Турбо Паскаль тілі

0
2150
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі
I. Кіріспе бөлімі:

Қазіргі кезде кеңінен қолданатын программалау жүйесінің бірі-

Turbo Pascal. Американың Borland Internation корпарациясының бұл өнімі сол корпарацияның қызметкеі Адерсон Хейсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Turbo Pascfl-дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Нуклаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Сол кездерде кең тараған АЛГОЛ, ФОРТРАН,

БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы, программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді

құрал болып табылған. Паскаль тілінде жазылған пограмманың

дұыстығын компьютерде тексеру және жібеілген қатені түзету оңай.

Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында

алдымен трансляцияланады(машина тіліне аудаылады), объект программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның

біріншісі- алгаритімдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі-

объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық

кодта жазылған прогамма арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгаитмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.

Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын , кең тараған стандартты оқу тіліне айналды.

II. Негізгі бөлім:

Паскаль тілінде подпраграмманың екі түрі- процедуа және функция анықталған. Кез-келген подпраграмма жалпы программа

сияқты құрылымға ие.

Жаңа ой подпрограмма шақырғанда негізгі программаның

Орындалуы уақытша тоқтайды да, орындалу реті подпрограммаға

Беріледі. Подпрограмма орындалып болған соң басқару негізгі

программаға қайта оралады.

Процедукра мен функция арасындағы негізгі ерекшелік мынада:

Процедура қандайда бір әрекеттер тізбегін орындайды да жұмыс нәтижесін негізгі программаға бермейді.

Ал, функция әрекеттерді орындайды және нәтижені негізгі программаға береді.

Мысалы, функцияны былай М: =MIN(X,Y) шақыру негізгі программаға екі санның кішісін мән ретінде береді және ол мән М айнымалысына меншіктеледі.

Кез- келген программа немесе басқа подпраграмма шақырылмай тұрып, алдын- ала сипатталуы тиіс. Подпраграмма пайдаланылатын

Барлық айнымалыларды не глобольды , яғни олар негізгі программада сипатталып сол программада және барлық подпраграммаларда қолдануға болады; не глобальды , яғни подпраграмма ішінде сипатталады да тек сол подпраграммада ғана қолданылады.

Негізгі программа мен подпраграмма арасында ақпарат алмасу глобальды айнымалылардың көмегімен орындалады.

Подпраграмманың өзінің локальды айнымалыларымен аттас емес кез- келген глобальды айнымалыларды тікелей пайдалануға болады.

Турбо паскальда арнайы жасақталған функциялар мен процедураларды түрлеріне және қызметтеріне қарай топтастырып модулдер жасақтау мүмкіндігі бар.

Турбо Паскаль тілінде қолданушыға өзіне қажет алгаритмді функция түрінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Жұмыс нәтижесінде бір ғана мәнді анықтайтын операторлар Функция деп аталады.

Функция программада аргументтің аты бойынша қолданылады.

Функцияларды программаның кез- келген жерінде өрнектер құрамына шақырып алуға және де кез- келген жерінде есептеу үшін

қолдануға болады.

Функцияларда рекрусия қолдануға болады.Мұндай программаларды рекрусивті программалар деп атаймыз. Рекрусия дегеніміз- қосаслқы программаның өзін-өзі шақыруы.

Егер қосалқы программада рекрусияны аяқтауды білдіретін шарт қарастырылмаса, онда функция өзін- өзі тоқтаусыз шақыра береді.

Функция тақырыбы мен функция денесінен тұрады.

Функция тақырыбы – Function деп аталатын түйінді сөзбен одан кейін жақша ішінде формалды параметрлер деп аталатын аргументтер мен солардың типтерінен тұады. Тақырыптың соңында нәтиженің типі көрсетіледі. Одан кейін келесі қатарлар, барлық программадағы сияқты белгі тақырыбының анықтамаларынан, тұрақтардан және айнымалыларды сипаттаудан тұрады.

Функцияның негізгі қызметін оның тұлғасы – BEGIN және END сөздерінің арасында орналасқан операторлар атқарады да, ең соңында « ; « қойылады. Функцияның жалпы сипатталу түрі:

Function <функция аты > (< формалды параметрлер тізімі >): типі ;

Const … ;

Type … ;

Var … ;

BEGIN

< Опереторлар >

END;

Функцияның операторлар бөлімінде ең аз дегенде функция атына мән меншіктейтін бір оператор болуы тиіс. Негізгі программадағы функцияны шақыру нүктесіне оның ең соңғы меншіктелген мәні беріледі. Сонымен қатар функция атын тікелей өрнектердің ішіне жазып, оны басқа объектілердің параметрі ( аргументі ) ретінде де пайдалану мүмкіндігі бар.

Функцияның сипатталуының працедура сипатталуынан 3 — ерекшелігі бар:

1. Функцияның жазуының – Function қызметші сөзінен басталады.

2. Функция тақырыбында қарастырылған функцияның мәндерінің тип аттары көрсетіледі.

3. Функция денесінде ең болмағанда бір, сол жағында қарастырылған функция аты көрсетілген меншіктеу операторлардың ең болмағанда біреуі орындалу керек.

V. Қолданылған әдебиеттер:

1. Валерий Фаронов “ Turbo Pascal ”

Сант- Петербург “ БХВ- Петербург “ – 2004.

2. Ж..Қ. Масанов, Б.А. Бельгибаев

А.С. Бижанова, Қ.Қ. Мақұлов. “ Turbo Pascal “

Алматы – 2004.

3. Б.Д. Сыдықов

“ Алгаритмдеу және программалау негіздерін оқыту “

Алматы – 2003.

Жоспары:

I. Кіріспе бөлімі:

Турбо Паскаль туралы.

II. Негізгі бөлім:

  1. Паскаль тіліндегі подпрограммалар.
  2. Функция ұғымы және оның қолданылуы.
  3. Функцияның сипатталуы

III. Есеп:

1. Есептің берілгені.

2. Есепті шешу алгаритмі.

3. Программаның листингі.

IV. Қорытынды:

V. Қолданылған әдебиеттер.

Есептің берілгені:

Квадраттық теңдеуді шешу үшін функцияны жазу. Функция параметрлері коэффициеттер және түбір теңдеуі болуы тиіс. Функция мәні нұсқалған программаға мағлұмат түбірі туралы ақпарат беру үшін қолданылу керек 2- екі әр түрлі түбір, 1- түбірлері бірдей , 0-теңдіктің жауабы жоқ. Сонымен қатар, функция шыққан нәтиженің дұрыстығын тексеру керек. Егер шыққан нәтиже дұрыс болмаса, онда функция қайтарылуы тиіс -1.

Есепті шешу алгаритмі:
  1. KvadrUr функциясын сипаттаймыз.
  2. a,b,c- теңдік коэффициенттері мен x1,x2- теңдік түбірілерін енгіземіз.
  1. D- дисреминант нақты санды енгіземіз.
  2. KvadrUr функциясын шақырамыз және жауабы жоқ теңдікті,

Екі әр түрлі түбір және бірдей түбірлерді анықтаймыз.

  1. Программа денесін айнымалыларды сипаттаймыз.
  2. Программа жұмысын аяқтаймыз.

IV. Қорытынды:

Қорытындылай келгеде, Турбо Паскальда функция тақырыптан және денеден тұрады. Функцияны программада қажет болғанда қолдан жасақтап ( сипаттап ), сол программада пайдалануға болады. Бұл программа құруды жеңқана қоймай, оның оқылуын да түсінікті етеді.

Турбо Паскальда арнайы жасақталған функцияларды қызметіне қарай топтастырып модулдер жасақтау мүмкіндігі бар. Функцияларды пайдаланғанда формалді параметрлердің орнына нақты параметрлер, не олардың мәндері жазылады.

Функцияларды программаның кез- келген жерінде өрнектер құрамында, не шығару процедураларында пайдалануға болады.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ