Қазақ хандығының 554 жылдығына арналған сценарий

0
4957
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Қазақ хандығының 554 жылдығына арналған

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

1-Жүргізуші : Құрметі қонақтар,оқушылар мен ұстаздар, «Қазақ еліне  550 жыл» толуына байланысты ұйымдастырылып отырған салтанаты кешімізге қош келдіңіздер!

Қайырлы таң,Қазақстан,

Мәртебесін бүкіл әлем елеген.

Кең-байтағым, әсем едің не деген?!

Қайырлы таң, Қазақстан Тәуелсіз!

Қайырлы таң, Қазақстан егемен!- дей отырып еліміздің тарихына үңіліп өтуді жөн көрдік.

2-Жүргізуші: Тарихта , Ұлы Дала  ,Алтын орданың 38 ханының аты-жөнін, олардың билік құрған жылдарын нақтылуға  1960 жылдары  қол жеткізген ғалым М.Г.Сафарғалиев болды. Біз солардың тек бірнешеуіне тоқталсақ дейміз.   Биылғы жыл еліміздің тарихында, халқымыздың тағдырында алатын орны ерекше  .Биыл біздің мемлекеттігіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 554 жыл толып отыр.

1-Жүргізуші: 1465 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан — байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

2-Жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары — Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Оқушы: ( 9 «а» сынып)
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
1-Жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
— Ассалаумағалейкум, ағалар.
— Уағалейкумассалам, төрлетіңіздер. Қандай шаруамен келдіңіздер?

Ақсүйектер басшысы :— Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан  екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келді ғой деймін?
Жәнібек :— Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей : — Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:— Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: — Біз дайынбыз, бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзіңіз бір бата беріңіз.

Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кесілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат — көлігің арымай,
Отбасыңмен аман — есен табысқын.
Әумин.

1 — жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
2 жүргізуші:- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Дулати :
«Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға  оларға Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек — қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 — 1466 жылдары.(Көрініс халықтың топтасуы. Хандар, батырлар сахнада ту ұстап отырады)
1 — жүргізуші:
1465 — 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта — үмітін жүзеге асырды.
2 — жүргізуші:
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жәннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде:

Асан Қайғы : Жетісудың ағашының басы жеміс екен.Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас. Үш Алматы деген жері бар екен. Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей.Сол жерді қимадым.
Оқушы:
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.

1 — жүргізуші:
Қазақ әскері Самарқантқа келіп бекінді.Сарақант түбіндегі шайқас бір айға созылды.Осындай бір түнгі айқаста Тәуекел хан қаты жараланды.Қарамғындағы жұртың тілін алмаған Тәуекел не тапты? Қаншама халықтың қанын төгіп, ақырында өзі де жау қолынан дүние салды. Тарих әділетілігі осындай…

2 — жүргізуші: Күрес күннен күнге үдей түсті. Әсіресе, Іле мен Қаратал өзендерінің бойында Қабанбай мен Баян бастаған халық жасақтары жоңғарларды сан рет жеңді, бірақ бұның бәрі негізгі мықты құрылған жоңғар әскерін күйрететіндей күшке айнала алмады.

Жоңғарды жеңген күнде, ар жағында одан да күшті, өзіне көз тіккен Қытай боғдыхандары бар екенін еске алмаған жұрт осылай, өз тағдыры үшін жан аямай күресе берді.

1 — жүргізуші:
Сөйтсе де, ел басына туған күннің тым қатерлі, қазақ жеріне қызыққан көршілерінің қауіпті екенін ойлағандар да табылды. Соның бірі- кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды.

Әбілқайыр  : Ресей қарамғына кіреміз дегеннен бері менің қасым көбеюде. Қай халыққа болса да басқа жұртқа бағынышты болу өте қиын.Бірақ, біздің жағдайымызда басқа жол жоқ.Жоңғарды жеңсең, ар жағыңда Қытай бар.Қытай боғдыханына бағыну- тіліңнен де, дініңнен де бірдей айырылу деген сөз. Ал Ресей оған қарағанда әділ де , адал да жұрт. Жеріміз де, тағдырымыз да бір. Жоқ, не десеңіздер де Ресейге қосылу-бізге қалған жалғыз жол!

2-Жүргізуші: Сол бір қилы кезеңде болашақ тарих, Әбілқайырдың ұстаған жолының дұрыс екенін айқындады. Қазақ елінің Ресейге бағынуының қажетігі Әбілқайырдың өз басының қамынан гөрі, әлеуметік қасиетін жоғары сатыға қойды.

1-Жүргізуші: Тарихта Есім ханның баласы Салқам Жәңгір 1652 жылы жоңғарлармен болған қиян кескі шайқаста өлгеннен кейін 1680 жылға дейін қазақ даласында кім хан болғандығы жөнінде дерек жоқ. Тек 1680жылы ғана  қазақ халқын бытыратпай, бір жерден, бір қолдан басқаруды ұйғарған Төле ,Қазыбек,Әйтеке билер бас қосып,хан болуға лайық деп Тәукені айтады. Одан кейінде неше ме хандар болды? Бақталастық пен аш көздік, таққа таласу -олардың түбіне жетіп отырды.

(Көрініс:сахнаға   оқушы шығып, «Елім-ай» әнін айтады,сол кезде  оқушылар тобы сахнаға шығып, еңіреген әйелдің артынан еріп жүреді,  босыған халықты көрсетеді. Ән біткен соң, сахнадан шығып кетеді)

1-жүргізуші: 1771 жылы халық Абылайды ақ киізге отырғызып, үш жүздің ханы  етіп тағайындайды.

2-жүргізуші: Абылай қазақ елінің тұтастығын сақтауда ,сыртқы жаулардан қорғауда атқарған қызметі орасан зор. Бүгінгі ұрпақ Абылай ханды халқымыздың әрі батыры, әрі айлалы да айбарлы ханы ретінде ардақтайды. Абылайдың қасында көреген де, ақылды, дана тұлғалар оны өздерінің ақылы мен данышпандықтарымен бағыттап, баптап , елді басқаруда жол сілтеп отырды. Төле , Қазыбек,Әйтеке билермен бірге Бұқар жырау. Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Баян батыр, Сұраншы батыр, Наурызбай батыр т.б. болды

1-жүргізуші:  Бұқар жырау — Абылай ханның заманында ханның бірінші жыршы-шешені, ақылшысы болған.

(Осы сөздер оқылып жатқанда  сахнаға (Көрініс: Ақ киізге Абылай ханның кимін киген оқушыны отырғызады. (4 ұл оқушы  киіздің шетерінен ұстайды, ұлдар жауынгерлердің кимінде болады.)

Бұқар жырау :

Ей,Абылай,

Сен,Хан Абылай атандың,

Дүниеден шықпай мініңіз.

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың,

Жетім менен жесірге

Ешбір жаман қылмадың.

Әділдікпен жүрдіңіз

Әдепті іске кірдіңіз

Арманың бар ма, хан ием?

1-жүргізуші: Тағы бір жолы Бұхар жырау Жасыбай батырдың қазасында халықты жаудан өш алуға ерлікпен күресіп,жауға кеткен жерді қайтаруға,қорлыққа көнбей, азатық үшін табан тіреп шайқасуға ,жалынды сөздермен рухтандырады.

Бұқар жырау :

Тыңда мені ерлерім,

Жау аса алмас белдерім,

Ердің қанын қанмен жу,

Сендер едің сенгенім,

Жолдарың болар жорықта,

Тыю болар зорлыққа

Өзі тиген өкінбес,

Күш жұмсасаң қорлыққа.

Ордалы байтақ елім бар,

Бал өзені тулаған,

Мал кіндігі жерім бар,

Соны қорғап бағыңдар,

Жауға қарсы барыңдар!Сенемін.Сен

Ежен ханнан адыңдар!

Дағыра дабыл ұрыңдар,

Қамданыңдар, тұрыңдар!

Бет күйдірген айбатпен,

Тас үгіткен қайратпен

Жау әскерін Қырыңдар!

2-жүргізуші: Ресей қазақ хандығын жойды, бірақ өздері қазақтарға ие болып шығып, соларға болыспайды. Сөйтіп, қазақтарды кесірлі тағдырдың  талауына сұраусыз тастай салған.Абылай баласы Қасым хан да ел бірлігін, тәуелсіз мемлекет болуды армандады. Сол үшін халқын біріктіре, жұмыла отырып, жоңғарға қарсы тұрды.

1-жүргізуші:  Соңғы хан кім? Кенесары Кім?

2-жүргізуші: Ол- мемлекетімізді қалпына келтіру, халқының басын біріктіріп,халықтық қалпын сақтау, бодандықтан құтқарып,қолын азатық пен бостандыққа жеткізіп тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы,қайраткер,ірі мәмілегер, дарынды әскербасы. Хан Абылайдың немересі.Ресей саясатымен келісе алмаған ,Ресей патшасына қарсы қозғалыс, көтерілісті басқарған.

1-жүргізуші: Көтерілісті бастаған Кенесары солтүстік патшалық реформаларға қарсы шықты. Ол өзінің диполоматиялық белсенділігін Ресей үкіметінің реформалары мен форпостарды жою жөнінде шешім қабылдауына бағытады.Ол Оңтүстікте қазақтардың  бір бөлігін қанауға түсірген ортаазиялық хандықтарға  қарсы болды, сөйтіп, ол- екі майданда күрес жүргізді. Халық айрықша құрмет белгісі ретінде Кенесарыны хан көтерді.

 Көрініс (Әңгімелесіп отырған Жүсіп  пен Кенесары хан ).

Жүсіп:

-Үш жүздің басын қосып, қазағымды жеке мемлекет етемін деген арманыңыз үшін ұрпақтарыңыз алғыс айтады деп сенесіз бе?

Кенесары:

-Сенемін.Сол үшін жан беруге дайынмын .Әлде менің мұным қате ме? Менің ерлігіме ұрпақтарым қарғыс айтады деп ойлайсың ба?

(Жүсіп тіке жауап қайтармай, ақырын күрсінді).

Жүсіп:

-Меніңше, Абылай ханның түсін Бұқар дұрыс жорыған сияқты.

Кенесары:

-Жоқ.Абылай атам үш жүздің басын қосып, қазақтың еркіндігін сақтап,жеке ел етемін деген хан. Оның түсіне де осы халық тұрғысынан қарау керек.

Жүсіп:

-Иә.Сонда?

Кенесары:

-Абылай ханның алдынан қашқан арыстан — ол- баласы Қамыс төренің кезіндегі халық.Оның ішінен шыққан жолбарыс -ол мынау менің кезімдегі батыр жұрт. Бұл жұртың жолбарыстай батыр екені бәріңізге аян. Бұдан кейін ,әлгі Сыздық тентегімнің ер жетіп, жаумен алысқан кезінде де қазақ халқы елдігінде, ерлігін де жоғалта қоймайды. Көкжал қасқырдай жауына қарай шабады. Бірақ, қасқыр арыстан да ,жолбарыс та емес,қанша көкжал болса да ,ауыл-аймақтан алыстай алмайды. Одан кейінге елім, «сабасына қарай піспегі,сақалына қарай іскегі» дегендей заманының ықпалына қарай түлкі болмасқа амалы бар ма?.

Оқушы:

Жарлық етсе жар иең, Бүгіліп тұрып тізе бүк!

Бүгіліп тізе бүктім -ау деп,

Бүлінбей жүрсең құба -құп.

Жарлық етсе өз иең

Есігінде басыңды и!

Есікте бас идім деп,

Есеңгіремей есің жи!

Жарлық қылса барша иең,

Босағасында тізе бүк!

2-жүргізуші: Кенесары хан  мемлекеттіліктің барлық қажетті институтарын құруға және қазақ жерін аумақтық  тұтастығын сақтауға ұмтылды. Қазақтардың дербес тәуелсіз мемлекет болуын армандады.

Оқушы «Қазақ елі шақырады» өлеңін (Т.Молдағалиев) оқиды:

 Төрт қазақтыі біреуі үйінде емес,

Сондықтан да туады миымда егес.

Тағдырында халықтың тұ мәселе –

Анда-санда өтетін жиында емес.

Шашылып кеткен тарыдай қайран халық,

Тағдырыңа отырмын қайран қалып.

Маңдайыңды бәрің де айға тіре,

Жағдайыңды сұрайын қайда барып.

Зомбылық пен зорлықты неше көрген,

Көше берген, бақ іздеп көше берген.

Жылап қалған жас бала бесігінде,

Қамқор болар әке өлген, шеше де өлген.

 

Ешқашанда емес-ау жол асығар,

Өзі тапқан ұрпағын ана сынар.

Бар жерінде әлемнің қазақтар бар,

Дүние салған қазақтың моласы бар.

 

Қазағымды тағдыр бар аялаған.

Барын берген қолдағы аямаған.

Келем десе баласы туған жерге,

Сол туған жер құшағын жаяды оған.

1-жүргізуші:  Міне,енді  ХІХ ғасырдың 30-ншы жылдарында, дәл былтырғыдай  көктем күндерінің бірінде  Ақмоланы қоршаған  Кенесары хан  Есілдің дәл сол  бір кезде өзі тұрған жағалауында, тас тұғырға қондырылды.(Слайт көрсетіледі. Астана қаласындағы Кенесары ханға қойлған ескерткіш).Халқының жоғын жоқтап,намысын қуған хас батырдың алғашқы азат етуге тырысқан мекенінің  бүгінгі таңда  тәуелсіз еліміздің  Астанасына айналуында тағдырдың жазуы жатқандай.

Оқушы «Топжарған елім» өлеңін оқиды:

Сүйінші ! Уа , ағайын,

Аталды елім егемен.

Ақордамның төрінен

Елбасымның естілсе

Жаһанға ерен дауысы

Тебіренбейін неге мен?

Ақынның дүрі, дырауы,

Топжарған елдің жырауы

Домбырасын , қане , қолға алсын!

Шаттана, шалқып толғансын,

Көсіліп бүгін сөйлесін,

Сөйлегенде бүй десін:

-Сүйінші!

Уа, қандастар,

Шалқардай шалқып жиылшы,

Туып тұр сәтім той бастар,

Сұрайын ерек сүйінші!

Өзіне Еуропаңыздың

Сыйғандай алты елі де,

Шежіресі ерлік-аңыздың!

Айқара ашып түндігін,

Түтеткен түтін көне жер.

Тебіренткен тойда дүлділін

«Әтшу!», «Өк», «Шөк-шөк!», «Шөре» жер

«Елім-ай»-ды айтып еңіретіп,

Қаратаудан көшкен жер.

Жауыздық жанын жегілеп

Күйзелу кезең кешкен жер.

Сарнатып Қорқыт қобызын,

Асанқайғы жортқан жер.

Сағымды дала, жол ұзын.

Бұқажон балық шортқан жер.

Садақ пен найза сартылдап,

Қасақы жаулар қашқан жер.

Абылайаты арқырап,

Жеңіспен шашу шашқан жер!

Абыз бен Абай «аһ!» ұрып,

Шермені нардай шөккен жер.

Хан Кене ашу шақырып,

Махамбет қанын төккен жер.

Құрманғазы сарындап,

Ыбырай мектеп ашқан жер.

Сілкінтіп Торғай даласын

Амангелді арындап,

Жәдігөй жаулар сасқан жер.

Тозған жер, азған кезеңмен

Мәңгүрт боп қазақ тұсалды.

Арыстан ашу кезенген

Айбарын берік ұстанды.

Талқан боп тәж бен тағы да

Империя мәңгі құлады.

Оқушы «Ия, солай» әнін орындайды.

2-жүргізуші: Кенесары  ханның 200 жылдығына байланысты өткізілген салтанатты жиында Кенесары хан бабамыздың тікелей ұрпағы болып келетін Нәнуса Әзімхан қызы Кенесарина Елбасына қарата айтқан Сөзінде: «Кенесары-қазақтың соғы ханы, Сіз-қазақтың тұңғыш президентісіз. Сіз Кенесарының тікелей мұрагерісіз,бастаған ісін жалғастырған, жеріне жеткізген адамсыз» дегені Алаштың азаматы айта жүрерлік өрелі сөзі болып шықты.

Оқушы «Жарасты тұлпарыңа ер –тұрманың»   өлеңін оқиды:

Тағы да қазақ атын асқақтаттың,

Биікке сол еліңді бастап бақтың.

Гүл ектің туған жердің жүрегіне,

Оттарын өшірместен аспан жақтың.

Ақ жұлдыз қайда барсаң соңыңа ерді,

Қажымас қайратыңды тағы да көрді.

Таныттың дүниенің бар жағына

Қадірлі қазақ деген қалың елді.

Жарасты тұлпарыңа ер –тұрманың

Сазгерлер Сардарым деп келтірді әнін.

Бауырым, өз арқаңда білді қазақ

Ел қамын ойлайтұғын ер туғанын.

Бастай бер ер еліңді қияндарға,

От барда ,арман барда, қиял барда.

Бабаңның ауағына сыйынып қой,

Қолыңа ел атынан ту алғанда. (Т.Молдағалиев)

1-жүргізуші: Атақты жазушы Әзілхан Нұршайықов өзінің  «Замандасқа хатында» былай деп жазды:

«Қазақ халқының ең бақыты ұрпағы бізбіз, замандас!Біздің мұндай бақытқа жетуіміздің негізі- біздің тәуелсіздігіміз. Тәуелсіздік тұтқасын берік ұстап, елімізді бүкіл  дүние жүзіне танытқан тұңғыш президент Назарбаевтың арқасы.

Тәуелсіздігімізді бағалай білейік, замандас. Ол үшін тұңғыш пезидентіміз төңірегіне жұмылған жұдырықтай топтасып,ұлтық ұйымшылдығымызды, бірлігімізді, достығымызды  тастай қаты, темірдей берік, нығайта берейік және нығайта түсейік.

Оқушы «Қазақстан»әнін орындайды.

2-жүргізуші: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» — деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады»,- деген еді.

Оқушы «Бастап бізді биіктерге»  өлеңін оқиды.

1-жүргізуші: Ендеше, жас ұрпақ, бабаларымыз арман еткен тәуелсіздік пен Отанын, елін, жерін қорғау үшін өз қандарын қиған  бабаларымызды есмте сақтау және де  осы  қасиеті Отанымыз бен ұлан ғайыр жерімізді қорғау — әрқайсымыздың ардақты борышымыз. Тәуелсіз Отанымыз Қазақстанды  қорғауға әрдайм дайын болайық!

Осы жерде өлеңдер оқылады. Сахнаға төрт оқушы шығып  өлеңдерін оқиды.

Оқушы «Сен -қазақсың»өлеңін оқиды:

«Сен –қазақсың!

Қазақ деген ел бөлек,

Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.

Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,

Шаңырағы Күн сияқты дөңгелек.

 

Сен –қазақсың!

Бір алланың құлысың!

Адамға адам құл болғаны – құрысын.

Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай,

Қалған ұлтсың.Қаһармансың! Ұлысың!

 

Сен – қазақсың!

Қазынасы —  нәсіп, құт.

Қазақ болу-ғаламатқа ғашықтық.

Жерің, тауың, сұлу соншалық-

Көрген көзден кететіндей жас ытқып!

 

Сен –қазақсың!

Қазақ едің туғанда!

Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,

Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,

Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда! (Күләш Ахметова)

 Оқушы «Ана тілім» өлеңін оқиды.

 «Жаса,Қазақстан!» әні орындалады.

Сихимбаева Махмуда Мубашаровна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ