«Тәуелсіз ел ұланымын» атты мектеп оқушылары арасында өтетін Республикалық байқау ЕРЕЖЕСІ

1
10940

«Тәуелсіз ел ұланымын» атты мектеп оқушылары арасында өтетін Республикалық байқау

ЕРЕЖЕСІ

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Республикалық «Мәртебе.KZ» білім сайтының ұйымдастыруымен өткізілетін «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты байқаудың негізгі мақсаты еліміздің әр өңірлеріндегі мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап оларды марапаттау. Шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету. Жасөспірімдерді  патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау негізгі мақсат болып табылады.

  1. Байқауды өткізу тәртібі

Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы яғни «Мәртебе.KZ» білім сайты айналысады. Сараптау комиссиясы байқау үшін уақытша құрылады.  Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік шығарма немесе эссе»; ( қатысушы тәуелсіздік тақырыбында өзі жазған шығармасын ұсынады)
  2. «Үздік өлең»; ( қатысушы тақырыпқа сай өз өлеңін жолдайды)
  3. «Үздік сурет»; ( қатысушы өзінің төл туындысын сканерлеп ұсынады)
  4. «Үздік ән»; ( қатысушы аудио нұсқада орындаған әнін жолдайды)

 

  1. Қорытындылау және марапаттау

Байқауға ұсынылатын жұмыстар желтоқсан айының 10 жұлдызына дейін қабылданады. Тәуелсіздік күні қарсаңында  жеңімпаздар анықталып марапатталады. Байқау нәтижесі бойынша үздік деп танылған туындылар «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты арнайы жинақ болып шығады.

Байланыс телефоны:  87759988387

Бағалау критерийлері

1.«Үздік шығарма немесе эссе»; ( қатысушы тәуелсіздік тақырыбында өзі жазған шығармасын ұсынады)

«Тәуелсіз ел ұланымын»  атты оқушылар эссесі келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, мазмұны немесе орындалатын жұмыстың қысқаша жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 2-5 басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).

Бағалаудың негізгі критерийлері:

тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;

— идея түпнұсқалығы;

— ойдың дербестігі;

— оқырманға эмоционалды әсері.

2.«Үздік өлең»; ( Қатысушы тақырыпқа сай өз өлеңін жолдайды)

Бағалаудың негізгі критерийлері:

— стилистикалық сауаттылық;

— мағыналық толықтыру;

— байқау тақырыбына сәйкестілік;

-эмоционалдық әсер күші;

-өлең көлемі – 8 тармақтан аса және 30 тармаққа дейін болуы тиіс.

3.«Ән-жырымның арқауы — Тәуелсіздік!» атты патриоттық әндер байқауы

Патриоттық ән байқауына бір немесе бірнеше қатысушының орындауында(дуэт, трио, квартет) азаматтық-патриоттық тақырыптағы әндердің аудиобасылымдары қабылданады (mp3 нұсқасындағы жазбаны электронды пошта арқылы).

Бағалаудың негізгі критериилері:

— дауыс ырғағының тазалығы;

-орындаушылық шеберлігі;

-шығарманың байқау мазмұнына сәйкестігі;

-әннің өңделу сапалылығы(оранжировка).

  1. «Үздік сурет» номинациясы. Бағалаудың негізгі критерийлері:

-суреттің тақырыпқа сай болуы;

— суретші шеберлігі;

— бояу мәнері;

Тапсырыста келесі мәліметтер болуы тиіс:

-Оқу орнының ресми атауы; мекен-жайы;

-Оқушы(лар)дың  аты-жөні; сыныбы; жасы; сапалы фотосуреті;

жетістіктері туралы мәлімет;

-Жетекшісінің аты-жөні;

-Байқау номинациясы;

-Байқау жұмысының атауы; (шығарманың авторы

-Пошталық адрес, телефондары, электронды адресі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ