Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған сыныптан тыс жұмыстың сценарийі

0
1035
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған сыныптан тыс жұмыстың сценарийі

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар мен ұстаздар! Баршаңызды еліміздің ұлы мерекесімен – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстан Рспубликасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған бүгінгі «Елімінің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

2-Жүргізуші:  

Армысың, абзал ағайын,

Жаһандық жойқын елдермен

Тарихқа келген ғажайып.

Тәуелсіз елім Қазақстан

Бүгінгі күні жиырма беске

Келді жаңғырып.

1-Жүргізуші: Боздаланың бөктері әлсін-әлсін бұлқынып қоятын еді. Отаршылдық қамыты қысқан сайын мойнын бұлғақтатып ышқынатын-ай кеп. Кең далада көсіліп үйренген, бостандығының тізгіні өз қолында болып  келген ұлттың құлдық қамытқа үйрене алмасы белгілі дүние. Сондықтан қазақ даласының ана шеті мен мына шетінде ауық –акуық  ұлт –азаттық көтерілісінің шаңы шығатын. Тәуелсіздіктің бір жұтым ауасын жұтуға деген талпынысы көрініс беретін.

Қазақ не көрмеген?  Бәрін көрді. Бәрін басынан өткерді.

Абылай заманы… Жерімді, халқымды жау тырнағынан қорғаймын деп  атқа қонған ер Абылай, хан Абылай… (сахнаға Абылай образындағы оқушы шығады. Үстінде қазақтың ұлттық  шапаны, ханның қалпағы. Сахна шетіне қойылған кілем үстіне  малдас құрып отырады.)

2-Жүргізуші: Елдің ұлттық тағдыры әңгіме арқауы болған Күлтөбенің басындағы жиі өтетін жиындар, басқосулар… (сахнаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би образындағы балалар шығып Абылай ханға бір тізерлеп бастарын иіп, төменгі жағына барып отырады, малдас құрып отырады.)

1 -Жүргізуші:

Ұлтым, халқым деп өмір сүріп, ақырында сұм саясаттың кесірінен «халық жауы» атанып шыға келген Алаш ардақтылары: (аттары оқыла бастағанда сахнаған Міржақып, Ахмет, Мұстафа, Әлихан, Мағжан образындағы оқушылар біртіндеп шығып, сахна шетіне  қырларынан тұра қалады.)

Оқушы:

Алаштың басын құраған,

Елім деп өксіп жылаған

Міржақып,Ахмет,Мұстафа,

Әлихан,Мағжан- ғұламам.

 Оқушы:

Құрбандарым,жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

 

2-Жүргізуші: Қазақ не көрмеді? Бәрін көрді. Ұлы Отан соғысында да қазақ халқы өзінің батырлығымен, асқан ұйымдастыру  шеберлігімен әлемге әйгілі болды.

1941жылы 22 маусымда адамзатқа қасірет әкелген сұрапыл соғыс басталды.

( «Свещенная война» әні орындалады).Гитлер әскері тұтқиылдан шабыл жасады.Кеңестер елімен «соғыспау» туралы жасалған шартты опасыздықпен бұзды. Қазақстандық 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбінде 4есе басым жаумен кескілескен ұрыс жүргізді.Даңқты қолбасшы генерал-майор И.В.Панфилов пен 28қазақстандық Н,Есболатов,Ә.Қосаев, М.Сеңгібаев, В.Клачков, т.б. жауынгерлердің ерлігі тарихта мәңгі қалады.

Оқушы:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

Жиырма сегіз батырды  

Жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз қыранды

Жеңе алмады жау бірақ.

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырын,

Ұмытпайды ел мәңгілік!

1-Жүргізуші: Халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы да Мәскеу шайқасында ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен баршаға мәлім болды.» «Соғыс –өмір мен өлімнің арасындағы қыл көпір»,-деп жазды өзінің «Москва үшін шайқас» романында даңқты қолбасшы,атақты жазушы, қаһарман батыр Бауыржан Момышұлы.

(Көрініс. Сахнаға әскери киім киген оқушы Бауыржан Момышұлы болып шығады да, оның өсиетін оқиды):

-Ей, бүгінгі жас қауым, бестаныс аға ұрпақ! Әр әке балам бақытты болса  екен, үрім –бұтағым үзілмесе екен деп тілейді.

Бір ғасырда  бір Наполеон, екі жүз жылда есуас Гитлер тумай қоймас. Ондай жауыздардан елді, жерді сақтап қалу –сенің борышың, алғы ұрпақ!

Ей, жүз жылдан кейінгі үрім-бұтақ, жұрағат, жас ұрпақ!Естисің бе менің үнімді, жетер ме саған менің дауысым?!    Жетсе, бүгінгі баламыздан бастап, көпұлтты Отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар. Ол – Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер деген сөз. Ол-халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар деген сөз!

Оқушы:

(М.Мақатаев «Бауыржан ағаға» өлеңі оқылады)

2-Жүргізуші: Әлемге қасрет әкелген Ұлы Отан соғысында да ерліктерімен көзге түсіп, «Батыр» атанған қыздарымыз да мәңгі ел есінде қалды.

Оқушы: «Әлия, Мәншүк» туралы өлеңдер оқиды.

 «Әлия» әні орындалады.

1-Жүргізуші: Дегенмен бабалар төккен тер текке кетті дей алмаймыз. Соның бәрі жиылып келіп, 1986 жылы Желтоқсанда бұрқ етіп қоғамның бетіне шықты. («Желтоқсан желі» әні ақырын шығып тұрады. Интерактивті тақтадан «Ызғарлы желтоқсан»  слайдтар шығып , көрініп тұрады.Көрініс.Сахнаға Қайрат образындағы оқушы, ақ жейдеде, басы бинтпен байланған, қан-қан киімдерімен  шығады. Екі қолын артына қайырған омон солдаттары.Олар да киінген. Сахнаның екіші жағынан бір топ оқушылар  алаңға шығуды ұйымдастырады. Қысқы киімдерімен алдыға ұмтылады. Олардың алдын кескестеген омон солдаттары жібермейді.

Халықтың аузынан: «Алға, Қазақстан, алға! Пленум шешіміне қарсымыз! Әр ұлтқа өз басшысы! Колбинді әкетсін! Қонаевтың өзі сөйлесін! »-( деген ұрандар шығады.Қолын артына қайырған Қайратты жетектеп келіп, иығынан қатты итеріп жібереді.Қайрат тізерлей құлай жаздап, отыра қалады. Бір омон жетелеп келген сөйлейді):

Омон:

Савицкийді өлтірдің сен!

Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз,

Паспыртыңды атуға даярлаймыз!

 

Қайрат:

Күнәдан таза жасым,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай жаным,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым ббар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар!

(Сахнада тұрған омондар Қайраттың қолын артына қайырып, шығып бара жатады. Сол кезде сахна бұрышындағы халықтың ортасынан бір ана кейпіндегі, қысқы киіммен бір оқушы шығады. Ол):

Ана: -Ба-лам, Қайратым , -деп  Қайраттын соңынан қолын созып жылайды. Залдағы көрермендерге қарап, екі қолын жайып:

Ана: -Уа, халайық көмектесіңдерші! Көмек көрсетіңдерші, халайық!- деп қолымен бетін басып, шығып кетеді. Бұл көріністен сахнада еш нәрсе қалмайды.Барлығы сахна артына кетеді. Сахнаға Ләззаттың анасының образындағы оқушы  шығады.Өлең жолдары оқылып болған соң, Ляззаттың аруағы шығады.

( екеуінің сөзі )

  2 -Жүргізуші:  Бүкіл қазақ халқының ұлттық қадір-қасиетін аспандатқан азаматтардың аруғын, ең алдымен, жастарымыздың батыл да қалтықсыз іс-әрекеттерін ардақтай отырып,жастай қыршынынан қиылған есіл ер Қайрат Рысқұлбековке біздің еліміздің ең жоғарғы наградасы – Халық қаһарманы  атағы берілді.

1-Жүргізуші: Сөйтіп, ғасырлар бойы аңсап, армани еткен Тәуелсіздікке де қол жеткізді.Бұл Қандай қымбат, қандай асыл, қандай аяулы Тәуелсіздік десеңізші!

«Елім менің» әні орындалады.

Оқушы: Өткен күннің ұмыттырған азабын,

Тәуелсіздік қазақ үшін ғажап үн.

Абылайлар аңсап өткен арман бұл,

Арқасында батылдық пен ерліктің,

Егемендік ерлігін де қолға алдық.

Оқушы: Қайырлы таң,Қазақстан,

Мәртебесін бүкіл әлем елеген.

Кең байтағым, әсем едің не деген.

Қайырлы таң, Қазақстан тәуелсіз,

Қайырлы таң, Қазақстан егемен!

2 -Жүргізуші:  Осыдан 25жыл бұрын біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Дүниеде Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды. Қазақстан тәуелсіздік жолына қатар  өзі теңдес елдердің арасында көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастап келеді.

Оқушы:

Абылай хан: «Бұл қай ел?»-деп  сұрар еді,

Таңғалып Қабанбайлар тұрар еді.

Тіріліп Абай келсе Астанаға

Ақын ғой, қуаныштан жырлар еді.

Оқушы:

Бас исек ертеңді ойлап парасатқа,

Бәрі де бір бойына жарасат та.

Президент, тұңғыш біздің елбасымыз,

Биіктер монументі болашақта.

 

1 -Жүргізуші:

Елім бар бүгін жаңғырған,

Бақытым – атамекенім.

Тұлпарлар тұяқ шалдырып,

Сұңқарлар қанат талдырған.

Қазақты әлем таныды

Сәлемін жолдап сан қырдан.

Оқушы:

Бекмірек болу үшін  Ел-Ана,

Нар сенімді сіңірейік санаға,

Адам үшін ең қымбатты шыбын жан,

Тәуелсіздік сен үшін жан да садаға!

2 -Жүргізуші:Қазақтың басына бақ орнады. Төбемізге бақ құсы келіп қонды. «Қасиетті» құстың туған топырақта мәңгілік орын тебуі, тұрақтап қалуы, алдымен халықтың өзіне байланысты. Ел ішінде бірлік, ата-баба өсиетіне адалдық, ұлтқа, жерге сүйіспеншілік Тәуелсіздік ғұмырын мәңгілік ете алады.

«Қара жорға»биі орындалады.

1 -Жүргізуші: Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілдері қазақ халқымен бірге бір шаңырақ астында  тәуелсіздігіміз тұғырлы, татулығымыз мықты да мәнді болсын дей отырып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған салтанатты кеш жабық деп жариялаймын Қош, сау болыңыздар!

«Атамекен» әні орындалады. Залда отырғандардың барлығы орындарынан тұрады. Іс-шараға қатысқан оқушылар сахнаға шығып, әнді  бір –бірінің қолдарынан ұстап,тербетіліп , қолдап тұрып, сахнаны жабады.

Сихимбаева Махмуда Мубашаровна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ