STEM — білім беру

0
2498

№9 «Радуга» бала бақша — гимназиясында STEM — білім беруін еңгізу.

Биылғы оқу жылында №9 «Радуга» бала бақша – гимназиясы білім беру процесі жүйесінде STEM-білім беру элементтерін еңгізе бастайды. Бүгінгі таңда STEM-білімі жайлы санаулы ғана ата-аналардың нақты түсініктері бар.  Сонымен қатар STEM-білім беруі «техникалық мамандықтар және жаратылыстану-ғылымы бойынша білім беру» терминіне неғұрлым толық сәйкес келетін, бүгінгі таңда әлемдік білім беру күн тәртібінде ең өзекті тақырып болып отыр. (мектепке дейінгі мекемелер университетке дейінгі).

Оқу-тәрбие процесі кезінде тәрбиеленушілердің білуге құмарлығы мен зерттеу дағдыларын көтермелеу STEM-әдісін енгізудің алғашқы қадамы болып табылады. Оқу әрекетін ұйымдастыру үшін, тәрбиешілерімізге өз тәсілін және атқарымдарын ауыстырып, қайта қарауға, беделіді тәрбиешіні  рөлінен — оқушы рөліне ауысып, кішкентай зерттеушілерге бақылау мен талқылауға көбірек еркіндік беріп, көптеген нақтылайтын «Неге?», «Не үшін?», «Қалай?» сұрақтарына жауап беріп және шыдамдылық танытуларына тура келді. STEM-әдісін енгізу элементтерінің бірі, ол эксперименттік модульдер, білім беру бағдарламасынның кіріктірілген тақырыптары. Заттармен тәжірибе жасау арқылы, сәбилер қағаз  қасиеттері және тарихы туралы бәрін біледі, сондай-ақ, шыны заттардың әлеміне саяхат жасайды және де жеңіл пластмасса, матаның не екенін және басқа да көптеген заттар жайлы мағлұмат алады.

Мысалы, мата — жұмсақ, уқаланады, бояуы шығады, сусылдайды, ұстағанда жағымды сезіледі. Мақсатты тұжырымдау кезінде, тәжірибе барысы мен әдістемелерді талқылау кезінде, көргенін сөздік әңгімелеу арқылы қорытындылау, өз ойын анық жеткізе алуы, бұл эксперименттің барлық кезеңдерінде балалардың сөздік қорларының кеңейгендігін, сөйлеу кезінде оны дұрыс қолдануын, осындай жүйенің тиімділігін растайды.

Эксперименттік-тәжірибелік қызметі мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің қарапайым математикалық дағдыларын дамытып,- STEM-жүйесінің бірін құрайды.  Тәжірибе жүргізу кезінде үнемі нысаны мен мөлшерін санауға, өлшеуге, салыстыруға, анықтауға, тұрақты қажеттілігі туындайды. Бұның бәрі математикалық ұсыныстарыдың шынайы маңыздылығын ұғынуға ықпал етеді.

Таныс заттардың белгісіз қасиеттерін, ал таныс емес заттардың керісінше бұрыннан таныс және түсінікті қасиеттерін таба білуге үйрету —  педагогтардың басты міндеттерінің бірі. Және мұның бәрі еркін және қызықты атмосфералық ойындар, қиял және техникалық шығармашылық барысында дамиды.

Біздің балабақшамызда STEM-әдісін еңгізу, бұл балалардың мектеп қабырғасында жүргізетін ғылыми-техникалық зерттеулер, мәре алдындағы күй алаңы ретінде барлық педагогикалық ұжыммен қаралады.

STEM-әдісін пайдалану — инженерлік ойлаудың және ғылыми-техникалық шығармашылықтың негізін қалайтынына, біздің кішкентай тәрбиеленушілердің білуге және зерттеушілік шабытының өмір бойы сақталатынына біз сенеміз.

 

Маканова Г.К.

№9 «Радуга» бала бақша-гимназиясының әдіскері


ПІКІР ҚАЛДЫРУ