Тәрбие жайлы қанатты сөздер топтамасы

7
55501
Тәрбие туралы нақыл сөз

Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген. Ол туралы ел ішінде айтылатын қанатты сөздер мен тәмсілдерден көруге болады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді. Яғни, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасында алған тәрбиесі баланың адам болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ұрпақ тәрбиесіне бірінші кезекте мән берген ұлтымыздың тәрбие туралы нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. 

Тәрбие жайлы қанатты сөздер 

Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

М.Әуезов

***

Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбайұлы

***

Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

Ахмет Байтұрсынұлы

***

Әрбір баланың мінез –құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады.

И. Павлов

***

Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң.

Абай

***

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге.

Ж. Аймауытов

***

Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп-отбасы. 

М.Арын

***

Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн. 

М. Жұмабаев

***

Тәрбие басы — тіл.

Ж. Аймауытов

***

Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.

П. Каптерев

***

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.

А.Макаренко


7 ПІКІРЛЕР

  1. Мен де біраз қанатты сөздерді қосып кетейін.
    Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы (Әл-Фараби бабамыз)

  2. Тәрбие тал бесіктен басталады

  3. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

  4. Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер

  5. Тәрбиесіз берілген білім –ақылсызға қанжар ұстатқанмен тең

  6. Тәрбие туралы мақал мәтелдерді жаза берсек, аяғына жетпейтін шығармыз. Басқа әріптестерім жалғастырар оқып жатса

  7. Айна ханым, рахмет сізге! Әрқашан пікір білдіріп, қолдауыңызды білдіріп отырғаныңыз үшін

ПІКІР ҚАЛДЫРУ