«Табиғат және адам» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

0
3973
Freepik.com

1. Тест тапсырмаларын орында.

Қ.Мырзалиевтің драмалық шығармалары:
A) «Сақал саудасы»
B) «Алаштың арманы»
C) «Мәңгі майдан»
D) «Жаралы Жолбарыс»
E) «Қазақ пен қонақ»
F) «Иірім»
G) «Әмір Темір»

Қадыр Мырзалиевтің балалық шағы туралы жазған өлеңі:
А) «Бала кезім – бұла кезім»
В) «Балдәурен»
С) «Балалық шаққа саяхат»
D) «Сағындырған балалық»
Е) «Балалықсыз балалық»

Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасында айтылатын, Ақтөбеде
жойылып кеткен аң түрі:
А) Онагра
В) Мамонт
С) Барыс
D) Піл
Е) Квага

«Қызыл кітап» поэмасы бөлімдерінің саны:
А) 8
В) 12
С) 9
D) 11
Е) 10

«Қызыл кітап» поэмасында айтылған құс түрінің саны:
А) 15
В) 14
С) 10
D) 11
Е) 13

«Қызыл кітап» поэмасында айтылған аң түрі:
А) Жолбарыс
В) Керік
С) Піл
D) Қарсақ
Е) Лама

«Тойдан қайтқан қазақтар» драмасының кейіпкерлері:
A) Қасқырбай
B) Жолсерік әйел
C) Қошқарбай
D) Асай Мүсеевич
E) Вокзал кезекшісі
F) Мэлис Әлібаевич
G) Министр

С.Балғабаев қалам тартпаған жанр:
А) Проза
В) Поэзия
С) Ғылыми фантастика
D) Драматургия
Е) Публицистика

С.Балғабаевтың ең алғашқы жұмыс орны:
А) «Пионер» журналы
В) «Балдырған» журналы
С) «Білім және еңбек» журналы
D) «Лениншіл жас» газеті
Е) «Социалистік Қазақстан» газеті

Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» драмасындағы
бөлімдер саны:
А) 5
В) 2
С) 3
D) 1
Е) 4

«Тойдан қайтқан қазақтар» драмасындағы «кісілердің сүйегі асыл»
сөзінің мағынасы:
А) дана кісі
В) адамгершілігі жоғары кісі
С) денсаулығы мықты
D) көнбіс кісі
Е) сыпайы кісі

2. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер:

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн
мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды
ұғымды білдіреді.

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі, сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай қастерлеу – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу»  деп бекер айтылмаса керек. Бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген  ыстық махаббатын осындай теңеу, атаумен білдірген, орман-тоғайларды  сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.«Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас  ұрпақтың бойына табиғатқа қамқорлық жасау тәрбиесін сіңірген.

1) Мәтіндегі негізгі идея қандай?
2) Антропогендік факторлардың көбеюі нені білдіреді?
3. «Қызыл кітап» поэмасын баспагер ретінде басылымға дайында. Ішкі
мазмұнын, мұқабасын өз талғамыңмен безендір.

4. Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасы мен Сұлтанәлі  Балғабаевтың «Қазақтың қызыл кітабы» және «Қызыл кітапқа кіретін  халық» ығармалары арасында ортақ идея бар ма? Қандай жауап болса  да, ойыңды дәлелде.

5. Бөлім бойынша «Табиғат және адам» деген тақырыпқа презентация жаса. 

Халықара­лық зер­ттеу­лер фор­ма­тын­дағы тап­сырма­үлгілері
Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап бер.

І

…Бұл ретте мені алаңдататыны ана тіліміздің жағдайы еді. Бұл дерт, әсіресе, жетпісінші, сексенінші жылдары барынша асқынды. Осы жылдары  қазақша бірауыз сөз білмейтін, қазақтың ұлттық мәдениетінен ада, қазақы  ғұрыптан мүлдем мақұрым жаңа ұрпақ қаптап өсіп келе жатты. Соған орай  қазақ мектептері де барынша азайды. Осының салдарынан қазақ халқы ұлт  ретінде жойылып кетудің алдында тұрды. Ұлтқа жаны ашиды дейтін зиялы  қауым өз ана тілінен жұрттың ең алды болып безініп, өзгелерге теріс үлгі көрсетті. Мысалы, сол кезде Алматыдағы зиялы қауымның балалары мен немерелері түгелдей ана тілін мүлдем білмей өсті. Сөйтіп, Қазақстанда қазақ тілін менсінбеушілік мықтап орын алды.

ІІ

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

1. Берілген мәтіндердегі қаламгерлердің өзіндік стилін анықта.
2. Мәтіндерге атау бер.
3. Мәтіндердегі ортақ ойды анықта.
4. Екі мәтіндегі қайталанатын сөздерді тап.

5. Қай мақал-мәтел мәтіндердегі идеяға сәйкес келеді?
А) Тіл – достықтың алтын көпірі.
В) Тіл – ақылдың өлшемі.
С) Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
D) Тілі өлген ел – тірі өлген ел.
Е) Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

6. Қазіргі ұрпақ өкілі ретінде тіл мәселесі туралы екі авторға хат жаз.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ