Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері

0
3628
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

 

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

Үшбұрыштар

Мектеп: №68 ЖОМ
Күні : Мұғалімнің аты-жөні: Кудиярова Г.Д.
Сыныбы : 7 «б» Қатысқандар саны : Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.1.1.23 Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану
Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар :

Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасын және қасиеттерін біледі,сызбасын сызады;

Оқушылардың басым бөлігі:

Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін есептер шығаруда қолданады, сызбасымен байланыстырады;

Кейбір оқушылар:

Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін есептер шығаруда қолданып дәлелдейді, өмірмен байланыстырады;

Бағалау критерийлері

1.Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасын біледі;

2.Теңбүйірлі үшбұрыштың сызбасын сызады;

3.Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін түсінеді;

4. Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін есептер шығаруда қолданады;

Тілдік мақсаттар Теңбүйірлі, тең қабырғалы және әртүрлі қабырғалы үшбұрыш, бүйір қабырға, табаны, бұрыш, ортақ қабырға, биссектриса, медиана, биіктік, орта перпендикуляр анықтамаларын айтады
Құндылықтарға баулу
Сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас дағдылары, өмір бойы білім алу, зайырлы қоғам және жоғары руханият,Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана
Пәнаралық байланыстар Физика, информатика, география
Алдыңғы білім

Үшбұрыш және оның элементтері, түрлері;

Үшбұрыштар теңдігінің І, ІІ белгілері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

 

2 минут

3 минут

6 минут

4 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

2.Сынып тазалығына көңіл бөлу

Үй тапсырмасын сұрау:

Есептің слайдтағы дұрыс жауабы бойынша жұптық жұмыс арқылы бір-бірінің дәптерлерін тексереді.

«Серпілген сауал» әдісі бойынша алдыңғы тақырыпты бекіту:

-Үшбұрыш дегеніміз не, элементтерін атаңыз?

-Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі

-Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар қалай аталады

-Үшбұрыштар теңдігінің І белгісі?

-Үшбұрыштар теңдігінің ІІ белгісі?…

Мағынаны ашу

Барлық оқушыларға әр түрлі үшбұрышты қима қағаздар таратылып беріледі. Қима қағаздардың өлшемдеріне байланысты сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу:

-Үшбұрыштың қабырғаларын сызғышпен өлшеңдер

-Қабырғаларының ұзындықтары қандай болды?

-Үшбұрыштардың өлшемдерінде қандай айырмашылық бар?

-Үшбұрыштардың қабырғаларының ұзындығы бойынша неше түрге бөлінеді?

-Теңбүйірлі үшбұрышты фигуралар өмірде қай жерлерде кездеседі?

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы, тамақтану пирамидасы … туралы мағлұматтар беру арқылы оқушылардың бойында құндылықтарды дарыту.

АКТ

доп

үшбұрышты қима

қағаздар, сызғыш

Сабақтың ортасы

9 минут

 

2 минут

6 минут

 

 

3 минут

 

6 минут

Жаңа сабақты түсіндіру:

Электронды оқулық арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Егер үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, онда үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады.

Теорема. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең.

Теорема. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда ол теңбүйірлі үшбұрыш болады.

Теорема. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген биссектрисасы оның биіктігі де, медианасы да болады. (дәлелдемелерімен түсіндіріледі)

Таратқан үшбұрыштар бойынша сыныпты 3 топқа біріктіру.

1.Тең қабырғалы үшбұрыш

2.Теңбүйірлі үшбұрыш

3.Қабырғалары әр түрлі үшбұрыш

Оқулықпен жұмыс

Әр топқа оқулықтан тапсырмалар беріледі:

1.№37.11 (1) 2.№37.12 3. №37.11(2)

Осы есептердің дискрипторлары бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

1.Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасын біледі

2.Үшбұрыштың белгісіз қабырғасын х деп алады

3.Есептің шарты бойынша өрнек құрастырады

4.Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрін табу формуласын біледі

5.Формулаға сәйкес теңдеу құрастырады, шешеді.

Сергіту сәті

Рольдік ойын. Әр топ оқушылары ортаға кезек-кезек шығып үшбұрыштың түрлерін, медианасын, биссектрисасын, биіктігін көрсетеді.

Жұптық жұмыс

Әр оқушыға теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері бойынша 6 сұрақтан тұратын шағын тест тапсырмасы беріледі, дұрыс жауапқа қарап бір-бірінің тесттерін тексереді.

Жеке жұмыс

Оқушыларға күрделілігіне қарай ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкалар беріледі:

1.АВС теңбүйірлі үшбұрыштың АС табанына биіктік түсірілген. А бұрышы 56 градус болса, АВД бұрышын тап.

2.АВСД тіктөртбұрышы берілген, АВ=ВЕ болатындай Е нүктесі алынған. АЕД үшбұрышының теңбүйірлі екенін дәлелдеңдер.

3.АВС үшбұрышы берілген, АВ=ВС. А бұрышы мен С бұрышының сыртқы бұрыштары тең екенін дәлелдеңдер.

4.АВС дұрыс үшбұрышы берілген. Әр қабырғаның бойынан F, E, D нүктелері алынған, FС=ЕВ=АД. FED үшбұрышының дұрыс екенін дәлелдеңдер.

Оқушыларға орындаған тапсырмалар санына қарай жұлдызшалар беріп отырамын.

АКТ

Оқулық

АКТ

карточкалар

жұлдызшалар

Сабақтың соңы

4 минут

«Номерленген кісілер» әдісі бойынша сабақты бекіту.

Әр топқа 1 ден 7 ге дейін сандар жазылған парақтар беріледі, сәйкес номер бойынша бір-біріне жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.

Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Үйге тапсырма:№37.13, №37.15 және интернет желісінен әлемдегі теңбүйірлі үшбұрыш пішіндес ғимараттардың суреттерін, мәліметтер табу.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен оқушылардан кері байланыс аланады.

Номерлер жазылған қағаздар, стикерлер
Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз ? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Бағыт-бағдар беремін, деңгейлік тапсырмалар, дерек көздерінен мәліметтер жинау беріледі. Топ топты, жұпта бір-бірін бағалайды, өзім сабақ барысында тиімді кері байланыс беріп отырамын, сабақ соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша оқушылардан кері байланыс аламын. Тамақтану пирамидасын жаңа сабақпен байланыстырамын, қауіпсіздік ережелерін оқушыларға қайталатамын.
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1

2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1 ________________________________________________________________

2________________________________________________________________

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері (қиыншылықтары ) туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ