Ежелгі Египеттің тұрмыс-тіршілігі

0
2275
Египет

Әлемдегі ірі өзендердің бірі – Ніл оңтүстіктен солтүстікке қарай шөлдерді басып өтіп, Орталық Африкадағы үлкен көлдерден ағып шығады. Оның ұзындығы – 5589 шақырым. Египетті ежелгі заманда «Қара жер» деп атаған. Оның себебі – Ніл алқабын үнемі қап-қара құнарлы тұнба басып жататын еді. Адамдардың еңбегі арқылы Ніл аңғарындағы қоғам қатты өрледі. Б.з.д. IV мыңжылдықта Египет халқы тығыз қоныстанған елге айналды. Египеттіктер үшін Нілдің тасуының маңызы зор болды.

Б.з.д IV мыңжылдықта Египетте шағын мемлекеттер пайда болды. Олардың саны 40-қа жетті. Олар бірі-бірімен жиі соғысып отырды. Бірінің жерін бірі тартып алып отырды. Б.з.д. 3000 жылы шамасында оңтүстік патшалығының патшасы Египеттің солтүстігін жаулап алды. Сөйтіп, Ніл шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейінгі жерді алып жатқан біртұтас мемлекет құрылды.

Ежелгі Египетте Тутмос, Аменхотеп, Рамзес есімді атақты перғауындар болды. Перғауындар билігінде шек болмады. Б.з.д. 1500 жылы III Тутмос өз әскерімен Алдыңғы Азияға аттанды. Бұл жорықтар Египеттің Алдыңғы Азиядағы беделін күшейтті. Нәтижесінде Вавилон, Ассирия, Хетт патшалары Египетке алым-салық төлеп тұрды.

Көрші елдерді жаулау кезінде көптеген тұтқындар қолға түсті. Оларды «тірі өліктер» деп атады. Египет жылнамасында 50 жылғы соғыс жорығы кезінде 100 мың құл қолға түскенідігі жазылған.

Египеттіктер таңба суреттерді – иероглифтер деп атады. Б.з.д IV мыңжылдықта Египеттте білім дами түсті.

Ежелгі Египетте өлген адамдардың денесін «мәңгі өмір сүру үшін» бальзамдап, мумияға айналдырған. Египеттіктер мумия жасау арқылы адам денесінің ішкі құрылысын жақсы білді. Түрлі ауруларды емдеді. Перғауындар мен бай адамдарды жерлеу үшін жартастарды қашап, бірнеше бөлмелі мазарлар салған. Мумияны соның ішіне қойды.

Әлемнің барлық жеті кереметтерінің ішінен бүгінгі күнге жеткені Хеопс пирамидасы ғана. Басқалары қирап, тек орындары мен оларды көзімен көрген адамдардың естеліктері ғана қалды. Хеопс перғауынға арналған пирамида б.з.д 2600 жылы салынған.

Египетте құдайлардың қызметшісі – храмдардағы абыздар болды. Құдаймен сол ғана тілдесе алады деп түсінді.

Египетте егіншінің қанша астық жинайтынын есепке алып, қолөнершіге қанша қалайы мен мыс керек екендігін мөлшерлейтін. Египеттіктер бөлшекті білді, арифметикалық амалдарды қолданды. Каналдар қазғанда, оның көлемі мен бұрышын шығару үшін геометрияны пайдаланды. Тік төртбұрыш, үшбұрыш, трапеция және шеңбердің бет көлемін есептей білген.Жұлдыздың, аспанның картасын жасаған. Күн және су сағаттарын пайдаланған.

Египеттің негізгі байлығы тас болды. Ніл аңғары алтын, гранит сияқты қымбат тастарға бай. Бұл тастар құрылыс материалдары ретінде әртүрлі әшекей бұйымдар жасау үшін пайдаланылды.

Ауылшаруашылығы мен қолөнер египеттіктердің басты шаруашылығы болды.

Дереккөз: itest.kz


ПІКІР ҚАЛДЫРУ