Сыры көп Coca-cola. Газдалған сусындардың зияны

0
2785

Мақсаты: Өсіп келе жатырған келешек ұрпақтың қандай сусындар көп пайдаланатынын білу. Coca-cola-ның адам ағзасына келтіретін зиянын анықтау. Келтірер зияны болса, одан құтылу жолдарын анықтау. Сонымен қатар үй жағдайында Coca-cola-ның пайдалы тұстарын табу.

Бұл тақырыпты таңдауға анамның ықпалы өте зор болған. Себебі, балаларға, маған ата-аналарымыз коланы ішпеңдер, ол өте зиян деген сөздерін жиі естейтінбіз. Осы сөздерден кейін кока-коланы зерттеу керек деген ойға келдім. Осыдан кейін осы сусынның зияның, неден жасалғаның,қасиетін оқып,қарап,зерттей бастадым. Оған қоса өзім де зерттеу,жасау жұмыстарын жасадым. Осы тақырыпты қозғауды жөн көрдім. Бұл сусын 1886 жылдың 8 мамырында америкада атланта қаласында пайда болған. Шығарған джон пембертон. Оны алғашқыда дәрілік, емдік қасиеті бар деп жүйке жүесі ауруына шалдыққан науқастарға, дәріханаларда сата бастаған. Себебі, ол кезде кокайиннің зиян екені белгісіз болған.

Адам ағзасының 60 (пайызын) су құрайтыны бәрімізге мәлім. Күнделікті белгілі мөлшерде су ішіп тұруымыз қажет. Ал біз, көп жағдайда газдалған суындарды ішеміз. Бундай сусындардың ішінде, судан басқа, газдар мен қант мөлшері өте көп. Бундай заттар адам ағзасына түрлі әсер береді. Айтылғанның бәрі сүйектегі кальцийді азайтып, сүйектін әлсіздігіне әкеліп соқтырады.сонымен қатар ішек ауруларына шалдығу ықпалы көп. Тіс эмальі кетіп, тістердің сарғайуына әкеледі. Бул сусынды жиі ішкен сайын,ойлау қабілетіміздің тежеуіне ықпал етеді.

Кока-коланы тек сусын ретінде ғана емес, тұрмыстық жағдайларға да пайдалануға болады.

Бұл кока-коланың зияны мен қатар басқа да қасиеттері бар. Тек сусын ретінде ғана емес, тұрмыстық жағдайларда да пайдалануға болады. Кока-кола ауруды уақытша тоқтатады. Жаз кезінде шыбын-шіркей  шаққанда орынға құйып жіберсек, бірден әсірін береді. Темірдегі татты да кетіре біледі. Таттанған затты колаға біраз уақыт салып қойса тап-таза болып шыға келеді. Автокөлікті,терезені жақсы жуады. Жуып болған соң шүберекпен бір сүртіп алса, ешқандай із қалдырмайды. Сонымен қатар,тамақ дайындағанда кез-келген соусқа араластырып қосып жіберсе, керемет дәм береді. Еден жуар алдында суға кока-кола құйып сүртіп шықса, үйдің ішінде ароматты иіс пайда болады. Киімге сіңген қанды тез ерітіп, жойып жібереді. Бұл тәсілдерді шет елдерде қолданады.

Мен бұл жобаны өзімнің үлкен қызығушылығыммен жазып шықтым. Осы уақытқа дейін зерттеген зерттеген жобамның тақырыбын ашу бағытында көп ізденгенімді, жасаған тәжірибелерімді толықтай аша білу үшін қаншалықты тырысқанымды көрсеткім келеді. Міне, алдарыңызда тұрған жұмыртқа. Бұл тәжірибені жасау үшін 3(үш) ай уақыт кетеді. Алдымен, шикі жұмыртқаны алып, кока кола құйылған ыдысқа салып қойдым. Бір тәулік тұрды, бір апта, бір ай, тіпті 3(үш) айға жуық тұрды. Нәтижесінде бір тәулікте жұмыртқаның түсі өзгерді. Бір аптада түсі қоңырланып, қара бүртіктер пайда болды. Бір айда жұмыртқаның сыртындағы катты қабығы яғни, кальций үгітіле бастады. Міне, қазір сыртқы қабығы әбден үгітіліп, жұп-жұмсақ допқа айналды.

 

Екінші тәжірибем, екі ыдысқа кока кола құйып алдым. Бірінші ыдыстағы кока колаға – сүт, ал екінші ыдыстағы кока колаға – белезна құйдым. 10-20 минуттан соң бірінші ыдыстағы сүттің іріп кеткенін байқадым. Және екі ыдысқа құйылған кока коланың түстері өзгеріп, таза суға айналды.

 

Қорытынды

Газдалған сусындардың адам денсаулығына қаншама зиян келтіріп жатқанын байқағанда мен, қазақстанның кішкентай азаматшасы бола тұра бейжай қарап отыра алмадым. Менің кішкентай да, азғана зерттеу жұмыстарымның нәтижесі басқа балаларға ой салар деген үміттемін.осындай газдалған сусындардың адам денсаулығына қаншама зиян келтіріп жатқанын байқағанда бейжай қарап отыра алмадым. Сол себепті осы тақырыпты сынып жетекшіммен талқылай отырып, газдалған сусындардың адам денсаулығына зияны туралы осы жобаны жазуға бел будым.

Менің ұсынысым

Менің ұсынысым: кока-кола сусынының зияны, толықтай құрамы жөнінде қорапшада жазылса, ыңғайлы қорапта, қолжетімді бағамен табиғи ұлттық сусындар сатылар болса- энергетикалық сусындар нарықтан ығыстырылар еді. Сонымен қатар кока коланы басқа шетелдегідей күнделікті тұрмыста тазартқыш ретінде пайдалану.

 

Орындаған: С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебінің 2-сынып оқушысы Кенжебаева Фариза 
Жетекшісі: Урисинова Мереке

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ