Тапқыр достар (бастауыш сыныптарын арналған ашық сабақ)

0
1639
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
       Тақырыбы: Тапқыр достар.

       Мақсаты:  — ата –аналар мен балаларының арасында қызықты ойын ұйымдастыру; өзара жақындық пен жылулық ұялату; оқушылардың білімге  деген қызығушылықтарын арттыру; бәсекелестікке баулу және ойлау қабілеттерін дамыту.

       Сабақ түрі:  өзін-өзі басқару сабағы.

       Көрнекілік:  кеспе сөздер, әріптер, интерактивті тақта, мадақтау қағаздары.

     Сабақтың жүргізілуі:

  1. Кіріспе.

1-жүргізуші(Бақтияр): Жақсы болу өзіңнен,

                       Жаман болу өзіңнен.

                       Өзіңді өзің ая да,

                       Өзің үйрен өзіңнен.

2-жүргізуші: Жақсылық көрсең біреуден,

                      « Мен қандаймын?»- деп ойла.

                      Жамандық көрсең біреуден,

                      « Мен қандаймын?»- деп ойла.

   1-жүргізуші: -Хош келдіңіздер құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін бізде өте қызықты кеш болғалы отыр. Оған себеп  сіздер мен біздің ардақты ата-аналарымыздың арасындағы сайыс сабақ.

   2-жүргізуші: -Бұл сайысты жүргізетін біздер, 3-сыныптың үздік оқушысы – Темірханов Бақтияр.

   1-жүргізуші: -Және 3-сыныптың өнерлі, үздік оқушысы Бөлекова Ақбота!

Ақбота: — Ендеше ойынымызды бастайық! Ортаға  тапқыр ата-аналарымыздан құралған  мейірім  тобын шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Бақтияр: -Екінші қарсылас топ 1-4 сынып оқушыларынан құралған зерек тобын  шақырамыз! Орындарыңызға отыра қалыңыздар.

Ақбота: -Енді  сайыс болғандықтан әділ қазы алқасы да болу керек. Ендеше әділқазылар алқасымен таныс болайық.

  1. _______________________________
  2. _______________________________
  3. _______________________________
Бақтияр: — Дайын болсақ бәріміз тақтадан ойын шартымен  танысайық.

( Тақтадағы шарттарды түсіндіріп өтеді)

  1. Таныстыру
  2. Сөз тапқанға
  3. Ойлан, тап!
  4. Сен білесің бе?
  5. Түсін мені
  6. Жағдаяд шешу
  7. Өнерлі – өрге жүзер

Ақбота: -Ал ендеше таныстыру кезегін бастаймыз.

Шарты: әр топтың басшысы өз топтарының атауын қосып, әр мүшелерімен таныстырып өтеді. 10 ұпайды әділқазы алқасы екі топқа бөліп береді. Мысалы: 1-ші топқа – 6 ұпай, 2-ші топқа – 4 ұпай деген сияқты. Ары қарай әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріп отыру.

Бақтияр: -Келесі кезең «Сөз тапқанға» деп аталады.

Ақбота:  —Ал ,енді қолдарыңыздағы әріптеріңіз бойынша берілген сұраққа ұтымды жауап береді деп «Сөз тапқанға» кезеңін бастаймыз.Шарт бойынша тек өз әріпіңізден басталатын ғана сөз айтуға тиіссіздер, түсінікті ме? Бірінші оқушылардан құралған зерек тобынан бастайық:

  1. Кеше қайда болдың?
  2. Атың кім?
  3. Қазір қандай сабақ?
  4. Үстел үстінде не жатыр?
  5. Жазда не болады?
  6. Есік қаққан кім?
  7. Кіммен доссың?
  8. Қалтаңдағы не?
  9. Ысқырған кім?
  10. Кімді жақсы көресің?
  11. Жасың нешеде?
  12. Өскенде кім боласың?

-Жарайсыңдар, қол соғып қоялық.

Бақтияр: -мейірім тобы  дайын болса, бастайық:
  1. Немен келдіңіз?
  2. Ертең қайда барасыз?
  3. Не ұшып бара жатыр?
  4. Түсіңізде не көрдіңіз?
  5. Ән айтқан кім?
  6. Қай қалаға бардыңыз?
  7. Көктемде не болады?
  8. Сандықта не жатыр?
  9. Қасыңыздағы кім?
  10. Неден қорқасыз?
  11. Қымызды қалай ішеді?
  12. Жаңғақ қалай өседі?

    -Рахмет! Бұл жауаптардың  қаншалықты растығын әділ қазылар бағалай жатар, келесі сайысымызға көшеміз.

Ақбота: -Келесі кезең ойлан, тап деп аталады. . Шарты: Сурет көрсетіледі. (Компьютер мониторынан)

1минут ішінде соған байланысты мақал – мәтел, не жұмбақ, не болмаса өлең жолдарны немесе жаңылтпаш тауып айтуларыңыз шарт. Әр тапқан жауапқа бір ұпай. Ал, іске сәт!»қой, ағаш, батыр, бала, күн, жеті, қыз, бесік, көз, ат, нан қол, қоян, балық)

Бақтияр: — Келесі кезеңіміз «сен білесің бе?» деп аталады.

Шарты: ұяшық артында сұрақ жасырылған, санды таңдап артындағы сұраққа ақылдаса отырып жауап береді. 30 секунд уақыт беріледі.

Ақбота: — Жарайсыздар! Сонымен бұл сыннан шықтыңыздар.Келесі кезең «түсін мені». Ендігі тапсырма топ мүшелері кезектесіп 2 минут ішінде сөздерді көрермендерге тек мимикамен көрсетіп, жауабын шештіре алу керек. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.Егер мимикаға түсіндіре алмасаңыздар, 1-2 сөзбен жақындатып айтуға болады.Одан артық айтпайсыздар.Ал дайын болсақ, оқушылар тобынан бастайық. (Сағат, балмұздақ, ара, кітапхана, түйе, пияз, ұршық балапан, мұз, ай, күшік, ұлу теңге, аяз, қобыз, кірпі, Абай Құнанбаев, жүрек, таң қалу, өшіргіш, ою – өрнек, бес, бесік, қалам)

Әлібек: Келесі кезеңіміз Жағдаяд шешу. Бұл кезеңде әр топқа бір жағдаяд беріледі. 5 минут ішінде жағдаядты түсіндіріп болу керек.

   І — -топ: (ата-аналарға)Аружанның кішкентай сіңілсі Алтынай дүниеге келді. Үйдегілер қуанышты. Туыстары жақсы тілектер айтып, Алтынайға әкелген сыйлықтарын беріп жатыр. Аружан бұған өкпелі. Алтынай өмірге келгенге дейін анасы өзін алдына алып, құшақтап аялайтын. Барлық сыйлық та, жақсы тілектер де тек өзіне айтылушы еді. Енді өзіне көңіл бөлінбегеніне ренішті. Егер сіз Аружанның анасы болсаңыз не істер едіңіз?

   ІІ – топ: Ұланға әке – шешесі жұмысқа кетерде:

Балам, біз жұмыстан келгенше сабағынды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел, — деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң, үйге оның достары Айдан мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды.

     Ұлан әке шешесінің тапсырмасын орындарын немесе достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды.

     Сендер Ұланның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Ақбота: -Тамаша! Міне, ойынның да аяғына жеттік.Енді шешуші кезең әр топ өнер көрсету керек. «Өнерлі-өрге жүзер » дегендей, бұл сайыстан сүрінбей өтіңіздер. Қай топ дайын?  (Екі топ өнерлерін көрсетеді, қолпаштап тұру керек)

Бақтияр: — Сіздерге рахмет! Сөз кезегін әділ қазыларға берейік!

(Әділ қазылар сөйлеп, әр топты марапаттайды)

Ақбота: -Енді, жеңген тобымыздың жеңілген топқа бұйымтайы бар екен. Сіздер не бұйырасыздар, жеңілген топ соны орындауы керек. ( тапсырма орындатады)

Бақтияр:      -Оң қанатым-әкем де,

                   Сол қанатым-анашым

                   Бірі түссе қатерге

                   Мәңгі ұша алмай қаласың – дегендей, құрметті ата-аналар , сіздер біздің тірегімізсіздер, сіздердің уақыт бөліп бізбен бірге болғандарыңыз біз үшін бақыт. Қашан да аман-сау болыңыздар!

Ақбота: -Сіздер барда,  біз де аман боламыз.Көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар! Осымен сабағымыз да аяқталды.

Садықова Сәнімкул Серікбайқызы

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ