Тарих сабағында білім сапасын көтерудегі педагогтың кәсіби құзыреттілігі

0
2524
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Педагогтың-көзқарасы, шешімі, іс-әрекетінің негізі.
(Пажарес)

Мақсаты: «Кәсіби құзыреттілік – білім сапасын көтеру» ұлттық идеясы аясында білім мен тәрбие беріледі. Білім алушыларды сабақта, сабақтан тыс уақыттарын тиімді пайдаланып, қосымша ізденуге, өзіндік пікір тудыруға, сын тұрғысынан ойлауға, сөздік қорын дамытуға, қортынды жасай білуге, алған білімдерін талапқа сай өмірде қолдана алады.

Өзекті мәселе: Білім стандартына негізделген жаңартылған білім беру, оқыту технологияларын пайдалана отырып, салауатты өмір салты дағдысын бойына сіңірген, елжанды білім алушы тұлғасын қалыптастыруды ұйымдастыру- бүгінгі күн талабы.

Күтілетін нәтиже: Оқушы үні – оқушылардың сауатты сөйлеу дағдылары қалыптастырылады, меңгерген сөйлесім әрекеттерін кез келген ортада қолдана біледі. Жаңартылған бағдарлама бойынша педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану, жалғастыру, білім алушылардың ұйымдастырушы- лық қабілеті шыңдалады, білімімен, тәжірибесімен алмасады.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші-білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру-кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Қазіргі таңдағы білім беру саласының негізгі міндеті – білім беру жүйесін түбегейлі модернизациялау. Оқыту мен тәрбие үрдісін жаңаша құру, инновациялық технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдану, сабақты ақпараттандыру, ізгілендіру болып табылады. Шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын, өзінен озған шәкірт тәрбиелей алады.

Құзырлы мұғалім — оқыту үдерісін оқушысы өз бетінше білім алатын және өз білімі үшін жауапты бола алатындай ұйымдастыра білетін, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті жоғары деңгейдегі кәсіпқой ұстаз болу керек.

Өзгермелі қоғамға сай, ұстанымы жоғары, көшбасшылық қабілеті қалыптасқан, мәдениетті тұлға- ол кәсіби құзыреттілігі жоғары педагог.

«Мұғалім- өз білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Ал, оқуды, ізденуде тоқтатқанда оның мұғалімдігі жойылады» -деп ұлы педагог К.Ушинский айтқандай жаңартылған білім беру мен оқытудың қазіргі инновациялық әдіс-тісілдері берудегі оқытудың тағы бір тиімді жағы болып табылады. Осы орайда білім алушы оқушыларға сапалы білім беруде «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша жаңартылған білім бағдарламасы жүзеге асуда. Оқушылар білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде тиімді пайдалана білу керек деген қағидамен сабақ жоспарын құрғанда міндетті түрде қандай нәтижеге қол жеткізуге болады. Күнделікті сабақта жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді қолданып, 7 модульді кіріктіре отырып, сабақты қызықты әрі тыңғылықты өткізуіне білім алушылар дағдыланған. Оқушылар осы әдістерге икемделіп, сабақтың мақсатын өздері қоя білуге, жаңа тақырыпқа алдын-ала дайындалу (презентация жасап келу, суреттер табу, АКТ-ны пайдаланып қосымша мәліметтер іздеу) сияқты жұмыстарды атқаруға дағдыланған.

Өз жұмысының нәтижесі ретінде оқушыларының жетістіктері дәлел. 2018-2019 оқу жылындағы танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттері жоғары оқушыларымның жетістіктері:Облыстық «Дарын » ғылыми жобасы 11-сынып оқушысы Абдрашид Перизат IIдәрежелі Диплом, 2018ж.айында мектеп оқушылары арасында «TURAN SCHOOL SCIENCE PROJECT» ең үздік ғылыми жобалар Абдрашид Перизат IIдәрежелі Диплом иегері, 2018, 2019ж.ж.IQ орталығы І Республикалық Ш.Уәлиханов атындағы “Үркер” олимпиадасы-27 оқушы, 2019ж. Е.Б.Бекмаханов атындағы I Республикалық “Білім бұлағы”олимпиадасы-23 оқушы, Халықаралық “Gerodotus” олимпиадасы-6 оқушы, Халықаралық “Золотое руно” олипиадасы-20 оқушы, 2019ж. Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының олимпиадасында Айтжан Арайлым Грант иегері болды.

Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің заңды жалғасы іспетті. Еліміздің жоғары жетістіктерге жетуіне оның табиғи байлығы емес, адами капитал сапасы, адамдарының білімі мен бәсекеге қабілеті, оны іске асыратындай денсаулық сапасы ықпал етеді. Сондықтан әрбір отандасымыз, әрбір қазақстандық алдына үлкен мақсат қойып, табысқа жетуге ұмтылуы керек, сөйтіп ХХІ ғасырға лайықты болуы тиіс. Бүгінгі ұрпақ әр саладан хабардар бола отырып, өз мақсатына жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалана білуі шарт.

Бүгінгі жас ұрпақ — болашақ Қазақстан азаматы. Келешек жастардың еншісі болғандықтан саналы, дені сау, ойы ұшқыр, сезімі сергек,білімі мен ақылы зор абзал азамат өсіру- ең бірінші орында тұрған мәселе. Ал ол үшін оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетінің — алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі, Рухани жаңғыру -Мәңгілік ел тарихының бастауы тарихи оқиғарлар тоғысы туралы түсініктерді біледі, мәліметтердің маңызын ашады, білімдерін қалыптастырады.

«Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілген мектепшілік курс жұмыстары әріптестеріммен әр аптатада жұмыс, «Тәжірибе алаңында» жұмыс жасау, тәжірибе алмасып отыру өте тиімді, пайдалы әрекет. Кәсіби даму нәтижесінде өзінің барлық оқу мен оқыту тәжірибе барысында өз кәсіби дағдылары мен тәжірибесінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіске ие болдым. Шынайы бейнедегі кәсіби маман ретінде үздіксіз білім алу, біліктілікті арттыру және тәжірибе жинақтау арқылы таныла біледі. Кәсіби даму бұл жүйелі білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгеру арқылы өзімің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді шеше алуға ұмтылу.

Жаңартылған білім беру, инновациялық технологияларды таңдай отырып, пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізудегі ең басты тиімділігі- сапалы білім беруге ықпалы зор. Цифрлық өркениет жағдайында оқушылардың тарихқа деген дұрыс ұстанымы қалыптаса дербес ізденісіне, өз бетімен білімдерін алуына қызығушылығын арттырады, өзін-өзі тануына ықпал жасайды. Оқушылардың «Мен» менталитетін жетілдіруге жағдай жасауы, ғылыми ізденіске, ғылыми еңбекке араласуына алдағы уақытта әрбір құзіреттілігі жоғары, ізденімпаз шебер ұстаз ретінде қосқан үлесі төмендегідей:

«Мәңгілік ел болашағы-жаңашыл ұстаз» — бағытындағы шығармашылық ізденістері мен авторлық еңбектері: «Тарих әлемі», «Білім берудің жаңартылған мазмұны- нәтижелі білім негізі»сабақ жоспарлары, «Жетісу тарихы» авторлық қолданбалы курс бағдарламалары жарық көрді.

2017ж. мұғалімдерге арналған «Копилка уроков-сайт для учителей» кашықтық жобасына «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» тіркеу № 395840;

«Ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері» тіркеу № 396827; сабақ жоспарларын жариялау натижесінде куәліктерге ие болды. «Білімділер» порталында үлгілі ашық сабақтары жарияланды.

2012 жылы «Орта ғасырлардағы мәдениет», 2017 жылы «Жаңа форматтағы емтиханға дайындалудың тиімді жолдары» тақырыптарында республика, облыс көлемінде тәжірибесімен бөлісу мақсатында onlinе cабақтарын өткізді.

2018-2019 оқу жылында тамыз мәслихатына арналған «Ел құрметтер есімдер» тақырыбымен «Жаңашыл мұғалім-бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындаушы» номинациясына ие болып, Алматы облысы ұстаздарының «100 жаңа есім» қатарына кірді.

Марапаттаулары: «Жаңартылған білім мазмұны: ізденіс пен нәтиже» бағытында педагогикалық еңбек өтілім жылдарындағы білім беру жүйесіндегі жаңа форматты ғылыми жоба байқаулары, ғылыми-әдістемелік сайыстар мен тәжірибе алмасу нәтежесіндегі жетістіктері үшін Құрмет грамоталары, Дипломдар, жоба күәліктері мен алғыс хаттары: Халықаралық-9,республикалық-10,облыстық-22,аудандық-18. Төсбелгі марапттары: 1997ж «ҚР Білім беру ісінің үздігі», 2015ж «Білім шыңы-Ғылым шыңы», 2017ж «Алаш ұстазы»,«Үздік тарихшы-2018» .

«Тәжірибедегі рефлексия» Кәсіби байқаулары: 2014ж Алматы облысы ББ» ММ «Әдістемелік кабинеті» МКҚК  «Ең үздік шебер-сынып» презентациясы.

2016ж. Алматы облысы ББ» ММ «Әдістемелік кабинеті» МКҚК «Алаш арысы», «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай білім беру ұйымдарының арасында өткен «Үздік тарихшы-2018», «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ «Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды тиімді қолдану» облыстық үздік педагогилық оқуы Е.Б.Бекмаханов атындағы I Республикалық «Білім бұлағы» олимпиадасында“Үздік тарихшы ұстаз-2019” номинация иегері болды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы халықаралық, республикалық, облыстық, аудындық ғылыми-әдістемелік мақалалары, баяндамалары мен сабақ жоспарлары басылымдарының саны: Бәсекелестік-5, Прагматизм-2, Ұлттық рухты сактау-6, Білімге табынушылық-7, Эволюциялық даму-8, Ой-сананың ашықтығы-8.

Қорыта келгенде, ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз! «Мәңгілік Ел» , «Ұлы даланың жеті қыры» , «Рухани жаңғыру» көп ғасырлық тарихын білетін, бағалайтын, мақтан тұтатын, бүгінін нақты білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын азаматтарға білім беру бәрмізге жүктелген.

«Мұғалім–мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекеттің, ақылдың дәнін себетін, нұр құятын жалын иесі»- деп ұлы чех педпгогы Я.Коменский айтқандай жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасындағы құндылықтар мен дағдыларды өзара ықпалдастыра, жас ұрпақ бойына дарыта отырып, білім мен тәрбие беру менің міндетім.

«Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті,
М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп» МКМ
Жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі
Г.Қ.Казербаева

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ