Қашықтан өткен бәсеке

0
1069

Тұрақты даму – Қазақстан үшін негізгі міндет. Тұрақты даму деген  экономикалық даму,  əлеуметтік даму жəне қоршаған ортаны қорғау сияқты салалардан тұрады . Бұлай дамуға бағытталу нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейі еселеп өсуге бет алады. Дамудың бастауы ғылыми ашылымдарда жатыр.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұлт философиясы ғасырлар бойы актуальдылығын жойған емес. Ол үшін саналы, адами қасиеттері толысқан ұрпақ тәрбиеленуі қажет .Ал,  мұндай келелі міндеттерді орындау үшін ұлт тәрбиешілері- ұстаздар еңбегі ерен болуы тиіс.  Осы орайда жыл сайын дәстүрлі түрде жүргізілетін, Фараби оқулары аясында өтетін, университет ғалымдары жетекшілік ететін ғылыми конференцияның маңыздылығын атап өтуге болады. Қоғамдық маңызы бар сан түрлі мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін жұмыстар тақырыптары биыл да  сан алуан. Әрине, бұл қуанарлық жай.

Журналистика факультеті бойынша осы халықаралық  ҚазҰУ- нің «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың VII халықаралық ғылыми конференциясына  «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы бойынша «Журналистика» мамандығында оқитын студенттер, магистранттар, докторанттар және кафедра оқытушылары мен ғылыми жұмыс жетекшілері қатысты. №1  Секцияның қазақ бөліміне  профессор Сұлтанбаева Г.С. басшылық жасап, ф.ғ.к., профессор Қабылғазина К.,  PhD Ақынбекова А.Б. сияқты комиссия мүшелері төрелік етті.

VII Халықаралық Фараби әлемі  байқауына «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы қазақ тілінде  14 ғылыми жұмыс  ұсынды. Конференцияға  8 жас ғалым қатысты. Комиссия өз жұмысын 2020 жылдың 8 сәуірінде сағат 11: 00-де Zoom платформасында онлайн режимінде бастады.Студент, магистрант, докторанттар бағдарламада көрсетілген тізім бойынша өздері даярлаған  презентацияларын пайдалана отырып, баяндама жасады.

Сөз басын — «Ақпарттың еркін ағымы және әлеуметтік жауапкершілік» атты баяндамамен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің PhD докторанты Әшірбаев Бекжан  (Ғылыми жетекші: Медеубек С., ф.ғ.к., доцент ) бастады.

Журналистика факультетінің 2-курс студенті Кәріпжан Ақерке  «Копирайтинг талаптары» деген тың тақырыпты ұсынды. ( Ғылыми жетекші: Әлімжанова.А.Б., Журналистика факультетінің аға оқытушысы, PhD ).

«Дисней фильмдерінің қазақ тіліне аударылуы» деген қызықты тақырыпты журналистика факультетінің 3-курс студенті Русланқызы Дана зерттепті. ( Ғылыми жетекші: Әлімжанова.А.Б., журналистика факультетінің аға оқытушысы, PhD).

«Фариза Оңғарсынова  — публицист» деп аталатын келелі зерттеуді  ҚазҰУ, журналистика факультетінің 1-курс магистранты  Башанова Құралай тыңғылықты орындап щыққан.  (Ғылыми жетекші: Ақынбекова.А.Б., журналистика факультетінің аға оқытушысы, PhD).

Гуманитарлық ғылымды техникалық ғылыммен ұштыстыра зерттеу соңғы жылдары журналистика факультетінде үрдіс алып отыр. Соның бір айғағы-  журналистика факультетінің 3-курс студенті Сыланова Айжанның «Журналистикадағы роботтану: себебі мен салдары»атты зерттеуі. ( Ғылыми жетекшісі: Әлімжанова.А.Б., журналистика факультетінің аға оқытушысы, PhD).

Фил.ғ.к., профессор Р.С. Жақсылықбаева жетекшілік жасаған журналистика факультетінің 3 курс студенті Халиулина Жанеркенің  – «Қазақтың майталман публицистерінің  даралық қолтаңбасы»  , журналистика факультетінің 2-курс магистранты Кеңес Айдананың – «Жас Қазақ» газетіндегі инфографика», журналистика факультетінің 3 курс студенті Жолшиева Динараның – «Шерханның шеберлігі немесе публицистикасының сан қыры»  атты ғылыми жұмыстары ғылымға қосқан өзіндік үлестері бар дүниелер.

Әрине, бәсекенің аты –бәсеке. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  даралануы тиіс.Барлық ғылыми баяндамалар тыңдалып, талқыланып, комиссия мүшелері  шешім қабылдады.Шешім бойынша, келесі тізімдегі студенттер мен магистранттар төмендегі жүлделі орындарды иеленді:

I орын — Башанова Құралай  – «Фариза Оңғарсынова  — публицист», журналистика факультетінің 1-курс магистранты. Ғылыми жетекші: Ақынбекова.А.Б., журналистика факультетінің аға оқытушысы, PhD.

II орын Жолшиева Динара – «Шерханның шеберлігі немесе публицистикасының сан қыры», журналистика факультетінің 3 курс студенті. Ғылыми жетекші: Р.С. Жақсылықбаева, фил.ғ.к., доцент.

III орын – Сыланова Айжан «Журналистикадағы роботтану: себебі мен салдары», журналистика факультетінің 3-курс студенті. Ғылыми жетекші: Әлімжанова.А.Б., журналистика факультетінің аға оқытушысы, PhD.

Шағын баяндамадан  бастау алған жас зерттеушілер еңбектері болашақта үлкен арнаға ауысып, оқу ордасының ғылыми деңгейіне өз үлестерін қоса аларына күмән жоқ. Болашақта ғылыми-зерттеу университеті болуға бет алған оқу орынының бастамасы «тамшыдан теңіз құралар» дегендей осындай  еңбектермен толыға бермек.

 Клара Қабылғазина

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор


ПІКІР ҚАЛДЫРУ