Сыбайлас жемқорлық — қазіргі заман дерті

0
8527

Сыбайлас жемқорлық  — қазіргі заман дерті, ғасыр ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған  мәселелердің  бірі. Бұл дерт Қазақстан сияқты дамушы елдің экономикасына  орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Тек қана экономика саласында ғана емес, мәдениет және спорт, білім салаларында да жемқорлықтың өрті шарпып тұр. Осы орайда ҚР Конститутциясында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң  аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.\r\n\r\n«Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тарихы 1992 жылы «Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 17.03. 1992 ж. № 684 Жарлығынан басталған.  Сол уақыттан бастап жемқорлыққа қарсы жұмыстар қарқынды  жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, оқушылар мен студенттер және де түрлі салада жұмыс атқаратын қызметкерлер арасында сауалнамалар мен семинар-тренингтер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, қоғамда БАҚ өкілдерінің көмегімен «Жемқорлық және оның салдары» туралы үгіт-насихат жұмыстары кең ауқымда қамтылды. Яғни, мемлекеттік мекемелер мен көшелерде жемқорлыққа қатысты банерлер ілініп, қоғамдық көліктерде видеороликтер халық назарына ұсынылды.\r\n\r\nӘлем елдеріндегі жемқорлықпен күрес жайлы айта кететін болсақ, Сингапур мен Гонгконгте қылмыс үшін жазалағаннан, ең дұрысы оның алдын алу принципі бойынша әрекет етеді. Бұл елдерде алдын алу шараларына тіреу етіледі. Оның үстіне сыбайлас жемқорлыққа айыпталушыға кінәсідік презумциясының принципі қолданылмайды, ол өзінің кіріс көздерін түсіндіруге міндетті. Германия мен Францияда сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар 6 жылдан 10 жылға дейін сотталуы немесе пара сомасынан екі есе көп айыппұл төлеуі мүмкін. АҚШ-та осындай қылмыс үшін жазалау мерзімі 5 -жыл бас бостандығынан айырады (немесе 10 мың долларға дейін айыппұл). Жапонияда жеті жыл түрме. Ал ең қатал жаза қазіргі Қытай елінде қолданылады. 1980 жылдардың басында қатаң экономикалық қылмыс жасалған үшін Қытай қылмыстық кодексінде «ату баптары» күрт көбейді. Қазір Қытайда сыбайлас жемқорлықтық үшін өмірлік сотталу немесе өлім жазасын алуға болады. Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға, анықталған сомадан пайыздық ақы төленеді екен.  Егер осы сынды қатаң жазалау түрлері біздің еліміздің де заң жүйесіне енсе, алпауыт мемлекеттермен иық теңестіруімізге кедергі келтіріп жатқан  мәселенің кең етек алуына тосқауыл болар еді. Жемқорлықтың құрығына түсетін де, оның көзін құртатын да халық. Сондықтан, парақорлық  дертін жоюда халық, қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.\r\n\r\nДайындаған: Сауықбай Ернат\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ