Татулық — достықтың киелі бесігі

0
5741

1 — жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші:«Татулық — достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс — шараға қош келіпсіздер!
1-жүргізуші:1 — мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі — Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
2- Жүргізуші:Бүгінде әрбір ұлтқа салт — дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
1 — жүргізуші:Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір — бірімізбен қоян — қолтық аралас өмір сүрудеміз.
2 — жүргізуші:Ағайын — туған — бар адам. Адалдық үшін жаралған. Бар қымбат туыстық, Баянды болсын тыныштық! — дей келе сөз тізгінін мектеп директоры береміз.
1 — жүргізуші:Бүл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі. Ендеше құрметті сайыскерлер және көрермен жанкүйерлер бүгінгі сайысымыздан әділ төрешілерімен таныс болыныздар:
1.
2.
3.
2 — жүргізуші:Қырғыз, қазақ, өзбектер, Молдовия, ұйғыр, Латвиялар, Армян, тәжік, грузин, Орыс пенен украин Терезесі тең жатыр
1 – жүргізуші:
Ендеше бүгінгі сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар!
Таныстыру ( слайдпен)
Өнер сайысы (ән немесе би)
Ұлттар мақтанышы (фотоальбом)
Ұлтымыздан сізге сый (қолөнер әр топ өз ұлтының қолөнерін ұсынуы керек).
Орынды сұрақ-лезде жауап
Тартынбай сөйлер асылмын (әр ұлт өз тілінде құттықтау)

2-жүргізуші:Құрметті көрермендер бүгінгі сайыс ерекше болмақ
1-жүргізуші:Сонда несімен ерекшеленбек. Жылда өтілетін жарыс емес пе?
2 жүргізуші:Иә, жылда өткізілетін жарыс. Бірақ мемлекеттер басқа. Олар: Молдавия ұлты- 8 «а» сыныбы
1-жүргізуші:Латвия өкілдері — 8 «ә» сыныбы
2-жүргізуші:Би десе жанын салатын Грузия мемлекеті -9 «а» сынып
1-жүргізуші:Кезінде қыздарымен әлемге әйгілі болған, тағамдарымен барша жұртты таңғалдырған ұйғыр мемлекеті-10 «а» сыныбы.
2 – жүргізуші:Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1-жүргізуші:Елордасы және ең ірі қаласы — Кишинёв (Кишинэу)
2 – жүргізуші:Ресми тілдері — Молдованша (Румынша)
1 – жүргізуші:— Президенті — Владимир Воронин
2 – жүргізуші:— Премьер-Министрі — Зинаида Гречаная
1 – жүргізуші:1991 Тамыздың 27 -Желтоқсанның 25
2 – жүргізуші:Жұрты — Қаң 2006 сарап. — 3,395,6002 — 2004 жұрт санағы — 3,383,3322
1 – жүргізуші:Ұлттық ақшасы — лей (MDL)
2 – жүргізуші:Интернет үйшігі — .md
1– жүргізуші:Телефон белгілемесі — +373
2-жүргізуші:———, біз барынша таныстырып қойған сияқтымыз ғой
1-жүргізуші:———, қорықпа олар бәрібірде мұны айтпайды. Олар өлең жолдарымен таныстырады
2-жүргізуші:Олай болса, ортаға Молдаван ұлтын шақырайық! 8 «а» сынып

1-жүргізуші:Латвия, Латвия Республикасы – Еуропаның солтүстік-шығысында, Балтық теңiзi жағалауындағы мемлекет. Жер аумағы – 64,5 мың км2. Халқы – 2,38 млн. адам.Астанасы – Рига қаласы. Тұрғындарының 57%-ы латыштар, 30,4%-ы орыстар, 4,2%-ы беларусьтер, 2,7%-ы украиндар, 2,7%-ы поляктар, т.б. 81 ұлттың өкiлдерi тұрады. Мемлекеттік тiлi – латыш тiлi. Халқы христиан дiнiнің протестант, католик, православие тармақтарын ұстанады.
2-жүргізуші:Латвия – парламенттiк республика. Парламент (1 палаталы сейм) депутаттары 4 жыл сайын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланады. Конституция бойынша мемлекет басшысы – Президент. Оны парламент депутаттары 3 жыл сайын сайлап отырады. Атқарушы билiк – премьер-министр басқаратын үкiмет қолында. Ұлттық мейрамы – 18 қараша – Тәуелсiздiк күнi (1918). Ұлттық ақша бiрлiгi – еуро (2004 ж., мамыр).
1-жүргізуші:Ендеше достар, қарсы алыңыздар! Ортада Латвия мемлекетін таныстыратын 8 «ә» сыныбы
2-жүргізуші:Грузия, Грузия республикасы (Сакартвело) – Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Алпыс алты әкімшілік ауданға бөлінеді. Шекарасы Ресей, Әзербайжан, Армения, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі – 69,7 мың км2. Халқы – 4,5 млн. адам (2007). Астанасы – Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Тұрғындарының 70,1%-ы грузиндер. Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады
1-жүргізуші:Халқының көпшілік бөлігі – христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі – грузин тілі. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. жиырма төртінші тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы – лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы – мемлекеттік тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918).
2-жүргізуші:Назарларыңызда аңызға бай Грузин ұлтын таныстыратын 9 «а» сыныбы
1-жүргізуші:Ұйғырлар — Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданыныңжергілікті халқы. Сондай-ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Жалпы саны 8,5 млн. адам (2001). Тілі — түркі тілінің оңт. -шығыс тобына жатады. XV ғ-да Жетісуға қоныс аударған Ұйғырларды тараншы (дихан)деп атаған.
2-жүргізуші Көне ұйғыр тілі — Қарахан әулеті дәуіріндегі түркі тіліне қарағанда Орхонтүріктерінің тіліне жақын (5 — 9 ғ-лар). Ал қазіргі жаңа ұйғыр тілі өзбек тілімен бірге түркі тілдерінің оңт.-шығыс тобының қарлұқ бұтағын құрайды. Ұзақ жылдар Ұйғыр шет ел басқыншыларының қол астында болып, ішінара қақтығыстарға ұшырады. Осының салдарынан 15 ғ-да этнонимі сирек естіліп, оның орнына — тұрағына байланысты қашғарлық,хоталик, ақсулық, т.б. деп аталды. Ал Жетісу мен Орта Азияға қоныс аударған Ұйғыр тараншы (диқаншы) делінді. 19 ғ. мен 20 ғ-дың басындағы Ресей зерттеушілерінің еңбектерінде осы атау жиі ұшырасады. 1921ж. Ташкент қаласында өткен зиялы қауымның бас қосқан мәжілісінде түркітанушы проф. С.Е. Маловтың ұсынысымен ұйғыр атауы жалпы халықтық атау ретінде қалпына келтірілді.
1-жүргізуші:Білесіздер ме? Дильназ Ахмадиева дәл осы ұлттың аруы екенін. Миінеки ұйғыр ұлтын танытатын дәл осындай сұлу арулары өте көп. Бұгінгі сайыста ұйғыр ұлтын 10 «а» сыныбының қыздары таныстыра ма, әлде ұлдары ма? Көрейік достар ортада ұйғыр халқы 10 «а» сынып
2-жүргізуші:Бірінші бөлім аяқталды, осы бөлім бойынша төрешілеріміздің бағаларын тыңдайық.
1-жүргізуші:Қанша ұлт болсын, Қанша салт болсын, Ынтымағы жарасқан Мәдениетті ел болсын,-олай болса, екінші бөлімімізге сайыскерлер дайын сияқты ғой.
2-жүргізуші:Иә, иә екінші бөлімді бастайық. Көршімізді сыйлаймыз, Қонақ келсе қимаймыз, Қасымызға алып — ап, 100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортаға Молдавия ұлтын шақырайық.
1-жүргізуші:Бәрекелді, сайысымыз одан әрі қыза түсті ғой. Енді бұл ұлтты Латвиялықтар басып оза алады ма?
2-жүргізуші:Қызық болғалы тұр ғой.
1-жүргізуші: Мен қазір Латвиялықтарды шақырмасам шыдай алар емеспін. Құрметті көрермендер, қарсы болмасаңыздар ортаға Латвия ұлтын шақырайық.
2-жүргізуші:Тағамы оның әртүрлі, Қытай халқы ортада. Үнемі олар билейді, Мың бұралып ортада, деп ортаға грузин халқын шақырайық!
2-жүргізуші:Қазір шығатын мемлекеттің қыздары деп асыра сілтеп қойдық қой деймін. Жігіттері де танытата алатын секілді ғой бұл ұлтты. Ортаға ұйғыр халқын шақырайықшы. Қандай өнер дайындағанын көрейік.Бәсекелестерін басып оза алама екен? Сахна төрінде ұйғыр халқы 10 «а» сынып
1-жүргізуші:Бәрекелді, татулықтың арқасында екінші бөлімді де өткіздік.
2-жүргізуші:Иә, біз тату мемлекеттерміз.Олай болса, әділ бағаларды естиік!
1-жүргізуші:Әр ұлт өздерінің мақтанышына ие.
2-жүргізуші:Дамыған заман сайысы дамыған түрде болуы тиіс.
1-жүргізуші:Иә, қазір барлық топтар кезекпен фотоалбомдарын қорғайды.
2-жүргізуші:Фотоальбомды әр ұлт өз тілінде, жоғарғы деңгейде таныстыруы керек.
1-жүргізуші:Қызықты ақпараттар алдық.
2-жүргізуші:Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды білдік.
1-жүргізуші:Төрешілердің әділ бағасын тыңдайық!
2-жүргізуші:Баршаңызға рахмет айта отырып, келесі кезекті үй тапсырмасына берейік.
1-жүргізуші:Бұл бөлім дәл фотоальбом бөлімі секілді өтеді.
2-жүргізуші:Яғни, кезекпен бір-бір оқушы қорғайды.
1-жүргізуші:Мен мына өнерлерге тәнті болдым. Маған қатты ұнады.
2-жүргізуші:Маған да ұнады. Ал қазылар алқасының көңілінен шықтымекен?
1-жүргізуші:Қазір оны бағалардан байқаймыз.
2-жүргізуші:Қазір ең бір қыза түске сайыс болмақ.

1-жүргізуші:Төрт мемлекетте қазылар алқасының алдындағы билеттерді алады. Әр билетте 3 сұрақтан берілген.
2-жүргізуші:Құрметті қатысушылар! Сіздерге ескерту. Билет  сұрақтарын ешкімге берген жоқ. Ал біз жүргізушілер жауаптарын білмейміз.  қазылар алқасы ғана біледі.Қарсылық танытпаңыздар.

1-жүргізуші:Енді қатысушылар жауаптарын оқыса
2-жүргізуші:Қазылар алқасы соңғы бөлімді бағаласа.
1-жүргізуші:Қара қылды қақ жарған, Әділ сынды дәл айтқан. Бағаларын береді, Көрсеткен жақсы өнерге, — дей келе әділ – қазылар алқасына кезекті берсек
2-жүргізуші:Құрметті көрермендер және сайыскерлер сайыс жеңімпаздарын құттықтаймыз. Сайыс әділ әрі қызықты болды.
1-жүргізуші:Ендеше келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ