Талдықорған

0
1182
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі
Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып табылады. Тұрғындар саны 129,6 мың адамды құрайды. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатаудың батыс жағында орналасқан. Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін аэропорт, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр.
Білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңіраралық өндірістік-қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 4 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалада драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар.
Қаланың құрылыс индустриясын дамыту, балаларға арналған тағамдар, электр сорғылары, сүт өнімін, керамика-граниттан жасалған плиталар, жұмыртқа және құс етін өндіру әлеуеті бар.
Өңір фаунасы биологиялық түрлерге бай: сүтқоректілердің 24 түрі, құстардың — 35, су жәндіктері мен балықтардың 4 түрі қатаң қорғауды қажет етеді, әрі республиканың Қызыл кітабына енген.
Табиғи климаттық жағдайы
Талдықорған қаласының табиғи жағдайы шөл даладан мәңгі қар жататын аумаққа дейінгі 5 климаттық аймақтан тұрады. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулы аймақта — 6-8 С; маусымда сәйкесінше — +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі — 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда — 500-700-ден 1000 мм дейін.
Талдықорған қаласында Қазақстандағы ең беделді көлдердің бірі – Балқаш көлі орналасқан. Ол Балқаш көліне туристік сапармен көптеген адамдар жаз мезгілінде келіп, табиғатына тамсанып , суына шомылып жүр. Және де айта кететін жәй, осы көлдің емдік қасиеті бар дегенде болжам бар. Себебі Балқаш көлі екіге бөлінеді. Бір жағы – тұзды болса, бір жағы – тұщы болып келеді. Осы екіге бөлінген жерде отрасын қосып тұрған батпақ бар, яғни ол екі түрлі судыараластырмайды. Және осы батпақтың емдік қасиеті бар деп, адамдар батпаққа түсіп,үстіндегі жараларды, ауруларды кетіреді дейді.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ірі көлдердің біріне жатады. Көл ұзындығы – 614 шаршы метр, ені – 3,5-тен 44 шаршы метрге дейін созылған, ал тереңдігі 26 метрге дейін жетеді. Балқаш көлінің ең басты ерекшелігі – оның суының түрлі минерализациясында, егер оның батыс бөлігі тұзды су болса, шығыс бөлігі тұщы сулы. Балқаш көлі Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан. Көлдің солтүстігінде Қазақ соқпақтары, батысында Бекпак дала, оңтүстігінде Шу-Іле таулары, Тауқұм құмдары қоршап жатыр.
Балқаш көлі жер бетіндегі ең көне көл болып саналады, көл туралы алғашқы тарихи-географиялық деректерді қытайлықтар берген. Көлдің флорасы мен фаунасы өте бай. Көлде 20-дан астам балық түрлері, 120-дан астам құс түрлері кең таралған. Балқаш көлінің жағасындағы ең ірі қалалардың бірі – Балқаш қаласы. Қала Қарағанды қаласынан 380 км қашықтықта Бертыс айлағында орналасқан. Халық саны – 75,6 мың адам. Қала 1937 жылы Прибалхашстрой кентінің базасында құрылды. Қала тарихы Балқаш тау-кен-металургиялық комбинаттың дамуымен тығыз байланысты.
1967 жылы Лондондық Халықаралық Көрмесінде балқаштық мыс халықаралық мыс эталоны болып танылды. Көл және көл маңындағы табиғат ескерткіштерінің (Бектау ата шатқалы, тоғайлы ормандар) рекреациондық потенциалы туристерді қабылдауға таптырмас мүмкіндік береді. Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады. Балқаш көлінің жағалауында жылына 4 мыңнан астам адам демалады. Демалушыларға жағдайды облыстың ірі өнеркәсіпорындары мен жеке меншік кәсіпкерлердің 9 демалыс зонасы жасайды.
Көлдің батыс жағалауында халықаралық және республикалық маңызы жоғары Алматы – Екатеринбург тас жолы өтеді. Аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі – Бектау ата тау желісі. Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл Кітапқа енгізілген. Сонымен қатар Бектауата тауында киелі саналатын тұзщы су көзі бар «Әулие» үңгірі орналасқан. Бектау ата тау желісі – туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ