Түбір. Түбірлес сөздер

0
15294
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І. Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту

1.1 Түбір. Түбірлес сөздер

1.2 Жұрнақ-жалғау
1.3 Қосымша

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі — мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.

Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.

  1. көмекші мектеп оқушыларына оку үрдісінде қолдануға болады.

І. Тарау. Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту

1.1. Түбір және түбірлес сөздер

Эксперименталдық жұмыстарды жүргізу үшін әдістеме құрастырылды. Эксперименталдық бақылауға 6-8 сынып оқушылары қатыстырылды. Бақылаудың әдістемесі 4 топтамадан тұрады.

Топтаманың міндеттері:

— Бірінші топтамада оқушылар «Сөз құрамы» кестесін толтырады, яғни кестеде жазылған сөздерге морфемді талдау жасайды.(сөздер саны 6,8 сыныптарда көбейтілді) 6,8 сыныптарда екі сөзден қосылды.

  • Екінші топтамада — оқушылар бақылау диктантын жазды, кейбір сөздерге алдын-ала мағынасы, құрамына және дұрыс жазылуына талдау жүргізілді (ол сөздерді сынып тақтасына жазып қойдық, мысалы, бұлттанды, балалар, ағаштың, қайтты).
  • Үшінші топтамада- оқушылар мазмұндама жазды- мазмұндама мәтінінен кейбір сөздер алдын- ала мағынасы, құрамы, дұрыс жазылуы жағынан қарастырылды. Сынып тақтасында жоспардың әр кезеңінде бұл сөздер жазылды- Ескекпен (весла) есіп

Тұмсығы қайықтың

Жылулығын судың

Құтқарды

Кейбір балаларға жеке-дара көмек көрсетілді (мазмұндаманың басы жазылған карточкалар таратылды).

— Төртінші топтамада- түбірлес тірек сөздер бойынша, оқушылар байланыстырылған қысқа мәтін құрастырды. Бұл сөздердің құрамы, мағыналық жағынан, дұрыс жазылуы бойынша талданды. Тақтаға баған түрінде түбірлес сөздер жазылды- Аң

Аңшы

Аңшылар

Сондай-ақ, бүркіт ұстаған аңшы бейнеленген сурет ілінді. Алдымен мұғалім өзі сурет бойынша әңгімелейді, содан кейін кейбір оқушыларға әңгімені қайталатып, тірек сөздерді, сурет және дайын жоспар арқылы өздеріне қысқаша шығарма жазу тапсырылды. Кейбір балалармен жеке-дара жұмыс жүргізілді( шығарма басы жазылған карточкалар берілді).

2,3,4-топтамалар бойынша бақылау диктанты, мазмұндама мәтіндері және шығарма тақырыбы барлық сыныптарға ( 6-8 сыныптар) бірдей беріліп, сабақ өткізу әдістемесі әдеттегі-қалыптасқан түрде болды. Бақылау экспериментінде Алматы қалалық №7 арнайы түзету интернатынан 32 оқушы, яғни 6,8 сыныптар – барлығы 32 оқушы қатысып, оқушылардың 268 жазу жұмыстары талданды.

Алматы қалалық «Жанұя» кешенінде экспериментке 6,8 сынып оқушылары қатысты, бәрінде ПМПК қорытындысы бойынша дебиль дейгейіндегі олигофрения диагнозы бар.

Экспериментальды зерттеуде алға қойған міндеттер бойынша, көмекші мектептің 6-8 сынып оқушыларының грамматикалық білімінің қалыптасу зерттеліп, айқындалды.

Сөз құрамы – 6-сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі қиын тақырып. Сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфемалардың) ұғымын жетік меңгеру үрдісі оқушылардың абстракциялы ойлауының дамуын, тіл деректерін бақылап, оған талдау жасай алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға келе алуын көздейді.

Ал, морфемаларды оқып білудің, толық меңгерудің маңызы мынада:

біріншіден, сөзді морфологиялық күрамына қарай талдау және сөз жасау жаттығулары оқушының логикалық ойы мен тіл байлығын дамытуға өлшеусіз әсер етеді.

екіншіден, сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен танысу балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді.

үшіншіден, сөз құрамын оқып үйрену оқушының орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз қалайды, өйткені қазақ тілі түбір сөздерін дұрыс жазу ережелері морфологиялық принципке негізделеді.

Балалар сөз құрамы жөнінен үйренген теориялық білімдері мен сөзге талдау жасау арқылы меңгерген біліктерінің негізінде түбір сөзді және оған жалғанатын қосымшаларды дұрыс жазу заңдылықтарын саналы түрде бірте-бірте меңгере түседі.

төртіншіден, сөз құрамын меңгеру мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру оқушылардың сөз тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне терең түсініп, дұрыс қолдана білуге, сөз мағынасы мен формаларының ара қатынасына зейін аударуға дағдыланады.

бесіншіден, сөз құрамы бөліктерін үйретумен байланысты балалардың сөздік қоры байыды, сөз тіркестерінің байланысын табуға және өз ойларынан сөз тіркестерін жасауға, сондай-ақ сөйлем құрау дағдысына машықтану арқылы оқушылардың ауызша-жазбаша сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады, орфоэпиялық норманы сақтап мәнерлеп оқуға және таза сөйлеуге үйренеді. Сайып келгенде сөз құрамы тақырыбынан алғашқы ғылыми ұғымдарды меңгеріп, дағды алуы арқылы кем балалардың дүние танымының саналы қалыптасуына негіз болады.

Сөз құрамын (морфемаларды) меңгерту төмендегідей міндеттерге жетуді көздейді.

І.Жүйелі практикалық жұмыс үрдісінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгеруі қамтамасыз етіледі.

2.Оқушыларды сөзді бөлшектерінде талдай алу іскерлігіне машықтандыру, яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын тану, берілген бір сөзге түрлі-түрлі жұрнақ жалғап түбірлес сөздер жасау, бір ғана жұрнақ жалғанған әр алуан түбірі бар сөз табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары атқарылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден, ал, түбірлес сөздерді омонимдер мен көп ағыналы сөздерден ажырата білуге үйренеді.

3.Оқушыларға дұрыс жазу ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз сөздерінде өте жиі қолданылатын қосымшаларды пайдалануға назар аударылады.

4.Балаларға жаңа сөз жасату, лексикалық, жаттығулар жүйесінде олардың белсенді сөздігін байыту, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындату, байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін шешу де көзделеді.

«Сөз құрамы» тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі практикалық жұмыс үстінде аңғартылады, содан соң ғана грамматикалық белгілі ұғымның анықтамасы түсіндіріледі.

Бұл — бақылау әдісіне негізделген жекеден жалпы ұғымға-қорытындыға әкелетін жол, яғни индуктивтік жолмен жұмыс жүргізгендікке жатады. Ал, 6-8 сынып оқушыларының психологиялық ерекшелігі дербес бақылаудан, типтік фактілерді талдаудан жинақ қорытындыға келіп, ереже-анықтамаларды үйрететін осы индуктивтік әдіспен жұмыс істеуді қалайды, өйткені мүмкіндігі шектеулі балалардың абстракциялы ойлау қызметі өте нашар дамиды.

Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде түбір мен түбірлес сөздердің мағына-мәніне айрықша назар аударылады. Түбір ұғымы түбірлес сөздердің мағыналық өзара байланыстарын бақылату әдісімен түсіндіріледі, әртүрлі қосымшалардың жалғануымен бір түбірден өрбіген сөздер бір-бірімен салыстырыла талдатылады. Содан кейін барлық түбірлес сөздердің сырт пішінінде, әсіресе оның бастапқы бөлімінде құрылымдық жағынан ұқсастығы бар сөздерді оқушылардың түбірлес сөздер деп шатастыратынын ескерген жөн.

Сөздер түбірлес болу үшін, ондай сөздердің барлығына мағынасы ортақ бір сөздің негіз болып тұрғандығына нанымды мысалдар келтіру керек. Мәселен, бір ғана «Тас» деген сөзді қосымшалар жалғап түрлендіру жолымен одан тараған түбірлес сөздердің бір тобы — зат есім, еікінші тобы — сын есім, үшінші тобы — етістік сөздердің негіз алғанын танытуға болады.

Үлгі: Тас – зат есім. Тасты жер – сын есім. Тасты жерді тазала. Шөптердің арасы тасты – етістік.

1.2. «Жұрнақ пен жалғау»

«Жұрнақ пен жалғау» параграфында берілген жаттығуларды орындата отырып, оқушыларды қосымшасыз сөз, қосымшалы сөз деген ұғымнан нақты білімге қарай жетелеп, сол қосымшаның мағыналарын байқату жолымен жұрнақ, жалғау деген ұғымға әкелеміз, әуелі жұрнақ таныстырылады. Ол үшін түбір мен жұрнақты сөздің мағыналары салыстырылады. Оны әр сөзге әр түрлі жұрнақ жалғап та байқатуға болады. Мүнда алынатын сөзіміз деректі заттың аты болуы тиіс. Мысалы, су — сушы, сулы, сусыз, судай… бұл ұғымға оқушылар түсінген кезде, сөз мағыналарын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз деген ереже беріледі.

Одан әрі жалғаулардың мағынасы мен қызметі түсіндіріледі. Бұл арада бір сөзге бірде жұрнақ, бірде жалғау жалғап салыстырады. Сөйтіп жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей, сөйлемдегі сөзбен — сөзді байланыстыратын қосымша екеніне оқушылардың көзі жетеді. Бұдан соң түбір сөз бен оған жұрнақ жалғанған сөзді қатар алып, екеуінде де мағына бар екені, бірақ өзге мағына екендігі байқатылады, малшы, етік -етікші, балық- балықшы… осыдан кейін түбір сөзге жұрнақ қосылуы арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз, деген ереже беріледі.

Тапсырмалар орындалып, сөздің түбірі, қосымшалары, қосымшаның жұрнақ не жалғау екендігі талдатылады. Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да бірінің үстіне бірі жалғана беретіні аңғартылады және түбірге жұрнақ бұрын, жалғау одан соң жалғанатыны мысал келтіру, талдау жолымен түсіндіріледі. Бұл мәселерді таныту кезінде де орфографиялық ережелерге көңіл бөлініп отырады. Кесте пайдаланылса сабақты тартымды етеді, оқушылардың түсінік алуы жеңілдейді.

8-сыныпта оқу жылы басында сөз құрамы тақырыбынан 6-сыныпта оқытылған түбір мен қосымша қайталанады. Оқушыларға сөздің түбірін танытуға ерекше көңіл бөлінеді, қиыншылық жалғауы жасырын тұрған сөздерді және туынды сөздерді негізгі түбірден ажырата алмай шатастырады. Оқушыларға түбірді толық танытқанда туынды сөздердің мағыналары қанша түрленсе де, олардың бастапқы түбірі өзгермей, сол тұлғасын сақтап тұрғаны түсіндіріледі. Мысалы: үй — үйшік, үйден, үйші, үйлі, үйсіз.

Жаз — жазу, жазғыш, жазушы.

Біл — білім, білгіш, білу, білдір.

Сөйтіп, осындай түбірлес сөздердің мағына, тұлғасын салыстыра келіп, олардың бәрі ортақ бір түбірден тарап тұрғаны танытылады.

Одан әрі сөз құрамында түбір, жұрнақ, жалғау деген бөлімдері болатыны еске түсіріледі. Жұрнақ және жалғау жалғанған сөздердің мағыналары салыстырылып, жұрнақ сөз мағынасын өзгертіп, жалғау сөз бен сөзді байланыстырып тұратыны ойдан сөз жасау, сөйлем құрау, сөз тұлғасын талдау, тәсілдерімен бекітіледі.

Мәтіннен тіркесіп тұрған сөздер тапсырылады. Сөзге тиісті жұрнақ не жалғау жалғатқанда, олардың жазылу емлесіне де оқушылардың зейіні аударылады. Түбірдің жуан, жіңішкелігіне немесе соңғы дыбысына қалай үндесіп, бір түрлі қосымшаның бірнеше формада келетіні ескертіледі. Берілген граматикалық анықтама, түсініктер, мысалдар келтіру жолымен бекітіледі.

6-8 сыныпта сөз құрамынан өтілетін негізгі программалық тақырыптары: біріккен сөздер, қос сөздер және қысқарған сөздер.

Бағдарлама біріккен сөздердің жасалуы, оның жиірек кездесетін түрлері
және біріккен сөздердің жазылуы жөнінде практикалық дағды бойынша білім
беруді талап етеді. Ал, оқулықта «Екі түбірден құралған сөзді біріккен сөз» дейміз. Олар бірігіп жазылады, — деген анықтама айтылады да, «аққу, күнбағыс» сөздері мысалға беріледі. Бұл өздердің тиісінше «ақ» және «қу», «күн» және «бағыс» деген екі — екі сөзден бірігіп жасалғанын айтып түсіндіріп, жазып көрсету арқылы үйретіледі. Бірақ әрбір екі сөзден бірігіп үшінші жаңа мағыналы сөз пайда болғанын таныту міндеті көзделмейді.

Өйткені біздің орфографиямызда біріккен сөздер сөздің өзіне тән айырым
белгісі элі егжей-тегжейлі дэлелденіп біте алай келеді. 6-сынып оқушыларына «екі түрлі мағыналы сөз бірігіп, үшінші бір жаңа мағыналы сөз
пайда болады» деген ереже берілсе, онда мүмкіндігі шектеулі балалар кез
келген екі сөз тіркесіп келгеи жағдайда оларды біріккен сөзге есеп етіп қосып
жаза беріп, қате түсінікке үрынады.

Ал, ең бастапқы түсінік дұрыс, айқын болуы тиіс. Өйтпесе оқушының не қате, те жаңсақ үққан түсінігін қайталап
жөндеп алу өте қиынға түседі. Сол себепті мүкіндігі шектеулі балаларды жаңсақтыққа кезіктірмей, оларға біріккен сөзден мазмұны жоқ, танымал мысал көрсету, жаздыру жолымен есте сақтау арқылы түсінік беріледі. Ол үшін бақылау әдісі қолданылып, мысалға келтірілген біріккен сөздің қандай-қандай сөздерден екені талданып көрсетіледі. Одан әрі мәтіннен біріккен сөздерді өздеріне таптыру тәсілі қолданылады. Немесе біріккен сөздер жасату тапсырмалары орындатылады.

6-сыныптан бастап берілетін білім көлемі, негізінде оқулыққа ендірілген сөздерді ғана меңгерту қағидасын үстанады. Онда да сөздің ішкі мәніне теориялық жағынан үңілмей, тек сырт көрінісін танып, қалай жазылатынын есте сақтауды талап етеді.

Біріккен сөздерді оқытқанда, ерекше көңіл бөлінетін мәселе — олардың жазылу емлесі. Біріккен сөздердің жазылу емлесі бойынша бұл сыныпта төмендегі төрт жағдай ескеріледі.

Біріншіден, жалпы біріккен сөздердің құрамына енген сөздердің қосылып жазылатындығы. Ол барша практикалық жұмысқа байланысты үздіксіз орындалып отырады.

Екіншіден, кейбір бірігіп жасалатын екі сөз аралығындағы «к», «қ» дыбыстарының «г», «ғ» дыбыстарына айналып айтылатыны, бірақ жазғанда, түбірдегі бұрынғы қалпы сақталып «к», «қ» дыбыстарының жазылатыны -«көкжиек», «қарақұс» тәрізді сөздердің «көгжиек», «қарағұс» болып айтылуын байқату, жаздырып дағдыландыру әдісімен түсіндіріледі.

Үшіншіден, біріккен сөз ішінде дауысты дыбыс қатар келгенде, бір дауысты дыбыс арқылы айтылып, алдыңғы дауысты дыбыстың да қатар жазылатыны меңгертіледі. Бұл да көз қанықтыру, жазып дағдыландыру әдістерімен үйретіледі. Мысалы, «Сарөзен», «Қарарна» болып айтылып, солай естілетін жер — су атауларының екі түбірі де әуелгі қалпын сақтап «Сарыөзен», «Қараарна» түрінде екі дауысты арқылы жазылады. Ескерілетін бір жайт — осы тақылеттес құрылымы бар кісі аттары бір дауысты дыбысын түсіріп, естілуінше жазылатынын тағы да тіл деректермен таныту мәселесі. Ондай кісі аттарын оқушылардың сөдік дәптерлеріне жаздырған жөн.

Төртіншіден, бірқатар бөлек жазылатын тіркес сөздердің емлесін оқушылардың есінде қалдыру үшін, тапсырма орындалады.

Ал, өзара байланысты айтылатын сөз тіркестерінің жазылуы жөнінде ереже берілмейді. Мысалы, «жан қалта, сағат қалта, сары май, тоң май, сары мия, есек мия» сияқты сөздердің жазылуы көрсетіліп, жаздырып түсінік беріледі. Жазылуын есте сақтау арқылы меңгертілетін бірге не бөлек жазылатын сөздерді көрнекі құралға ендіріп пайдаланса, сабақтың сапасы арта түседі.

Балалар кітап оқығанда не сөйлегенде біріккен сөздерді сол өзгеріске түскен қалпында айтып дағдыланады. Сөйтіп балалар мәтінде жазылуынша теріс оқымай, дыбысталып айтылуын дұрыс келтіріп, мәнерлеп оқуға машықтанады.

Бағдарламада белгіленген біріккен сөздердің жазылу емлесі төмендегідей мәселерді қамтиды: жалпы біріккен сөздердің қосылып, ал, кісі және жер-су атауларының бас әріппен жазылатыны, біріккен сөздер сыңарларының арасында екі дауысты дыбыс қатар келгенде екі түрлі жазылатыны (егер жер-су атаулары болса, екі дауысты дыбыс әріптерінің сақталып, ал, егер кісі аты болса, біреуінің түсірілетіні, яғни естілуі бойынша бір дауысты әріппен жазылатыны) меңгертіледі. Бұл ережелердің ішінде кісі аты және жер-су аттарының бас әріппен жазылатындығы 6-сынып оқушыларына тың мәселе емес. Балаларға бұл ереже 2-сыныптан-ақ таныс.

Сондықтан ол тек жаттығу жұмысы үстінде қайталау есебінде ескеи түсіріледі. Сонда 6-8 сыныптар үшін жаңа білім біріккен сөз туралы ұғымды, оның бірге жазылатынын, екі сөз аралығында көрші келген дауысты дыбыстарды сөйлеуде бір дыбыс арқылы айтылатынын, ал, бұларды жазғанда, жер-су атауларында бастапқы түбірлері сақталып, морфологиялық қағидамен жазылатынын, кісі атының фонетикалық қағида бойынша бір дауыстымен жазылатындығын меңгерту ғана болып саналады.

Мұғалім оқушыларға тіркес сөздерді біріккен сөздерден ажырата білуді, олардың бөлек жазылатын емлесін практикалық әдісін қолданып меңгертеді. Алайда бұлар, балалар, бұл емледен оқулықтағы он тіркес сөздің жазылуын көріп, көшіріп алумен ғана толық түсінік алып үлгермейді. Сондықтан мұғалім сабаққа арнап біріккен сөздер мен тіркес сөздердің өзгеше жазылатын емлесін беру керек, салыстырмалы кесте жасау керек. Кестеде тіркес сөздерді жаңғыртып оқулық материалын толықтырады. Сонымен қатар тек қана тіркес сөздердің мысалын арттырып қоймай, онымен салыстыратын біріккен сөздер де окулықта берілгендермен сөзбе-сөз болуға тиіс.

Сабақ материалын жаңа біріккен сөздермен толықтыру жұмысына окушылар да біраз үлес қосады. Оқушыларға таныс бірнеше сөз беріледі де, солардың жаңа мағына беретіндей етіп екі-екі сөзді біріктіру тапсырмасы орындатылады. Немесе оқушыларға бірнеше жеке сөздер беріледі. Сол сөздердің әрқайсысына біріккен сөз құрайтын жаңа сөз қосып, белгілі бір тақырыпта шағын шығарма жазу тапсырылады. Көптеген жаттығу жұмыстарын орындау кезінде, сөз жоқ, бағдарлама белгілеген ережеге сәйкес әлденеше жаңа біріккен сөздер туындап, сабақ материалы кеңейе түседі.

«Қос сөздер» тақырыбын өткенде 8-сынып оқушылары қос сөздің үш түрлі жасалу жолымен: бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қосарлануы және күшейтпе буын арқылы бөлек жазылатын елесі үйретіледі. Қос сөздердің бір сөз сияқты бір түйден екпіннен тұтас оқылатыны, айтылатынын байқату, бақылату, жаттықтыру әдістерімен меңгеріледі.

Мұғалімдер іс жүзінде солай істеп те жүр. Олар сабақ материалын өздері байытады. Жасаған көрнекі құралдарында, карточкаларында, талдауға алған мысалдарында қос сөздердің оқулықта келтірілгендеріне талайын қосып пайдаланады. Қос сөздердің семантикалық, лексикалық мәндерін ашып көрсетеді. Сөйтіп оқушылардың сөздік қорын байытады, тіл байлығын арттырады, логикалық ойлауы мен дүниетанымын жетілдіреді.

8-сыныпта оқылатын қысқарған сөздер тақырыбы жаңартылған немесе жетілдірілген бағдарлама бойынша 2002 жылдан бері өтілетін болды. Бағдарлама сөздің бірінші әріптерінен бірінші сөздің басқа буындарынан жасалатын түрлерін тануды және олардың жазылу емлесін үйретуді талап етеді.

Қысқарған сөздерді өткенде, әдістемелік жағынан ескерілетін кейбір мәселелері мыналар.

Біріншіден, оқушыларға сөзді қысқартып қолданудың артықшылығын аңғарту керек. Ол үшін сөзді толық жазуға оны оқуға көп уақыт кететіні қысқарған сөзді жазудың, оқудың жеңілдігімен салыстырылады.

Екіншіден, қысқарған сөздердің бас әріптерден жасалатын түрлерін (ССРО, БЛКЖО) әріп аттарымен айтып, оқытып жаттықтыру арқылы практикалық дағды беріледі.

Үшіншіден, бас әріппен жазылатын және кіші әріптермен жазылатын сөздің бірінші әріптерінен қысқарған сөздердің емлесін түсіндіру үшін жаттығу жұмыстары орындатылады, мүндай сөздер оқушылардың сөздіктеріне жаздырылады, әрі жаттаттылады.

Төртіншіден, қысқарған сөздердің мағыналарын дұрыс ұқтыру үшін олардың толық түрін айтқызып, жазғызып білім бекіту жұмысы іске асырылады. Толық сөздерден қысқарған сөздер жасатып дағдыландырған дұрыс.

1.3. «Қосымша»

«Қосымша» деген ұғым екі сатыда түсіндіріледі, әуелі сөзге жалғанып, оны жалпы түрлендіретін сөз бөлшектері қосымша деп аталатыны тұрасында кіріспе іспетті ұғым білдіреді. Бұл тұста қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні жайлы сөз қозғалмайды.

Одан әрі қосымшаның сөз мағынасын өзгертетін және сөздің тек формасын түрлендіретін екі түрі болатыны түсіндіріледі. Бұл да жаттығу жолымен меңгеріледі. Ол үшін бір түбірге әр түрлі септік жалғауы жалғанып мәтінге ендіріледі де, сол сөздер таптырылып, жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей тек сөз бен сөзді байланыстырып қана тұрғаны көрсетіледі. Ал, жұрнақты таныстырғанда, бір түбірге әр алуан жұрнақ жалғап әлгі сөздің мағынасы түрліше болып өзгергені байқалады.

Сөйтіп, жұрнақ сөз құрамының мағына түрлендіретін бөлшегі деген қорытынды шығарылады. Сонымен сөздің негізгі бөлімі — түбір, жаңа сөз тудыратын бөлімі — жұрнақ, сөз тудырмайтын бөлімі — жалғау деген түйін жасалады. Бұлардың түбірге жалғану реті және бірінің үстіне бірінің еселеп те жалғана беретіні мысалдар арқылы көрсетіледі.

Қосымшаларды таныстырғанда, мына таблицаны пайдалануға болады. Оның бірінші бөлімі бір сөзге әртүрлі қосымша жалғанатынын, ол қосымшалар өзі жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа бір сөзбен байланыстырып
тұратыны байқатылады. Екінші мысалдан түбірге қосымшалардың жалғану тәртібі көрінеді. Түбірге алдымен жұрнақ, одан соң жалғаулар үстемелеп жалғанатыны талданып, таныстырылады.
Шопан жайлау — ды көрді
» — ға шықты

» — да болды

» — дан қайтты

Қортынды сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша дейміз.

8-ші сыныпта өтілетін сөз құрамы тақырыбы бойынша үйретілетін білім мазмұны мынадай: түбір сөз, яғни негізгі түбір, қосымшалы сөз, қосымша, бір түбірге қосымшаның жуан не жіңішке болып жалғанатын емлесі, қосымшаның жұрнақ және жалғау болып екі түрге бөлінетіні, туынды сөз, қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі.

Түбірмен таныстырғанда, мысалға алынатын сөздің оқушыларға таныс заттың атын білдіретін сөздер болуы ескертіледі.

Ал, қосымшалардан оқушылардың тез түсінуге қолайлысы — көптік жалғаулар.

«Гүл, күн» дегенімізде бір гүл, бір күн деген ұғымды түсінеміз. Оларға «дер» қосымшасын жалғап айтқанда, гүлдің де, күннің де саны әлденешеу, көп деген мағына пайда болады. «Енді осындай сөз мағынасына көптік мән беретін қосымшаны өздерің ойлаған сөздеріңе жалғап, қандай өзгеріс пайда болғанын байқаңдаршы» — деп, мұғалім балаларға өздік жұмысын орындату тәсілін қолданады. Сонда оқушылар жете таныс «кітап, дәптер, қалам» сияқты сөздерге көптік жалғауларын жалғап айтып, сабақ материалын байытуға өз үлестерін қосады.

Бұл арада көптік жалғау деген термин әзір аталмайды. Бірақ көптік жалғауды таныту қызметіне дайындық жасалып, балаларға оны практикалық тұрғыда байқату, түсіндіру мақсаты жүзеге асырыла бастайды. Одан әрі қарай қосымшалардың түр-түрі кездесетін сөзде арқылы қосымшалы сөз жасалатыны көрсетіледі. Қосымшалардың сөзді түрлендіретіні және сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауға қызмет ететіні бірте-бірте танытылады.

Сонымен, бұл тақырыптан оқушылар сөздің өзгермейтін бөлігін негізгі түбір (түбір сөз), сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша деп атайтынымыз жөнінде екі ереже үйренеді. Жаттығу тапсырмаларын орындатқанда, түбір сөзді қосымша сөзге айналдыру, қосымшалы сөзден түбірді таптыру немесе берілген сөздерде лайық қосымшаларды тауып жалғап жазу міндеттері орындалады. Осы жұмыстарға байланысты түбір мен қосымшаға байланысты емле мәселесі де ескеріліп, үйретіледі.

Демек түбірдегі дауыстылардың жуан не жіңішке дыбыс болуларына қарай қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып жалғанатыны, ал, түбірдің соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болуына сәйкес қосымшалардың алдыңғы дыбысының сондай дыбыстан басталып, үйлесіп жалғанатынына мысалдар арқылы бақылатып, жаздырылып түсіндіріледі. Мысалы, ән, оқу, аң, сөздеріне — шы, -ші қосымшаларының, біл, айт, жаз сөздеріне — қыш, ғыш, гіш қосымшаларының лайықтысын жалғау -жөнінде тапсырма беріледі.

Қорытынды

  1. Мәселенің өзектілігі «Сөз құрамы» тақырыбын оқытуда оқушылардың грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын қалыптастыруға негізделген әдістемелік аспектілердің жоқтығы, сондай-ақ, оның кемтар баланың ойлау және тілін дамытудағы маңыздылығы.
  2. «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша 6-8 сынып оқушыларының орындаған өзіндік жұмыс, диктант, мазмұндама, шығарма жұмыстарындағы грамматикалық және орфографиялық қателерді сандық және сапалы талдау, оқушылардың түсініктерді қолдануда қиналатынын, сөздегі түбір, жұрнақ, қосымшаны грамматикалық тұрғыдан дұрыс белгілемей, түбірлес сөздерді дұрыс таңдай алмайтынын көрсетті.

Сөзді морфемдік түрде талдауда, көп оқушылар, әсіресе, өзіндік жұмысты орындағанда, түсініктерді олардың мағынасын түсінбей механикалық түрде қайталап, сөзді құрамына қарай талдау барысында оларды ауыстырып, түбірлес сөздерді дұрыс жазу емлесін білмей қиналады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Аксенова А.А. Особенности развитие устной и письменной речи у учащихся вспомогательных школ. Москва 1967г.
  2. Аксенова А.А. Обучение русскому языку в коррекционной школе. Москва 2005г.
  3. Адаменко А.И. проблемы аутеничной-речевой фонодинамике. Психология 2008/3 (9).
  4. Аяпова Т.Т. Развитие синтаксиса речи детей (на материале казахского языка). Автореферат канд.дис.фил.наук., А., 1998
  5. Р.Әміров «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (3сынып). А.1990ж.
  6. Ш.Әуелбаев. бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. Мектеп 1987ж.
  7. К.Б.Бектаева. арнаулы көмекші мектептерде ана тілін оқыту әдістемесі. А. Рауан 1996ж.
  8. К.Б.Бектаева, Қ.К.Елубаева. Ана тілі. Нашар еститін, естімейтін балаларға арналған.
  9. Ш.Бектуров, М.Серғалиев. «Қазақ тілі». А.1994ж.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ