Дәстүрлі ІV Республикалық Ахмет Байтұрсынұлы олимпиадасы басталды

0
2508
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы олимпиадасы

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІV Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасы басталғандығын хабарлайды.

Олимпиаданың мақсаты: қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығын оқушы жастарға насихаттау және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен білімін тереңдету.

Олимпиадаға мектеп мұғалімдері мен 5-11 сынып оқитын мектеп оқушылары ерікті түрде қатыса алады. Oлимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 7 сәуір мен 6 мамыр аралығында өтеді. Төсбелгі иегерлері 11 мамыр күні анықталады.

Олимпиада қатысушыларының барлығына сертификат, жүлдегерлерге І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Ең жоғары ұпай алған 50 оқушы «Жас Ахметтанушы» төсбелгісімен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 978-59-22; +77009785922;

+77759988387 телефондары арқылы білуіңізге болады.

Толығырақ qaztest.kz сайтында


ПІКІР ҚАЛДЫРУ