«Құстар біздің досымыз» балабақша танымдық сабағы

0
6700
Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Шетпе – 2018 жыл.

Білім беру саласы: Комуникация,таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет, Ғылым орталығы, Аспаздық орталығы.

Типі: «Тәй тәй технологиясы»

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларға экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғау арқылы, құстар туралы толық мағұлмат беріп, олардың пайдасы туралы айту. Құстардың түрін, тіршілігі туралы білімдерін дамыту. Құстарға қамқор болуға , оларды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: түсіндіру, сұрақ жауап, көрсету, дид ойындар

Ғылым орталығы: Бөдене мен тауық жұмыртқалары

Аспаздық орталығы: Қуырылған картоп, майонез, жұмыртқа , қияр салат жапырырағы, тақтай

Көркем әдебиет орталығы: слайд, құстар суреттері.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң, қайырлы күн.

Күліп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіздерме қонақтар

Балaлар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше , өйткені көптеген қонақтар келді.

Балалар жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар: наурыз, сәуір , мамыр.

Жарайсыңдар балалар, олай болса көктем мезгілінің табиғатын айтайық.

Балалар:Ағаштар бүршік атады, жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайтып келеді.Әдемі гүлдер, шөптер өседі. Күн жылынады.

Бүгін үш орталықта оқу қызметтері жүретін болады. Аспаздық, Ғылым көркем әдебиет орталықтары.

Орталықтарды таңдайық.

Аспаздық орталығы:

Балалар аспаздық орталығына қош келдіңіздер.Балалар тәтті салат жасамас үшін қолымызды жуып, алжапқыштарымызды киеміз.

Үйде аналарымызға көмектесесіздерме?Балалар құстың жұмыртқасының көп пайдасы бар екен. Жұмыртқаны пісіріп те шикілей қолдана аламыз екен.Бүгін біздер құстың ұясы атты салат жасайтын боламыз.Ол үшін бізге жұмыртқа, қияр,қуырылған картоп, майенез, тауық еті және жасыл жапырақ қажет.Бірінші тәрелкемізге жапырақты бөліп салайық. Енді үстіне тауық етін саламыз.Әр салған тағамдарымызды мұқият саламыз.Енді қияр мен қуырылған картопты саламыз.Үстіне майонез салып жұмыртқаның сарысын әдемілеп қояйық. Тәтті салаты жейтін кезде араластырып аламыз.Ал олай болса іске сәт жасаймыз.Өте жақсы жарайсыңдар. Сендерге ұя салаты ұнадыма , дәмі қалай екен?Қолымызды жуып, алжапқыштарымызды шешеміз.

Ғылым орталығы:

Балалар ғылым орталығына қош келдіңіздер.

Қар мұз еріп су көбейіп

Сай салада ағады

Қой маңырап, төл жамырап

Жайлау малға толады

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? Көктемде.

Жұмбақ жасыру:

Басында айдары бар

Иегінде сақалы бар. ( Әтеш.)

Балалар мына дыбыстар ненің дыбыстаы?

Балалар: Құстар дыбыстары.

Құстар дала және үй құстары болып екіге бөлінеді. Менің қолымда екі жұмыртқа бар.Бірі кішкентай, бірі үлкен екен. Кішкентай бөдененің ал үлкені тауық жұмыртқасы . Қайсысы үй құсы?

Балалар: екеуіде үй құсына жатады.

Ал балалар білесіңдерме жұмыртқаның да сыртын пайдалануға болады .Жұмыртқаның сыртын суға салып қою арқылы үй гүлдеріне құйса гүл жақсы өседі екен. Жұмыртқаның пішіні сопақша , сыртында қабықшасы ,ішінде ақ уызы ,сары уызы,сары уызы шашқа тырнақтың жақсы өсуіне тістің жылтыр болуына пайдасы зор. Тауық етінің сорпасы мен жұмыртқасы адамағзасына өте пайдалы. Ал бөдененің жұмыртқасын шикілей ішсе көп пайдасы бар екен.Құстың ұясын бұзуға болама ?Құсқа қамқор болуымыз керек.Қолымда шикі жұмыртқа бар .Енді осыны қазір жарайын енді ағын бөлек ,сарысын бөлек ыдысқа саламын .Ағы сұйық ал сарысы сары дөңгелек пішінде қоюланған сұйықтық секілді.Ал енді піскен жұмыртқаның сыртын ашайық.Сырты қандай қаттыма?Ал енді піскен жұмыртқамен шикі жұмыртқаның ағы мен сарысын салыстырып қарайық.Піскен кезде аппақ ал дөңгелек сары болып пісті.Жұмыртқаның сыртын қолымызға ұстап уақтап көрейікші. Жұмыртқаның сырты қатты , қытырлаған дыбыс шығып жатыр .Түсі өзгердіме?Жарайсыңдар балалар, оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар көп рахмееет.

Көркем әдебиет орталығы:

Ақ сарйын талқандап

Шықты біреу талтаңдап.(Тауық.)

Күн бата қонақтап қалқыған

Таң ата жерден жем аңдыған(.Әтеш)

Басы тарақ, құйрығы орақ

Кеудесі қайқаңдап

Жүреді байпаңдап.(Қаз)

Ай далада ақ отау.(Жұмыртқа)

Сұрақ — жауап:

Мынау ненің суреті?

Әтеш қандай дыбыс шығарады?

Мынау ненің суреті?

Тауық қандай дыбыс шығарады?

Үйрек қандай дыбыс шығарады?

Мынау ненің суреті?

Қаз қандай дыбыс шығарады?

Мынау тауық. Ол денесі кішілеу, үсті толы мамықты қауырсын болады.Бас бөлігінде екі көзі, тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар.Бірақ тым биікке ұша алмайды.Мынау екі аяғы.Тауық қыт қыттайды.Мынау әтеш.Оның дене бітімі тауықпен бірдей болып келеді.Әтеш ку ка ре ку деп дауыстайды.

Мынау балапан. Балапан сап — сары ,жұмсақ мамықты болады.Тауық ең көп тараған құстардың бірі.

Осы танысқан құстар үй құстары деп аталады.Себебі олар үйдің жанында асыраймыз,күтіп бағамыз.

Дидактикалық ойын: «Үй құстары мен дала құстарын ажырату»

Адамдар осы құстарға қамқор көрсетіп ,қоректендіріп қарайды.Жұмыртқасын ,етін адамдар жейді.Жүнінен жастық көрпе жасайды.

Қандай үй құстарын білесіңдер?

Әтеш қалай дауыстайды?

Үй құстардың сыртқы құрылысын ата?

Үй құстардың адамдарға қандай пайдасы бар?

Жұмыртқадан не пісіруге болады?

Қандай ойын ойнадық?

Күтілетін нәтиже

Білуі керек: Құстарды ажырта білу,адамдарға пайдасын,үй құстарының түрлерін,олардың дыбысталуын білу керек.

Қолынан келеді: Балалар үй құстары туралы олардың пайдасын және қажеттілігін біледі, қамқорлық жасай алады.

МКҚК «Айналайын» балабақшасы
Саубетова Гүлнұр


ПІКІР ҚАЛДЫРУ