Табу сөз және оның мән-мағынасы

0
10300

Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер.

Табу сөздер төмендегідей негізде қалыптасқан:

1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, «жай түсті» десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен «жай» сөзін «жасыл» сөзімен алмастырып қолданған;

2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан «қасқыр» сөзін «ит-құс», «ұлыма» деген сөздермен алмастырып қолданған;

3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек ауруының атын атамай, оны «қорасан» деген сөзбен ауыстырып айтқан;

4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б.

Тіл білімінде құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз, тұрпайы естілетін сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. Эвфемизм ойды көркем түрде бейнелеп жеткізу үшін қолданылатын, мәдениеттілікті, сыпайылықты білдіретін сөздер болып табылады.

Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы әдеби тілге жатпайтын, тұрпайы, дөрекі түрде айтылатын, біреуді қорлау, кеміту мақсатында пайдаланылатын сөздер.

 

ДИСФЕМИЗМ

ЭВФЕМИЗМ

Құрт ауруы
Қылтамақ
Саңырау, керең
Соқыр
Ақсақ
Екіқабат
Туды
Өлді
Мылжың
Ұрлықшы
Өсекші
Өтірікші

Өкпе ауруы
Жіңішке ауру
Құлағының мүкісі бар
Зағип
Аяғын сылтып басады
Аяғы ауыр
Дүниеге келді
Қайтыс болды
Сөзуар
Қолының жымысқысы бар
Аузы жеңіл
Қосып айтады

Дереккөз: itest.kz

Қазақ тілінен басқа да ақпараттар: 

  1. Омоним. Синоним. Антоним
  2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Сөз бен мағына.
  3. Қазақ тілінен тест тапсырмалары
  4. Қазақ тілінен орыс сыныбына арналған тест сұрақтары (ІІ нұсқа)
  5. Қазақ тілінің фразеологиясы
  6. Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ