ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

0
3092

Бастауыш сыныпқа қадам басқан  бала үшін алғашқы ұстаздың жөні бөлек.  Оң-солын енді таныған бала үшін ұстаз әріптің ғажабы мен  санның сиқырын үйрететін мұғалім.  Баланың тәртіп мінезінің қалыптасуы мен  дұрыс тәрбиесінің дағдысының авторы да осы ұстаз.  Бізідң кейіпкеріміз — Алматы қаласы Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Нұрғожина  Ляйля  Қасқанқызы.

Әр ұстаз –  білімнің шырағы.  Осы шырақтың жарық болуы ұстаздың білім мен біліктілік  жолындағы тынымсыз ізденісінің жемісі. Ляйла Қасқанқызы  кәсібінің шеберлік ұстаханасында шыңдалып жүрген маман.  Ол еліміздегі педагогтардың біліктілік арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында курсты үздік тәмамдады. Орта білім мазмұнын жаңартудың біліктілігін арттырды.

Білім берудегі жаңашылдық  — әр ұстаздың жарыққа жағар шамы. Білікті болу – білім капиталы.   Оқушылардың алған білімдерін жай қабылдамастан, сол ілімді орынды жерде қолдана білуін басты назарда ұстау жаңартылған білім мазмұының басты талабы.  Бізідң кейіпкеріміз де ұстаздар арасында үнемі коучингтер өткізу арқылы оқыту стратегияларын, түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді үйреніп келеді. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  аудандық форумында ықшам сабақ көрсетіп көпшілік көңілінен шықты. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  және ғылыми –педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың ұйымдастыруымен өткізілген қалалық директорлардың семинарында «Жаңа форматтағы ұстаз» тақырыбында сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін басшылыққа ала отырып, коучинг өткізді. Біздің ұстазымыз республикалық «Мен және менің коучингім» байқауына қатысып, «Креативті коуч» номинациясымен марапатталды.

«Білім беру мазмұнын жаңарту  жағдайында мектепті басқару» атты республикалық директорлардың семинарында коучиг көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепті басқару аясында өзгерістермен тәжірибе алмасу» атты республикалық семинарда коучинг өткізді. «№148 мектеп-гимназияның білім беру бағдарламасы және оны жүзеге асыру тәжірибесі » атты қалалық семинарда 1-сыныптармен «Теңдеу шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізіп,  жаңартылған оқу бағдарламасының оң нәтиже беріп жатқанын шәкірттерінің білімі арқылы дәлелдеп берді.

Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы ұйымдастырған 2017 жылдың «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы атанып, «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» жобасында ұстаздық шеберлігін, шығармашылық ізденісін жоғары дәрежеде танытқан үшін «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» жобасының арнайы медалімен марапатталды. Білім беру ұйымдарындағы 1-4 сыныптар үшін вариативті, элективті курстар бағдарламалары бастауыш сыныптар үшін жинағына 2016 жылы «Математика  курсы» атты авторлық  бағдарлама жазып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сыни ойлауға баулитын тапсырмалар арқылы шыңдай түсті.Ұстазды Алматы қаласы Білім беру басқармасы шығармашылдық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін деген құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұстаздың еңбегінің айнасы – оқуышларының білім жарыстарына қатысуы. Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонында 11 оқушы  жүлделі 2-орынды иеленді. Қалалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында 2 оқушысы жүлделі орындарды иеленіп жеңіс тұғырынан көрінді. «Кенгуру- математика для всех» Халықаралық интеллектуалды байқауына қатысып, білімдерін сынады. «Білім жолы» зияткерлік марафонына оқушысы Шинчир Амир қатысып, білім деңгейінің жоғары деңгейін, ой ұшқырлығын  көрсетсе,  Байқадамов Сұлтан «Таланттар академиясы» интернет көркем сурет және қолөнер көрмесіне ерекше дарынды еңбектерімен ерекшеленді. Халықаралық «Адам және табиғат» атты байқауда шәкірттері 3-жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. «Мен әлемді  танимын» атты бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген зерттеу жұмыстарының аудандық байқауында шәкірті Көшекбай Аян 2-орынды иеленді.  Ұстаздың ұлағаты – шәкірттерінің  білімінің еселенуінде.  Кейіпкеріміздің шәкірттерінің оқудағы жемісі таусылмайтын қазына.  Сондықтан сол қазынаны байытатын ұстаздарымыздың білімі мен білімі жарық шаммен тең. Оның қоғамды ағартуда,  жаңартуда жарығы мол болмақ.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ