Жаңартылған білім мазмұны аясындағы тиімді әдістер (коучинг)

0
3809
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

 

Коучинг сессияның тақырыбы
Жаңартылған білім мазмұны аясындағы тиімді әдістер
Жалпы мақсатым: Қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында әріптестерімнің үздіксіз кәсіби дамуына, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізуге ықпал ету.
Күтілетін   нәтиже: Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдістері туралы  өз түсінігін қалыптастырады, тиімділігін ұғынады, қолданады.
Ресурстар: А- 3 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, жұлдызшалар, смайликтер
Кезеңдері Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Қызығушылықты ояту

 1.«Команда» жаттығуы  

3 мин

 

 

 

 

2.Топқа бөлу 2 мин

3. Бейнеролик «Білім беру бағдарламалары»

3мин

4. «Ротация»әдісі 5мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Жаңартылған білім мазмұнындағы әдістер

10мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Кері байланыс

«Зағиптар» бейнеролигі

 

 

 

7.Рефлекссия

Шеңбер бойынша тұрғызу

1.Оң қолын алдындағы әріптесінің басына қойып жүру.

2.Оң қолын алдындағы әріптесінің иығына қою

3.Екі қолын алдындағы әріптесінің иығына қою

4.Алдыңғы адам артындағы әріптесінің тізесіне отыру

-Осы әрекеттерді орындау барысында қандай құндылықтар қажет болды?

Оңға бұрылып, алдындағы әріптесінің басына алақанын қойып жүреді.

 

 

Ауызбіршілік, сенімділік, икемділік, бейімділік т.с.с

І топ: Бірлік

ІІ топ: Сенімділік

ІІІ топ: Бейіімділік

Аталған құндылықтар бойынша топқа бөлініп отырады

І топ:

-Жаңартылған білім беру бағдарламасы қажеттілігі қандай себептерге байланысты туындады деп ойлайсыз?

Еліміздегі бірқатар мектептер 2009, 2012 және 2015 жылдары осы стандарт  бойынша білім сапасын анықтауға қатысты. Осы зерттеудің қорытындысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қажеттілігі анықталды. Білім беру мазмұнын жаңартудың себебі содан.

Қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы — сол алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана білуі. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.

ІІ  топ:-Жаңартылған білім беру маңыздылығы неде?

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру.

ІІІ топ:

Біз «Бірлік», «Сенімділік», «Бейімділік» деп топтарға бөліндік. Осы құндылықтарды жаңартылған білім беру бағдарламасымен қалай байланыстыра аласыз?

Қазіргі оқыту үдерісінде сыни ойлауға негізделген әдіс-тәсілдерді қолданамыз.

Неге сыни ойлау қазір әлемде табысты тіршілік әрекеті болып саналады?

-Қандай тәсілдер қолданып жүрміз?

 

І топ: «Детектив» әдісі

Мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып  беріледі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында

Тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті:

1. Бәсекелік қабілет арқылы табысқа жетуге мүмкіндік аламыз

2. Прагматизм — нақты мақсатқа жетуге, басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану арқылы табысты еңбек ететін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелей аламыз.

    3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

   4. Білімнің салтанат құруы. Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

   5.  Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау — білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.

   6. Сананың ашықтығы. Өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

ІІ топ: «Коллаж әңгіме» әдісі

Түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі.

ІІІ топ: Іс-тәжірибеңізде қолданылатын әдіс

Әріптестер, мұндағы кейіпкерлер туралы ойларыңыз?

Алдымызға келген бала парақтың ақ беті тәріздес. Демек, балалардың оқыта отырып, заман талабына сай бейімдеу,білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.

Әрбір өткізілген шаралардан өзімізге қажетті білім, білік, дағдыны игереміз.

Бүгінгі коучингтен сәуле боларлық құндылықтар ала алдыңыздар ма?

Құндылықтар жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық беретін межелердің қатарында білімнің үнемі бірінші орында тұруы шарт екені даусыз. Бұл — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқан орамды ой. Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек.

 

 

Мұғалімдер пікірін ортаға салады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлермен, ойша пайымдаулармен, сұрақтармен жұмыс жасау шеберлігі, аналитикалық қызметке қабілеттілік,сонымен қатар басқа адамдардың жұмыс жасау  мүмкіншіліктеріне салыстырмалы баға бере алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдер 5 минут  ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

 

Мұғалімдер өз іс-тәжірибесін ортаға салады

 

 

Мұғалімдер пікірі

 

 

 

Сарина Галия Асылбековна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ