Таяу Шығыс аймақтарындағы жаңа өрлеу

0
1493
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

VIII-XII ғасырлардағы Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан. Таяу Шығыс аймақтарындағы жаңа өрлеу немесе мұсылмандық ренессанс

Себеп болған — Шыгыс пен Батыс елдері мәдениеттерін байланыстырған атақты «Жібек жолы» болды. Соган сәйкес Қазақстан жерлеріндегі тарихи қалалар: Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар, Тараз, Баласағұн, сондай-ақ, Құмкент, Саудакент сияқты қалалар гүлденіп, дамыды. Бұл қалалар тек сауда орталықтары болып қойған жоқ, сонымен қатар өнер, әдебиет ошақтары болғанын атап айтқан жөн. Медреселер ашылды, мешіттер, кітапханалар жұмыс істеді, мәдениет өрледі, қоғамдық ой қайратксрлері дүниеге келді. Солардың алғашқылары болып аты өлемге әйгілі ортағасыр данышпандары — Қорқыт Ата, өл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.

VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата әрі кемеңгер ойшыл, әрі ақын, сазгер болып, тарихта үлкен рухани із қалдырған. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялмен іздестіреді. Аныз бойынша, ол ақ түйеге мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. «Кімге қазып жатырсындар?» — деген сұрауына «Қорқыттың көрі» деген жауап алады. Содан, өлімнен қашшып күтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де — бүкіл әлем ұқтырған көрінеді. Қорқыт Ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызбен орындайтын болады.

Сол себепті де «Қорқыт Ата» XX ғасырда дұниеге келген экзистенциализм философиясы-ның орта ғасырлардағы бастауы деуге болады. Өйткені, ол өз шығармалары арқылы мәңгі өмір сүруге болатынын түйіндейді. Қорқыт Ата шығармаларын «Қорқыт Ата кітабы» деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата дүние салтаннан кейін оның ұрпақтары Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атап шығарған көрінеді.

Кітапта 12 тарау болып кірген батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. Шығармадағы оқиға-ларды баяндау желісі Ә.Фирдоусидің «Шахнамасына» үлгі болган еді. Шығарма Шығыс елдеріне кең тараған. Ол — түріктерге де, түрікпендерге де, әзірбайжандықтарға да ортақ рухани Ата. «Қорқыт Ата кітабы» Ватикан мұражайында сақталған. Көшірмесін түріктер, одан біз қазақ тіліне, басқалар да өз тілдеріне аударған.

Данышпан Әл-Фараби (870-950) еңбектері бастапқы тарауда айтылған.

Жүсіп Баласағұн (XI). Негізгі еңбегі «Құтадғу білік» («Құпы білік») 73 тараудан тұрады. Бұл еңбек елді білімге шақырады, адамгершілікке, қайырымдылыққа, сыпайылыққа, қонақты күтіп, қабылдауға үйретеді, әкімшілік орында отырғандарға елді қалай басқару керек, қайткенде оны соңына ерте алады, қайткенде ол халықының жәйлі болады, сол мәселелер кеңінен және жан-жағыы қозғалады. Еңбектің басты идеясы төрт принципке негізделген: біріншісі — мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратын әділ заңның болуы; екіншісі — бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек; үшінші — ақыл-парасат, тертінші — қанағатынсап.

Бұл принциптер жоғарыда айтылған пікірлердің нақты дәлелдемесі болса керек. Сондықтан да еңбек әлі күнге дейін кұнды, манызын жойған жоқ, Солардың бірі — адам неден ауырады, ауырған адамға не жеуге болады соған дейін айтылғанды.

Махмұт Қашқари (XI ғ.) Жүсіп Баласағұнидың замандасы, Қашарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы өміріи Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі: «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілдерінің жинағы). Ол кезінде түркі елдерін көп аралаған. Олардың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын зертгеп, мақал-мәтелдерін жинастырған. Қазақ халқының сол кездегі адамгершілік, ерлік, тіл байлығы қасиеттеріне жоғары баға берген.

Қожа Ахмет Иассауи (1094-1167) — ақын, дана ойшыл, сопылық бағыт ұстаған. Туған жері Сайрам, ал өмір сүрген жері — Ясса (казіргі) Түркістан) қаласы. Сол жерде дүние салған. Ислам дінін насихаттаушы. Мұхаммед пайғамбар жолынан ауытқып, байлыққа, басқда сызықтарға берілген бай, молда, ишан, бек, сұлтандарды сынаған. Пайғамбар жасына жеткен соң жер астынан үңгір қаздырып, қалған өмірін сонда өткізген. Аңыз бойынша, жер астында да сонша жыл өмір сүрген.

Ел оны «Әзірет Сұлтан» дейді. Арада екі ғасыр өткен соң Әмір Темір деген де сөз бар ол кісінің қабыры басына атақты кесене орнатқанын айтқан едік. Меккеге бара алмаған кісілер Түркістандағы кесенеге келіп, дұға оқытса, жеткілікті деген де сөз бар. Негізгі еңбегі — «Диуани Хикмет» (Даналық кітап). Қожа Ахмет Иассауидің қазақ жерінде зор беделге ие болғанын айттық. Білімін Бұхарада толықтырған. Өзін Арыстан Баптың шәкірті деп есептеген. Дүние жинамаған. «Құдайдың құлмын, Мұхаммедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. Арыстан Баппен өзі арасында сабақтастықты ұстаған.

Қожа Ахмет Иассауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге сінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі Қансабеков А.., Алтаев Ж.Қазак, философиясы. Алматы, 1996. 96-6. дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған. Сондықтан, Қожа Ахмет Иассауи шығармаларында Алла (ислам), Құдай (Зороастра), тәңір (шамандық) діндеріндегі түсініктер бірін-бірі жалғастырып, бірдей, қатар қолданылады. Әулиелерге сиыну, түнеу әдеттерін де қабылдап, елге таратады. Бұл да Қожа Ахмет Иассауидің ел арасында беделінің артуына себепкер болды.

1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет Жылы болып жарияланды. Ержиес уиверситетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум еткізідді. Қайсері қаласына жақын жерде Қожа Ахмет шәкірті Қажы Бекташ әулие кесенесі бар. Ел оған да зиярат етеді. Сол арқылы Қожа Ахмет Иассауи рухына сиынады.

Асан Қайғы (XV ғ.) — қазақ даласынан шыққан философ, ел қамын жеген данышпан-ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, «халыққа ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» «Жерұйықты» іздеп, желмаямен қазақ жерін аралайды. Талай жақсы жерлерді де, шөл даланы да көреді, бәріне тиісті бағасын береді. Бірақ «Жерүйықты» таба алмай, қайғырады. Содан ел оны «Асан Қайғы» деп атаған. Әрине, қазақ жерінде кең жазықгы, көк майса шалғынды, орманды-таулы жерлер де, өзен-көлдер де бар, бірақ іздегені әлеуметтік тендік пен рахат емір болатын. Сондықтан оны қазақ жерінен шықкан алғашкы әлеуметтік утопист деп те атайды.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) — қазақ топырағында дүниеге келіп, Кашмир елкесін билеген атакгы қолбасшы, мемлекет қайраткері, тарихшы, ойшыл. Оның «Тарих- и Рашиди» кітабы қазақ хандығының қалыптасу кезеңін баяндайды.

3. XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниеге көзқарасы

Ағартушылық Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Өкілдері, жоғарыда айтылғандай француз философы Вольтер (1694-1778), неміс философы И. Г. Гердер (1744-1803)6 т.б. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым толрауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт іздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты, жоғарыда айтылғандай — сауат ашу, білім тарату, Әрине бұдан келіп, Батыс елі XVIII ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауатгылар да, ғалымдар да болды. Бірақ ондайлар тек үстем тап өкілдері еді.

Олар мен бұқара халық арасындағы алшақтық үлкен болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан, ағартушылар сол қалың елді, бұқараны сауаттандырып, кезін ашпақ болды. Сондықган олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер XVIII ғ. аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, тендік, бауырластық» деген ұранмен көтерілген болса, оның бірден-бір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.

а) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, XIX ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінін Батыс елдерден үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем тап пен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір. Екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сез бостандығы қазақ елінде күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің езіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жерінесырттан келіп, қол сұғушылықка, отыршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімгешақару. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн.

Біріншісі бұл, бір жағынан, патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы — тауар қатынасы күнделікті қазақ еміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қонайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906). Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768), тағы басқалар.

Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші, Ресейге қарсы болған кертартпа идеология, «Зар заман» өкілдері деп қарады. «Зар заман» дегені — Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді. Байқап қарасақ, олар елді кері тартпақ болған идеология өкілдері емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И. Герценнің «Колокол» («Қоңырау») газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған зиялылар болған екен. Олар екіжүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылды. Екіншісі — Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері ер қилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір — елді прогреске ұмтылдыру болды.

Дулат Казақстан жеріне еніп жатқан тауарлы-ақша қатынастарының халық мінез-құлқына, салт-санасына тигізген керағар әсерін былай толғап сынады:

Мынау азған заманда, Қарасы — антқор, ханы арам, Батыры көксер, басы аман, Бәйбіше — тантық, бай — сараң, Боз баласы — бошалаң, Қырсыға туды қыз балаң.

Сөйтіп, Дулат патшалық Ресей тәртібін әшкерелеумен қатар, қазақ елінің азғыңдауын толғана жырлады. Дөл осындай ой-пікір Шортанбайда да орын алды. Ол былай деп толғанды:

Мынау ақыр заманда Алуан-алуан жан шықты,

Арамза молда, хан шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер аты жоқ Ақша деген мал шықты.

Дулат пен Шортанбай бірінің ойын бірі осылай толықтарып, жалғастырған болса, дәл осы қоғамдық ойдың екінші жай Мұрат жырау былай толғап, едці азаттық күреске шағдыру дәрежесіне дейін көтерілді:

Еділді тартып алғаны Етекке қолды салғаны, Жайықты тартып алғаны Ойдағысы болғаны.

Әменде біз «Зар заман» өкілдерін прогреске, Ресейге қарсы, кертартпа (реакциялық) ақын деп бағалап келдік. Бірақ, мәселенің мәніне үңіліп байқап көрсек, олар кертартпа емес, керісінше, қазақ халқының санасын оятпақ болған ақындар болып шықты. Математикада мынадай ереже бар: минус «а» (-а)-ны минус «а» (-а)-ға көбейтетін болсақ, плюс «а» квадрат (а2) болады. Сондай-ақ, қоғамдық өмірде де бір нәрсені терістеу аркылы оны дұрыс нәтижеге итермелеп, жоғары мақсатқа жеткізуге болады. «Зар заман» ақындары қазақ аулына тауарлы-ақын қатыңастары енуіне, патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы шығып, елдін санасын оятты, көзін ашты, халықты күреске шақырды. Сондықтан да «Зар заман» өкілдері бастамасын XX ғасып басында Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтар жалғастырды.

Егер қазақ жерінде бұрын-сонды 300-дей түрлі ұлт-азаттық, көтерілістер, қозғалыстар болды десек, соларға түрткі болған әлгі ақындар еді. Сонда «Зар заман» өкілдері ағартушылар болмағанда кім болады? Әрине, Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ халқын тікелей білімге, еңбекке шақырса, Шортанбай, Дулат, Мұрат өмірдегі түрлі болып жатқан келеңсіз жағдайларды ащы сөздермен түйреп, сынау арқылы елді ілгері басуға, сілкініп, көтерілуге шақырды. Сондықтан біз оларды да ағартушылар дейміз.

Батыс Еуропада ағартушылық қозғалысы басталғанда, олардың да көрнекті өкілдері өмірдегі кертартпалық жағдайларды батыл сынау арқылы елдің санасын оятгы, «Бостандық, Тендік, Туыстық!» деп ұран тастады.

XIX ғасырдың адамзат тарихында ерекше орыны бар. Көптеген еддерде революциялық-демократиялық қозғалыстар етек алды. Ресейде алғаш дворян-революционер А. Н. Радищевтің ісін қолдап, ілгері дамытқан, патша өкіметіне, басыбайлы құлдықа, шіркеуге қарсы шығып, оларды реакция тірегі деп білген, шаруаларды революциялық күреске шақырған А. И. Герцен, В. Г . Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, т.б. болды. Олар материалистік тұрғыдан ой қозғап, еңбектер жазды. Біріншіден, олар жоғарыда айтылғандай, революционер-демократ болып, халықты революцияға шақырды, екіншіден, олар социалист-утопист еді, социализмге шаруала қауымдастығы арқылы жетуді көздеді.

Сол кезде, бұған дейін айтылғандай, басқа ұлт-аймақтардағы сияқты, қазақ жерінде де білімге, прогреске ұмтылған алдыңғы қатарлы ойшылдар шыға бастады. Біз оларды революционер-демократ, социалист-утопист демейміз. Олар халықгы революцияға шақырған жоқ, социализмді де армандаған емес. Әрине, мұнда жағдай басқаша болатын. Дегенмен, олар ағартушы-демократ ретінде тарихтан өз орнын алды.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865) — қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Шоканның туған атасы Уәли хан Абылай ханның үлкен баласы. Шоқанның әкесі Шыңғыс Құсмұрында (қазіргі Көкшетау облысыньщ Володар ауданы) аға сұлтан болған. Шоқан сол жерде дүниеге келген. Ол 1847 жылы Омбыдағы кадет корпусында оқуға алынып, оны 1853 жылы бітірген. Оған дейін ол елінде қазақ мектебінде оқып, арабша хат таныды.

Корпуста жүріп, өзімен бірге оқитын досы Г. Н. Потанинмен бірге прогресшіл мұғалімдердің ықпалымен ой-өрісі кеңіп, тез жетіледі. 1854 жылы табиғатында зерек Шоқан Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік Батыс аймағын басқарған генерал Г. X. Гасфортгың (1790-1874) адьютанты болды. Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы Омбыдан Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбьщан Ыстыққелге дейін келген әскери-ғылыми экспедицияларға қатысып, Жетісудың, Ыстық-көлдің өсімдікгер және жануарлар дүниесін, халқының әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинайды, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын сүреттер салады.

Ал мұның алдында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған болатын. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан «Ыстыққөл сапарының күнделігі», «Қытай империясынң батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген және т.б. құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері жөне басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс География қоғамының толық мүшесі болып сайланды. 1858 жылы Семейде жабдықталған арнаулы сауда керуеніне қосылып, ол Қашғарға саяхат жасады. Онда Әлімбай деген жасырын атпен 1858 жыддың 1 қазанынан 1859 жылдың 11 наурызына дейін болып, сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халқынын кесібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады.

Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабтың жолдамасында: «Бұл мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек»… — деп көрсетілген. Бірақ 1861 жылы науқасы меңдеген Шоқан елге қайтып оралады. Оның үстіне ресми Петербург, патша өкіметі оны салқын қабылдады, тауын қайтарды. 1864 жылы Шоқан Орта Азияны Рессейге қосу жөніндегі, Ташкентке бағытталған М. Г. Черняевтың әскери отрядына шақырылады. Бірақ бұл жорықта М.Г. Черняевтың Әулиеата, Шымкент маңындағы жергілікті бейбіт халыққа жасалған қан төгу ісіне, зеңбірекпен атқылап, үйлерін қаратып, ертегеніне наразы болған Шоқан армияны тастап, Тезек төре еліне барады да, сол жерде 1865 жылы дүние салады. Бұл қазіргі Алматы облысындағы Алтынемел жотасының етегі болатын. Ол кезде Шоқан әлі отызға да толған жоқ еді.

Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасына тоқтайтын болсақ, ол самодержавиелік-басыбайлылық, патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққан Ресей прогресшіл-демократтар тобына жақындығын дәлелдеді. Ол қазақ қауымын демократиялық жолмен өзгертуді көкседі. Оның көзкарасына қазақ даласына айдалып келген демократ петрашевскийшілер сияқты озат ойшыл адамдар игі ықпал жасады. Ф. М. Достоевский, Г. Н. Потанин, Я. И. Полонский, К. К. Гутковский, С. Ф. Дуров, т.б. оның жақын достары болды. Шоқан алдымен елжанды, адамгершілігі мол, интернационалист жан еді. «Ең алдымен өзімнің туған халқымды, сосын Сібірді, сосын бүкіл Ресейді, содан кейін барлық әлемді сүйемін», — деи жазды Шоқан. Сөйткен есіл ер әкесінен де, патшалық Ресей әкімшілігінен де түсіністік таппады.

Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге, прогреске шақырды. «Сот реформасы туралы жазбаларында» Шоқан патша өкіметі жүргізген сот реформасында бай, сұлтан, билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгенін, қазақ еңбекшілері солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол берілгендігін әшкереледі. Сөйтіп, ол қазақ қоғамында үстем тап пен езілуші тап бар екенін айқындады.

Халық мүддесін іс жүзінде қорғау үшін 1862 жылы Шоқан Атбасар округіне аға сұлтан болып сайлануға өрекет жасады. Сол кезде Ф.М. Достоевскийге жолдаған хатында ол осы әрекетін айта келіп: «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктер мен қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім — өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтаның пайдалы екенін керсету еді», — деп жазды. Бірақ оның бұл мақсаты орындалмады, аға сұлтан болып сайланбады.

Дүниетанымдық көзқарасында Шоқан жалпы идеализм шеңберінен шыға алмағанымен, көп жағдайда материалистік көзкарасқа жақындады. Оның діни ұғымның тууы жөніндегі пікірі өте құнды. Қазақ жерінде ол ислам дінімен қатар шамандық дін кең орын алып отырғанын талдап көрсетті. Діннің гносеологиялық тамырын ашты. «Даладағы мұсылмандық туралы» деген еңбегінде: «Ислам діні қазақ халқының ойы мен сезіміне кедергі жасап, орта ғасырлық қараңғылықты уағыздайды, қазақ халқын орыс мәдениетінен бездіреді», — деп жазды. Ислам дінін таратушы татар молдаларын сынады. Қазақ халқының тез дамуы үшін қазақ жерінде орыс мектептерін ашып, ислам діні ықпалынан босату қажет деп көрсетті.

Шоқан Орта Азия, Шығыс Түркістан елдерінің тарихын, мәдениетін, тұрмыс-салтын зертгеді. Қырғыздардың «Манас» эпосын зертгеп, ол туралы ғылыми пікір айтты. «Жоңғария очерктерінде» Шоқан ең бай мәдени ошаюары болған Самарқан, Хиуа, Төшкен, Ферғана, Бұхара кітапханалары мен обсерваториясы XIII-XIV ғасырларда қирағанын өкінішпен айтады. Ол көшпелілер варавар (тағы) деген еуропацентристік пікірге үзілді-кесілді қарсы шықты. Мәселен, қазақтардың тілі, ауыз өдебиеті бай, қолөнері дамыған, олай болса, ол халықты қалайша тағы деуге болады деп, ғылыми әдіспен тойтарыс берді. Шоқан еңбектерінің бес томдық жинағы қазақ және орыс тілдеріне жарық көреді.

Ыбырай Алтынсарин (1814-1889) қазақ халқының-тарихына аса көрнекті ағартушы, жаңашыл, педагог, жазушы, қоғам қайраткері ретінде кірді. Торғай жерінде дүниеге келген. Орынбор шекара Комиссиясының қазақ балалары үшін ашылған мектебінде 1850-1857 жылдары оқып, оны үздік бітіріп шықгы. Жастайынан туған әкесінен жетім қалып, Ыбырай үлкен әкесі Балғожа бидің қолында тәрбиеленді. Орынборда оқып жүрген немересі Ыбырайға жазған мына сәлем хатының үлкен тәрбиелік мәні болды: «Атамды сағындым деп асығарсың, сабаққа көңіл қойсаң басыларсың, Ата-ананды өнер білсең, асырарсың, Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың».

Ыбырай Орынборда оқып жүрген кезінен бастап, өлкеде айдауда жүрген әртекті орыс зиялыларымен араласты, белгілі Шығысты зерттеуші В. Григорьевтен деріс алды. Елге оралған соң халықтан қаржы жинап, мектеп үйін салуға кірісті. Мектеп 1864 жылдың қаңтарында ашылды. Ал мақсаттілегін Ыбырай былай деп белгіледі: «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл шаруашылық академияларда оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін». Бала оқытып, тәрбиелеу жұмысында ол дүниежүзі педагогика классиктерінің идеяларын басшылыкқа ала білді.

Оған басшылық еткен Қазан университетінің профессоры, миссионер Н. И. Ильминский болады. Ол Ыбырайға орыс алфавитімен жазылған оку құралын жасауды ұсынды. 1879 жылы Ыбырай төрт тараудан тұратын әйгілі» Киргизская хрестоматия» («Қазақ хрестоматиясын») кітабын жазды. Сонымен қатар көптеген әңгімелер, өлендер жазып, балаларды оқуға, білімге шақырды. Олардың біразы сол хрестоматияға енгізідді. «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңінде ол: «Сиса көйлек үстіңде, тоқуменен табылған, Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған, Өнер-білім, бәрі де оқуменен табылған.

Кел, балалар, оқылық, Оқиғанды көңілге, Ықыласпен тоқылық», — деп жазды. Ыбырай «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» («Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку». Оренбуг, 1879) атты 8 тараудан тұратын оку кітабында «Зат есім», «Сан есім», «Сын есім», «Үстеу мен жалғау», «Етістік» т.б. ұғымдарын тұңғыш рет енгізіп, талдап көрсетті. Ыбырай өз халқын мәдениетті, өнерлі елдердің қатарына қосуды арман етті. «Өнер, білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден, Көзінді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды», — деп жазды.

Ыбырай оқытушылық жұмыспен қатар халық училищелерінің инспекторы, Торғайдың уездің судьясы да болды. Алтынсариннің тікелей араласуымен мектептер, интернатгар, училищелер ашылды, олардың жанынан халық қаражатымен кітапханалар ұйымдастырылды. Ыбырай надандыққа, сауатсыздыкка қарсы болып, халықты еңбекке, білімге шақырды. Оған «Надандық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Лұқпан Хакім», «Қыпшақ Сейтқұл» деген шығармалары дәлел болады. Мәселен, «Қыпшақ Сейтқұл» деген әңгімесівде Ы. Алтынсарин ағайынды екі адамды масалға келтіреді. Сейтқұл егіншілікпен айналысып, егін егеді, саудамен, т.б. шұғылданады.

Сөйтіп басқаларға өнеге көрсетеді. Екіншісі ұрлықпен айналысады. Ақыры өмірі қорлықпен өтеді. Өзін белгісіз біреулер Түркістан жақта өлтіріп кетеді, ұрлықпен жинаған дүниесі талан-таражға түседі. Сөйтіп, Ыбырай халықты адалдыққа, еңбекке, отырықшылыққа шақырады, зиянды кертартпа әдеттерден безуді уағыздайды, арамдық жолдан сақтандырады. «Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен, Кете бар, кессе басың шындықпенен. Қорек тап бейнеттен де — тәңірім жәрдем, Телмірме бір адамға мұңдықпенен», — деп халқына ақыл-кеңес берді. «Таза бұлақ» әңгімесіңде Ы. Алтынсарин адамгершіліктің маңызды мәселелерін үш жолаушының бұлақ басында сусындап отырып, тастағы жазуды оқып, соны әрқайсысы қалай талдағаны арқылы халық санасына қозғау салады.

Сондағы жазу былай екен: «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол». Бұл мысал Ыбырайдың халқын адамгершілікке баулуда түрлі едістер қолданғаны көрсетеді. Сонымен бірге патша өкіметінің қазақ балаларының ішінен тілмаш тәрбиелеп шығармақ болған әрекетін сынап, қазақ еліне тілмаштық емес, өнер керек, білім керек екенін орыс тілінде жазылған мақалаларында талай рет атап айтты. Қазақ халқының кішіпейіл, білімге құшар, достықсыз адал екенін айтып отырады.

Бірақ, Ыбырайдың бұл мақсат-әрекеті патшалық Рессейдің жергілікті халық өкілдерінен тек тілмаштар дайындамақ болған саясатына қайшы келді, қолдау тапиады.

Ыбырай қазақ халқына көшпелілік тұрмыстың тұсау болып отырғанын да атап көрсетті. Ол қазақтардың емір бойы көшпелі тұрмыста қала беруін қуаттамаумен қатар, «Халық өзінің даму жолында көшпелілік өмірден отырықшылыққа ауыспай қоймайды» деп қорытты. «Халыққа білім беру, көзін ашу ісінің езі осы отырықшылықпен тағыз байланысты», — деп». «Қазақ халқы көп ұзамай орыс мемлекетімен қоян-қолтық араласып кететін болады. Біл жақындықтан ол тек бақыт табады және ол малшы болып қалмайды, сонымен қатар диқаншы да, Рессейдің қасиетті туы астында жақсы жауынгер де бола алады», — деп жазды Ыбырай.

Бірақ Ыбырай патша өкіметінің Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықгарында дала облыстарын басқару жөніндегі 1868 жылы қабылданбақ болған уақытша ережесін сынға алды. Оның қазақ халқының тұрмыс-салты, көшпелі өмір сүрген әдет-ғұрпын, шаруашылығын есепке алмай, оны күштеп отырықшылыққа айналдырмақшы болғанын, артық жерлерін тартып алып, Рессейдің орталық аудандарынан ауып келгендерге бермекші болған әрекетін бүкпесіз ашық сынады.

Ы. Алтынсарин былай деп жазды: «Даланы мекендеген халықтардың өміріне жасанды түрде төңкеріс жасауға шешім қабылдамас бұрын алдымен осы халықты және оның өмірін зертгеп білу ақылдырақ іс болмай ма? Бұл халықта отырықшылық үшін қандай аддын ала орындалған шарттар бар? Мұның өзі ағат қадам жасамау үшін керек. Өйткені, бүгін бір халықтың өмір салтын Алтынсарин Ы. «Таза бұлақ», Алматы, 1988. 306-6 нің хатын» аударып кана қойған жоқ, оған ән де шығарды.

1840 жылы М. Ю. Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етгі.
Қараңғы түн, айнала тау, тым-тырыс, мұлгіп тұрған табиғат. Бұл керініс кімді де болса тамсандырады. Ю. Лермонтовты, Ф. Шубертті, С. Рахманиновты, т.б. шығармашылық шабытқа келтіргені сияқгы, ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер мацжырап» деп аударды, сондай-ақ — ол Лермонтовтың «Теректің сыйы» «Қанжар» елендерін аударды.

Сонымен қатар, Абай Шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науаи, Низами, Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді, «Ескендір», «Масғұт» поэмаларын жазды.

Әлеуметгік көзқарастарында Абай әділеттік үшін күресті. Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді болыстарды, т.б. аяусыз шенеді. Болыстыққа таласып, мал шашып, кейін оны еңбекші бұқарадан еселеп қайтармақ болғандарды кекетіп: «Болыс болдым, мінеки, бар малымды шығындап», — деп әжуалады. Сондай-ақ, кедей, мүсәпір, жетім-жесірлердің қиын өмірін жаны ашып суретгеді. Оған «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңі дәлел болады.

Абайдың дүниетанымында Құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім көп орын алады. Осылардың бәріне прогресшіддік тұрғыдан жауап іздеді. Абай, бір жағынан, Құдай бар деп түсінсе, екінші жағынан, дүниенің әлемнің объективтік зандылығы бар екенін мойындайды. Сондықтан ғылымды меңгеруге, дүниені түсінуге шақырды. «Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз» дегені немесе «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре түра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім» дегені — осының айғағы. Абайдың ойынша, адамның ақылдылығы, саналылыгы дүниені зерттеумен, оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Таным тұрғысынан Абай сананың, ақылдың релін жоғары бағалады. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру, Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс.

«Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуанның жаны болады», — деп жазды. Абай шығармаларында, оның дүниеге көзқарасында стихиялық диалекгаканың да орын алғанын байқауға болады. Айналадағы дүниенің мәңгі қозғалыста, дамуда екенін былай түсіндіреді: «Дүние бір қалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бір қалыпта тұрмайды. Әрбір мақұлыққа Құдай тағала бір қалыпта тұрмақты берген жоқ». Немесе «Дүние — үлкен көл, Замана соққан жел», — дейді Абай «Отыз жетінші сөзінде».

Оның ойынша, дүниеде езгермейтін, құбылмайтын мәңгілік ешнәрсе жоқ. Табиғатқа да, адамға да осы заң ортақ екенін айтады. Мәселен, «Отыз жетінші сөзінде» Абай: «Адам баласын замана өсіреді кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват», — деп жазды. Олай болса адамды адам етіп тәрбиелейтін оның ортасы, әлеуметтік ортасы, достары болмақ. Былайша айтқаңда, адамның жаман, не жақсы болуы Құдайдан емес, тәрбиеден екенін мойындайды. «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»8, — дейді Абай. «Қырық төртінші сөзінде» Абай: адам баласының ең жаманы -талапсыздық деп атап көрсетті. Ол әр нәрсенің, істің өлшемі болады деп білді.

Егер өлшем сақталмаса, шектен шықса, сапалық өзгеріс болатынын айтты. «Қырық үшінші сөзінде» Абай: «Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса — жарамайды. Өлшеуің білмек — бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені де болады. Ішпек, жемек, кимек, құлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық — бұл нәрселердің бөрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады», — дейді». Оның ғажап тағі бір ойы: «…Көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал»,

  • деген («Отыз жетінші сөзі»). Абай шығармаларында, әсіресе қырық бес қара сөзден тұрған оның ғақлияларында талай философиялық ойлар, толғаулар айтылған. Абай Құнанбаев Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы, 1986. 2-т. 135-6. Бұл да сонла. 167-тi халқымыздың ұлттық мақтанышы. Оның ой-пікірі — прогресшіл адамзаттың тұжырымы. Өйткені, ол мистикалық ойдан аулақ болды, ақыл-парасатты дәріптеді. «Отыз сегізінші сөзінде» Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі — надандық, екінші — еріншектік, үшінші — залымдық», — дейді.

1995 жылы еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Бұл кемеңгер ақын Абайға деген мол ризалық пен құрметтің тағы бір айқын көрінісі бодды.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ