Ұстаз психологиясы

0
2979
Әбіш Кекілбаев

Ұстаз психологиясы

Жоспар:

1. Педагогтың ұстаздығы мен шеберлігі туралы ұғым.

2.Сабақта оқушылармен қатынас жасаудың ерекшелігі.

3. Тәрбие жұмысында оқушылармен қатынас жасаудың сипаты.

4. Педагог мамандығына лайықты сапалар:

а) педагогтық идеялық сенімі

ә) педагогтық қабілеті

б) педагогтық ұстамдылығы

в) әділеттілік және абырой

Ұстаздық шеберліктің нендей түрін дәлелдеуге де себеп принципі негізгі роль атқарады. Бұл принцип бойынша адамның, соның ішінде педагогтардың да ісі, келген шешімі себепсіз болмайды. Педагогтың әр ісінің жемісті болып келуін содан шығатын нәтиже ғана шешеді.

Ұстаздың оқушылармен күнделікті жасалатын қатынастардың бәрі сөз арқылы іске асады. Сөздік қатынасты екіге бөледі. Біріншіден, сөйлесудегі сөздердің көбі ақыл, кеңес беру жөнінде айтылады. Ақыл айтып, кеңес берудің өзі оқушының істеген ісін қостамай, қателігін мойындату үшін, керісінше оның ісі ұнамды болған жағдайда, осыны баланың өзіне сездіру үшін қолданылады. Екіншіден, кейде балаға осы сияқты сөздер жетпегенде оған қатты талап қатып, қолданатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданады.

Екінші бір шеберлік – мезгілді созып алмау үшін орынсыз еткерту жасауға әуес келмей, ескертулердің көпшілігін бет құбылыс дауыс арқылы жеткізе білуде. Осындай тәсілді өзінше сипаттап көңілмен білдіру әдісі деп атайды.

Келесі бір шеберліктің түрі – оқу мазмұнын оқушыларға қарай ықтамшап, егер олар түсінбеген жағдайда, түсіндірудің басқа жағын іздестіру болып табылады.

Мұғалімнің талап қойғандағы қолданатын әдістемелері. Қатал болудың әсерлері әр түрлі. Қалдықты балаларға үнемі наразылық білдіріп, не болса соны ескертуге әуес келу деп түсінбеу керек.

Біріншіден мұғалім оқушылардан тапсырманы міндетті түрде орындауды талап ете отырып, соның қажет екенін жанамалы жолмен түсіндіреді.

Екіншіден кейде тәжірибесі мол, сабағына жетіп мұғалім дейтіндердің арасында да ұстамсыз келіп, өзін жақсы меңгере алмайтыны кездеседі: мысалы, оқушының жауабын аяғына дейін тыңдамай басып тастау т.б. қаталдықтың осы түрін бірінші түрімен салыстырғанда, нәтижелі келеді деп айтуға болады.

Мектеп тәжірбиесінде педагогтардың «жұмсақ» деп салатын қасиеттерінің көпшілігі оқушыға талап ете отырып, әрқайсысының жеке басына сенім білдіруден тұрады. Бұл қасиеттің ілгеріде айтылған «талап» деп аталатын қасиеттен өзгешелігі сол, мұнда тілді сыпайылықпен алдыру негізгі роль атқарады.

Жұмсақ келіп, әр нәрсенің мәнін оқушының ақыл-ойына қондырылып айту, көп жағдайда ұтымды келгенімен, бұл тәсілді үнемі қолдана беруге кейде уақытта бола бермейді және оқушы соған түсінбей, арқа сүйеп кетуі мүмкін. Ал қатал келіп, оқушылардан тапсырманы орындауда міндетті түрде талап ету, шеберлікпен жүргізілсе, ұтымды. Өйткені әуер кезден бастап баланы тәртіпке үйрету үшін, оған жұмсақ сөз өтімді келмеген жағдайда, қатты талап ету қажет. Мұндай әдіс оқушыны өз ісіне жауапкершілікпен қарауға төселдіріп, күдінтен беуге үйретеді. Бірақ үнемі қатал болам деп педагог оқушыларды өзіне қарсы қатып салса, онда бұл нәтиже бермейді.

Келесі бір мәселе мұғалімнің идея тұрғысынан сауатты келіп, сабақта оқушыларға идеялық тәрбие беруге әрқашанда даяр болуы қажет. Егер мұғалімнің идеялық жағынан сенімі терең болмай, өзі балаларға үлгі бола алмаса, оның сөзі де оларға өтілді келмейді.

Педагогтың идеялық сеніміне оның өмірге дүниеге көз қарасының қандай болып келуі де жатады. Егер мұғалімнің дүниеге материалистік тұрғыдан көзқарасы терең қалыптасып, ол өз сабағындағы әр түрлі процестерді, сол көзқарас тұрғысынан алып қарап, түсіндіре алатын болса, өз шәкірттерін дұрыс тәрбиелей алады.

Мұғалім өз жұмысына икем келіп, шебер болуын білдіреді. Педагогтың негізгі мақсаты жас буындарға білім беру болса да, білімі терең адамдардың бәрі педагог мамандығына бірдей қабілетті келмейді. Себебі педагогтың жұмысқа қабілеттілік біліммен ғана бағаланбай, оқу-тәрбие жұмысын қандай әдіс қолданып өткізумен бағаланады. Күнделікті жағдайда айталық, бір кісі өзгелерге өзінің ойын түсіндірерде, осына қандай жолмен, нендей әдіс қоланып жеткізем деп қиналмайды, айтайын деген сөзінің мазмұны туралы ойланатын болады.

Ал педагог мамандығының ерекшелігі сол, мұны ол оқу материалының мазмұны жөнінде ойланып қана қоймай, осыны қандай жолмен, қолмай жолмен, қандай әдіспен оқушыларға жеткізем деген ойда болады. Сондықтан оқу мазмұнын шәкірттерге түгел жеткізе алу – педагогтың қабілеттіліктің негізгі бір түрі болып саналады. Сондай-ақ тәрбие жұмысын жүргізе алуға қабілеттіліктің өзіндік ерекшеліктері де кездеседі. Қабілеттіліктің осы түрінің неше түрлі сипаты болса да, осыған баланың ішкі жан дүниесін жете біліп, тәрбиеші соған қарай өзінің сөзін, жұмысын ықшамдап бейімдей алуы жатады.

Педагог мамандығына лайықты қабілеттіліктен бұл екі түрін бірінен бірін бөліп алып қарауға болмайды. Себебі сабағын жақсы білетін мұғалімнің сөзі тәрбие жұмысында балаларға өтімді. Сондықтан қабілеттіліктің бұл жеке түрлері өзара тығыз байланысты. Тәрбие жұмысындағы интуицияның негізгі мәні – педагогтың әр істің нендей нәтижесі аператының алдын ала біле алуы.

Сонымен қатар, педагогтың ұйымдастыру жұмысына келуі оның мамандығына лайықты қабілеттіліктің бірі болып саналады.

Себебі оқыту және тәрбие жұмысының жемісті болып келуі кластағылардың ұйымдастыра алуға байланысты м/п сабақты жүргізу үшін, оны жоспар, оқу материалының бірлігінде және оның біртіндеп белгілі (б) мөлшермен жүргізу қажет. Сонымен қатар оқу материалымен жетілдіре меңгеруге тырысу.

Оқу-тәрбие жұмысындағы қабілеттіліктің алуан түрлеріне бір кісінің ие болып қиын. Бірақ бұл жағдайда ие болған педагогты «дарын» деп атайды.

Әдетте шебер педагог біреудің тәжірбиесін өзінің жұмысына сол қалпында бірден қолданбайды, аз да болса соған өзгерістер енгізіп, өз жұмысына ықшамдап әкеліп қолданады, тіпті өзгелердің емес өзінің тәжірбиесін түзетіп отырады. Немесе мүлдем өзгертіп жылдан жылға өзінің кәсіптік деңгейін көтеріп отырады.

Педагогқа лайықты сапардың ішінен, оның өз еркіне ие болып, ұстамды келуі ерекше орын алады. Педагог мамандығының ерекшелігі объектілерге бөліп, көп нәрселерді есінде сақтап, ол үнемі көпшіліктің көз алдында болады.

Бұл жас педагогтарға оңай соңлайды. Педагог қатты ойда болып тұрғанда кластағылардың бірі тәртіп бұзса, оның ашуланбауы қиын. Сондықтан педагогтың ұстамды келуі негізгі роль атқарады.

Ұстамдылық дегеніміз ашуланбай, тек сабырлық білдіру емес. Бұл қасиет негізңнде, педагогтың өзін-өзі меңгеріп, ептілікпен тәртіп туғандарды тәртіпке шақыруы. Егер педагог бұл қасиетке ие бола алса, онда кластағылар да көбіне тәртіпті келеді. Ұстамдылық деген қасиетке мұғалім бірдемеге кеуілсіз болып келген жағдайды, соны кластағыларға білдірмеуі де жатады.

Ал кейде тым аса көңілді де бола бермеуі керек. Сабақтан ауытқып әуесқой болмауы керек.

Әділеттілік пен абыройлықтың арасында біте қайнасқан бірлік бар. Себебі әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді. Бірақ абырой тек әділетті болуға қарай келмей, педагогтың өз жұмысына шебер келіп, көп еңбек сіңіруге де байланысты келеді. Абырой ең қымбатты қасиеттің бірі бола отырып, соғы өзге біреудің күшімен немесе кездейсоқ нәрсе арқылы ие болып кетуге болмайды қорқыту арқылы абыройлы болам деген қате түсінік.

Сонымен қатар балаларға жақсы көрінем деп талап қоюға болмайды. Себебі кейбір жұмсақ сөздер біреулерге жақса, екіншілері ерсі көріп күліп отырады. Сонымен бірге абыройды өзінің өмірбаянын айтып мақтану арқылы жинаймын деген қате пікір.

Әдетте кім өзінің сабағын жақсы жүргізіп, соған оқушылардың ықыласын туғызуға еңбек сіңірсе, сол олардың арасында абыройлы болады. Бірақ кейде осының өзі де жеткіліксіз. Себебі сабақты жақсы түсіндірмеумен қатар, педагогтың жан дүниесі әдемі келіп, оқушыларға білім берумен ғана шектелмей, сонымен бірге ақылын айтып, әділетті келіп, қамқорлық жасайтын болса, абыройлы бола алады.

Оқушылар арасында абыройлы елу мен оларға әділетті көзбен қараудың арасында бірлік бар дегенде, абыройдың қалыптасуына әділетті келуідің негізгі әсер ететінін айтады. Әділеттілік дегеннің өзін кейде кеше түрлі мағынада түсінуге болады. Мысалы: педагогтың оқушылар арасында сүймейтін, сүйетіндері болмай әрқайсысына бірдей әділетті қарап, бұларды тек істеген ісіне қарай бағалауы керек.

Әділеттілікке педагогтың оқушыларға қолданған шараларының, олардың істеген қылығына сай келе алуы да жатады.

Сонымен қатар, әділеттілікті деп осындай мағынасында түсінбей, мұны жас буындарға адамгершілік көзбен қарау деп те түсіну керек. Адамгершілік яғни гулназим деп оқушыларға қатты талап қоя отырып, сонымен бірге оның жеке басына сенімділік білдіру де айтады. Әдетте, бала тәрбиеленуші, ал үлкендер тәрбиесі болып есептеледі. Сондықтан бала өз ұстазадырының айтқанын орындап, білім алуға, әдепті болуға талпынуы шарт. Осы пікір негізінде дұрыс болғанымен соны үнемі сол мағынасында түсінбей керек. Демек, оқушы әзірге үлгі алушы болса да, оны үнемі солай деп қарамай, қазірдің өзінде-ақ үлкен азамат деп қарау керек.

Оқушылар арасында абыройдың қалыптасуына әсер ететін тек ақыл айту ғана емес. Оның өтінішін, арызын басының аяғына дейін таңдай алу да көп нәтиже береді.

«Мен адаммын, маған адамгершілік қасиеттердің бәрі де теріс емес» деген сөзді үнемі басшылыққа алып отырса, олар шәкірттерінің алдында абыройлы болып, оларды тәрбиелеуде өз мақсатына жете алады.

Қолдданылған әдебиет

М.М. Мұқанов «Жас және педагогикалық психология» Алматы 1982

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ