Менің досым, әлде жалқаудың досы!

0
1454
Достық\n

Таңның атысынан кештің батысы жанға рахат, көңілге тыныштық сыйлайды. Бұлай дейтінім, азаңмен күннің көзі — тауықтың шәңкілдеген дауысы секілді бозғылт шуағымен, тәтті шырт ұйқыдан оятатыны қытығыма тиетіні бар емес пе?! Ия, таңның атысымен күйбелең тіршілік басталып, қыбырлап, жыбырлаған жәндік, құмырсқа да азығын тауып, жұмысқа көшеді.

Менің бір досым бар. Дос дегенде де менің емес, жалқаулықтың, еріншектіктің досы секілді. Ол үшін таң не, түскі уақыт не — бірдей. Әрине, сарғайған сарғылт түстің кезінде енді оянып жатса. Оның өзінде айтатын сөзі мынау:

-Төф, бір ұйықтайын деп едім, таң атқалы бері бір тыныштық бермедіңдер ғой! Осы мен ұйықтасам барлықтарың келісіп аласыңдар ма?- деп тәтті ұйқысын қимай-қимай әрең тұрады. Тұрғандағы түрін көрсеңіз. Кейде бетіне айтып-айтып тастағым келеді де тұрады. Әттең досым, ертең қу түлкідей бұраңдалып, маған ренжіп, мені кіналап шықса тағы. Жалқаумен дос болған адамнан не тәйірі, не қайыр! Ұйықтаған бөлмесіне кіру деген мүмкін емес. Борсықтың сасық иісінен асып түспесе, кемімейтін шығар. Оның бөлмесіне кірудің өзі ерлік! 

Оны қоя тұр, анасының қойнында жатқандай жұп-жұмсақ мақтадай жастығын құшақтап, әлде бір бауға  байлаулы арсылдаған иттей аузынан сілекейі аққанда жүрегің айнып, мына көріністі көрген көзім шықсың дерсің… Мысықтар сияқты жылы төсегінен тұрып, сығылған кірдей керілгенде, сықырлаған сүйектері дәл бір шырт-пырт етіп сынып қалатын секілді. Ботадай көздерін қысқышпен қысып, дәл шар сияқты үріп, байлап қойған сыңайлы. Тек көзі ғана емес, бүкіл бет-ауызын үріп тастағандай. Дәл қазір ыстық отта қайнап, ысқырайын деп тұрған шайнек сияқты.

Досымның түріне қарап, маубастың түр-әлпетін көремін. Менің досым, тек жалқаудың, еріншектің досы ма?- деп жүрсем… Жалқау мен дос болсаң басқа да достарың 2 есе өсетінін білмеппін ғой. Досыма қарап:

— Маубас досың құтты болсын! дегім келгені. Не деймін оны да айта алмадым. Тағы сылтауратып:

-Мен шаршап жүрмін, жұмысым ауыр, бір ұйықтасам не болыпты. Осы сен неге менің кемшіліктерімді тайға таңба басқандай айт бересің кеп?  (МІНЕ, БӘРЕКЕЛДІ! Менің еститін жауабым осы болатын еді.)Досым ақыры ұйқысынан тұрды. Менен әдейі біліп тұра сұрайтын сұрағы қанымды қарайтады. Ол:

-Менің бет-ауызым ісіп тұрма? Түрім қалай өзі?

-Айналайын  қарағым, бет-ауызың қызанақтай қызараңдап, ұстап қалсаң жарылып, айналаны бүлдіретін сияқты. Сен бе әдемі? Осыдан кейін өзіңді әдемі санайсың ба? (Ия, мен бұл сөздерді айтқаным жоқ. Тағы да ренжітіп алуға қорықтым.)

-Ой достым, сенен асқан әлемде әдемі жан жоқ! Кім білсін, жалқау мен маубастың достары «ай десе ауызы, күн десе көздері» бар екенін. Тіпті айдан да, күннен де дәу. Енді достым, жерде тыж-мыж болып, жылан құсап иіріліп жатқан шаң-шаң жердегі киімін алып, киінгелі жатыр. Эх, қайран көздерім, тым құрыса сол киімді бүктеп, жинап қойса болады ғой. Аяқ қолы бар, сана-сезімі дұрыс, 12 мүшесі орында. Саудың тамағын ішіп, осындай қылықтарынан кейін шошқадан безгендей, досымнан да безгім келеді. Досымды шошқаға теңедім. Сөйтсем, досымның тағы да жаңа «салақтық» деген жолдасы пайда болыпты.

-Құттықтаймын досым! Жаңа досыңның қадамына гүл бітсін, өнсін, көгерсін. Бұл да сенің қолыңнан келеді. Сенің қалауың осы ғой. (Мен бұны да іштей айттым. Мен ішімнен қан жылап жаттым, мендегі ой досымды жоғалтып алғандаймын.)

-Достым таңғы ас, үй, түскі ас дайын болды. Жүр шай, тамақ ішейік. (Негізі не айтарымды, не айтқанымды түсінбей қалдым. Бірақ, оған бәрібір болатын). Жуынатын бөлме. Мен бақылау үстіндемін. Бұлақ көрсең көзін аш, ия достым үйдегі кранның көзін ашып жатыр. Су ағып жатыр, әлі ағуда. Ол болса қысық көзін, тыжырайған бетіп  уақалап тұр. Осы тұста:

-Әкеңнің мойыны керіктің мойнындай ұзын ба? Жуынбасаң суды бекерден-бекер ағызба! Обал ғой!(Айта алмадым) Осы тұста досымның «Ысырапшыл» деген  досы пайда болғанын түсіндім.( ЭХ, достым қайда ғана кетіп барасың?) Келесі көріністе жуынғанын бақыладым. Құрсын, мысық пен арыстанның өзі бес уақыт дәретін алып, бастан аяқ жуынатын шығар… Мынаның істеп тұрғанын қарашы? Суды былш-былш еткізіп, арыда-бері шалпылдатып жуынғанда, менің сөздік қорымда бұған айтар сөзім қалмады.

Ол үшін таңғы, түскі ас.

-Асың дәмді болсын достым! Тамақ жесін, мен өзім тамақты сүйсініп, қорытып, баппен, бітіріп, тауысып ішетіндерді жақсы көремін. Ас -ең қасиетті. «Ас атасы- нан» дегендей. Ал досымның тамақ жегені бір бөлек көрініс. Соғысқа қатысып, ашаршылықтан келгендей тамақты шашып, төгіп жеген кезде, көз алдыма тағы да шошқа елестеп кетті. Тамақ ішіп болған соң менен келіп, тағы сұрайды:

-Мен осы семіріп жатқан жоқпын ба?

-Ваххаахххаахха! Күлкіден жарылып кетем бе екен? Әрине шошқа құсап, жатып тұрып, тамақ ішіп, қайтадан жатсаң, жалқаудың досы болсаң, семіздік деген досың пайда болады!-деп айтқым-ақ келді.

-Жоқ, сенде барлығы дұрыс, қайдағы семірген. Болмашы, былапыт сөздерді айтпашы.

Тамақтанып болдық, әлде түстеніп болдық па немесе таңғы асты ішіп болдық па? Мен өзім түсінбей қалдым. Достым енді төсегінен әрең тұрып еді, қонақ бөлмедегі диванға жайғасты. Қарнын сипап, тоқ басып жатыр. Жатудан шаршамайды екен.

-Кішкене тұрып, тірлік істесеңші, қимылдасаңшы, үй жинайық, серуендеп қайтайық? Қалай қарайсың? 

-Шаршап тұрмын, басым ауырып тұр. Ертең де күн бар ғой! Ертеңге де бір жұмыс қалсын да! Осы сен бір отырмайды екенсің. Жатып демалсаңшы!

Мен аң-таңмын… Өзі жалқаумен дос болып, мені де өз қатарына қоспақшы. Жоқ, досым, маған бұл керек емес. «Жалқаудың ертеңі бітпес». Досым мен сені жоғалтып бара жатқандаймын.

-Неге осындай қармаққа түстің. Осы қармақты өзің іздеп бардың. Өзіңе қарашы, мен сенің осы қылықтарыңа көніп келдім. Себебі, сені жақсы көрдім, әлі де жақсы көремін! Сені жалқаулықты тастап, салауатты өмір салтын бастаушы жарқын жүзді кейпіңді сағындым. Қайтадан өз қалпыңа келші?! (Мен көз жанарымнан, ашты жастың қалай шыққанын да байқамадым. Өне бойым дірілдеп, жан дүнием астаң-кестең болып қан жылағанда, өз-өзімді ұстай алмай, досымның бетіне бар шындықты айтып тастадым. Бәлкім, осыдан шығар: «дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

Ары қарай не болғаны маған мәлім, сізге жұмбақ! Жалқаулықтан арылып, өзге де пайызбен қосылған достарынан арылса деген ниет. Достым, мен кім жайлы айтып отырмын деп ойлайсың?

 

Мөлдір АУБЕЛ,
«Тұран» университеті
Журналистика мамандығының студенті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ