«Тамақтану мәдениеті» балабақша конспектісі

0
4215
Дене шынықтыру
Білім беру саласы: Денсаулық Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы, №23 «Айзере» бөбек-жай бақшасы
ҰОҚ: Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері Тәрбиеші: Толеутаева Гульжамал Нуркеслувовна
МАД тобы МАД тәрбиешісі
Бөлім: Дұрыс тамақтану Бөлімше:

2.1 Дұрыс тамақтану ережесі

Тақырыбы: «Тамақтану мәдениеті»
Оқу мақсаты: 0.2.1.1 Дұрыс тамақтану ережесін біліп, қолдану.

0.2.1.3 Пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажырату.

ҰОҚ мақсаты: Дұрыс тамақтану ережесін құрастыру. Бөлкені пайдаланып дұрыс тамақтану ережесін көрсету. Сұрақтарға жауап береді.Пайдалы және зиянды азық –түліктердің суретні,жемістер мен көкөністердің муляждарын қолдана отырып пайдалы және зиянды азық-түліктерді топтастыру.
Күтілетін нәтиже: Дұрыс тамақтану мәдениетінің ережесін құрастырып,өмірде қолданады. Пайдалы азық-түліктерді таңдай алады.
Тілдік мақсат Тақырыпқа байланысты қор мен терминдер.

Тамақ-питание-food

Фастфуд,бутерброд

Ресурстар АКТ,түрлі түсті дөңгелектер, бейнеролик, пайдалы және зиянды азық –түліктердің суреттері,жемістер мен көкөністердің муляждары,себеттер, смайликтер,тиындар, бөлкелер.
Құндылықтарды дамыту Денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану мәдениетіне тәрбиелеу,топтық жұмыста ынтымақтастық таныту.Өз құрдастарының пікірімен санасу және құрметтеу.Жауапкершілікті сезіну,өзіне деген сенімділігін арттыру.
Алдыңғы білім Балалардың өмірлік тәжірбиесінде өздері тұтынатын тағам түрлерін, азық-түліктерді білуі.Кейбір деректермен таныс.
Жоспарлау
ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
1.Мотивациялық кезең

2 мин

6-7 минут

Ашық сұрақтар қою арқылы саралау жүргізіледі.
Балалардың білмейтін білімдеріне ақпарат беремін.

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шеңберге тұрып, «Ыстық лебіз» әдісі арқылы бір-біріне жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді.

Ой қозғау.

-Балалар сіздердің сүйікті тағамдарың қандай?

-Ал біз дұрыс тамақтану мәдениетін білеміз бе?

Балалардың пікірлерін, жауаптары айтады.

Олай болса, ҰОҚ тақырыбы: «Тамақтану мәдениеті»

Мақсаты Дұрыс тамақтану ережесін біліп, қолдану.

Пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажырату.

«Дұрыс тамақтану» бейнебаянын көру ұсынылады.

Мақсаты: Бейнебаян көру арқылы дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейтеді.

-Бейнебаяннан қандай әсер алдыңыздар?

-Қандай ой түйдік?

-Біз күнделікті дұрыс тамақтанамызба?

Дастархан басында тамақтану мәдениеті қандай?

Сұрақ-жауап жүргізу арқылы диалог құрады.

«Жүрек» бейнеленген сурет

АКТ

Тамақтану мәдениеті туралы суреттер

2.Іс –әрекет кезеңі

5-7 мин

Саралау әдісі.

Әрекет арқылы

оқыту.

Кейбір балаларды мақсатқа жетуде өздерінің үйде ата-аналары қандай тамақтану мәдениетінің ережелерін жиі айтатынын сұрау арқылы тартамын,қолдау білдіремін.

5мин

Мақсатқа бағытталған бақылау парағы жүргіземін.

5 мин

Топтық жұмыс

4 түрлі түсті қиылған дөңгелектерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Тапсырма Балалар тамақтану мәдениетінің алтын ережесін өздері белгілеп,құрастыру ұсынылады.

Мақсаты: Тамақтану мәдениетінің ережелерін сақтау туралы түсініктері дамиды.

Әр топ құрастырған ережелерімен таныстырады.

Балалар неліктен олай құрастырқандықтары туралы түсіндіреді.

«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

-Өте жақсы,балалар.Осы ережелерді қолдана отырып,әр топтан бір мүшесін бөлке жеуді ұсынамын.

Топ мүшесін ClassTools.net арқылы тайдаймыз.

Мақсаты: Дұрыс тамақтану мәдениетіне баулу, тәрбиелеу.

Топ мүшелері бөлкені тамақтану мәдениетіне сай ,асықпай шәйнау,үстел басында өздерін әдепті ұстауды,қиқымын түсірмей бөлкені жеуді ұсынады. Басқа балалар өзінің әр түрлі пікірлерін,ойларын білдіреді.

Бағалау. «Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек» арқылы топ аралық бағалау жүргізіледі.

Сергіту сәті.

Шарсаңдар, балалар,

Қолдарыңдыф созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсың.

Топтық жұмыс.

Тапсырма. «Пайдалы тағамдар» тапсырмасын орындауды ұсыну.

Мақсаты: Пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажыратады.Неліктен пайдыл және зиян екенін анықтайды.

-Тәрбиеші. Пайдалы және зиянды азық-түліктерден өзіңіз жиі тұтынатын қандай азық-түліктерді себетке салар едіңіздер?

-Неліктен?

Балалар таңдаған азық-түліктерді жеке атап шығады.

-Ең аз тұтынатын тағам түрі?

-оны жеуге болама?

-Неліктен зиянды және зиянды азық-түліктерді себетке салмадыңыздар?

Балалар өз ойларын айтады.

Бағалау. Топтар бір-бірін тиындар арқылы бағалайды.

Ақ беттер, қарындаштар

АКТ

Пайдалы азық-түліктердің суреті, жемістер мен көкөністердің муляждары,себет.

3.Қорытынды.

Рефлекция кезеңі

3мин

Тәрбиеші қорытынды жасайды.

Балаларды мадақтап-мақтайды.

Балалар ҰОҚ –не баға береді.

Бәрін түсіндім-жасыл смайлик,

Түсіндім-сары смайлик

Ештеңе түсінбедім-қызыл смайликті көрсетеді.

Жасыл, сары, қызыл смайликтер

 

р/с Балалардың аты-жөні Белсенділігі Тақырыпқа сай
сұрақтарға жауап беруі
Баға беруі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ