтан оларды тиісті мөлшерде пайдалануымыз керек.\r\n\r\n \r\n\r\nТапсырма№2\r\n\r\nТөменде берілген мәтінде жазылмаған сөздерді жазыңдар.Этил спиртінің қасиеттері мен қолданылуын түсіндіріңдер.\r\n

    \r\n

  • Этанол – түссіз ………….зат,………..иісі бар және ……..дәмі бар, қайнау температурасы ……..Судан …….. Онымен ……..қатынаста араласа алады.
  • \r\n

  • Жеңіл ……….,ауада әлсіз жарық шығара отырып …….түсті жалынмен жанады.
  • \r\n

  • Медицинада дәрілік өсімдіктерден әр түрлі ………..дайындауда, сондай – ақ ……..үшін де қолданылады.
  • \r\n

  • Косметика мен парфюмерия өндірісінде этанол …… мен ……..сулар үшін ………ретінде қолданылады.
  • \r\n

  • Этил спирті ……….және ………каучук өндіруде,………..қышқылын алуда қолданылады.
  • \r\n

  • Двигательдерде ……..ретінде; қара …….өндірісінде қолданылады.
  • \r\n

\r\n(Жауаптары:сұйық, өзіне тән, күйдіргіш,780С,жеңіл,кез келген, тұанады, көгілдір, спирттік,жеміс, сығындылар, дезинфекция,әтірлер, иіс сулар, еріткіш,бутадиенді,бутадиенстиролды,сірке, жанармай, оқдәрі).\r\n\r\n \r\n\r\nТапсырма №3                                                                                                        \r\n\r\nАдам ағзасына әсерін жазыңыз\r\n\r\n \r\n\r\n                                                       СН3ОН              Көздің көрмей қалуы\r\n\r\n \r\n\r\nГеппатит,цирроз                            С2Н5ОН\r\n\r\nСозылмалы алкоголизм\r\n\r\n                                                        С3Н7ОН               өкпенің қабынуы,\r\n\r\n \r\n\r\n Теріні күйдіріп,іріңдетуі              С6Н5ОН\r\n\r\n  анемия ауруы\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n5.Сабақты қорытындылау \r\n\r\n \r\n\r\nСабақтың форматын сайтта толық енгізу мүмкіндігі молмағандықтан, ашық сабақты мына жерден тегін жүктеп алсаңыз болады!\r\n\r\nСпирттер және фенолдардың реакциялық қабілеттілігі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ