Теңдеулер (Қысқа мерзімді сабақ жоспары)

0
4338
Гомотетия және оның қасиеттері

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы: Теңдеулер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.2.2.2. 39 + 490 : k = 46; 230 · a + 40 = 1000 : 2; түріндегі теңдеулерді шешу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: күрделі теңдеулерді шешеді;

Көптеген оқушылар: күрделі теңдеуді шешудің алгоритмін тұжырымдай алады;

Кейбір оқушылар: тұжырымдамаға сүйеніп, есептің шешуін күрделі теңдеулер арқылы шешеді.

Бағалау критерийлері
  1. Күрделі теңдеулерді шешеді
Тілдік мақсаттар Оқушылар: Күрделі теңдеулерді шешудің алгоритмін және құрылымы күрделі теңдеулердің қарапайым теңдеулерден айырмашылығын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика және теминология: құрылымы күрделі теңдеу, теңдеу түбірі, қарапайым теңдеу

Диалогке/ жазуға пайдалы сөз тіркестері: Құрылымы күрделі теңдеулердің қарапайым теңдеулерден айырмашылығы неде?

Арифметикалық амалдар арасындағы байланысы күрделі теңдеулерді шешу кезінде қалай көмектеседі?

Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық құндылықтары топпен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыстар «Комплименттер бұрқасыны» әдісі арқылы өзін-өзі тану пәнімен байланыс жүзеге асады.
Бастапқы білім Теңдік, теңсіздік, әріпті және санды өрнектер
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

«Комплименттер бұрқасыны» арқылы сабаққа тілек айтады.

-Күніңіз сәтті өтсін!

-Мен сізге денсаулық тілеймін!

-Қуаныш тілеймін!

«Атом мен молекулалар» ойыны.

Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып жүреді. Ал, жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. 3 топқа бөлінеді.

«Артығын алып таста» әдісі

Оқушыларға теңдеу беріледі. Оқушылар өздеріне таныс теңдеуді шешеді.

540 : а =60

а = 9

39 + 490 : k = 46

k = 70

490 : х = 46 – 39

х= 70

230 ×а +40=1000: 2

а = 1

-Қарапайым теңдеулерден қандай ерекшеліктері бар?

-Қай теңдеу сендерге қиын болды?

-Күрделі теңдеу деп екі немесе одан да көп арифметикалық амалдардан тұратын теңдеулерді айтамыз. Күрделі теңдеуді шешу белгілі ретпен орындалады.

1.Теңдеудегі амалдардың ретін анықтаймыз.

2. Соңғы амал бойынша белгісізді анықтаймыз. Бұл теңдеудегі соңғы амал – азайту. Біздің белгісіз–бұл «5·y». Осы белгісізді азайғыш ретінде қарастырамыз.

3.Қарапайым теңдеуге айналдырып, белгілі ережемен шығарамыз. Белгісіз азайғышты табу үшін, айырманың мәніне азайтқышты қосамыз.

4.Қарапайым теңдеу шықты. Белгісіз көбейткішті табу үшін, көбейтіндіні белгілі көбейткішке бөлеміз.

5.Тексереміз.

Сабақтың ортасы Тапсырма №1

(ЖЖ) «Есептеп тап» әдісі

Оқушыларға жеке карточкада тапсырмалар беріледі.

Қолдауды көп қажет ететін оқушылар: Күрделі теңдеулер шеш.

118 – а + 55 = 2000 : 5

3900 : (150 – в) = 30

Дескриптор:

Күрделі теңдеуді ықшамдайды;

Белгісіз компонентті анықтайды;

Есептеуді дұрыс жүргізеді;

Теңдеудің түбірін табады;

Теңдеудің тексеру өрнегін жазады.

Қолдауды аз қажет ететін оқушылар:

Теңдеуді шешіп, алгоритмін сызба арқылы көрсет.

182 + x : 7 = 502 + 37

x : 54 + 40 = 654 – 290

Дескриптор:

-белгісіз компонентті анықтайды;

— есептеуді дұрыс жүргізеді;

-теңдеудің алгоритмін сызба арқылы көрсетеді.

Қолдауды қажет етпейтін оқушылар:

Берілген есепті теңдеу құру арқылы шығарады.

Дүкенде 912 кг жеміс бар еді. Бірдей мөлшердегі 9 машинамен бірнеше кг жемісті алып кеткеннен кейін, дүкенде 552 кг жеміс қалды. Әр мәшинеге қанша кг жеміс тиелді?

Дескриптор.

есепке сәйкес теңдеу құрады;

күрделі теңдеуді ықшамдайды;

белгісіз компонентті табады;

теңдеудің түбірін анықтайды;

теңдеуді тексеру өрнегін жазады.

Қалыптастырушы бағалау. «+, — , керемет»

Тақтаға тапсырмалардың дұрыс жауаптары жазылады. Оқушылар бір-бірін жұпта тексереді.

Тапсырма №2

(ТЖ) «Мозайка» әдісі

Оқушыларға санды өрнектер, әріпті өрнектер, цифрлар, амал таңбалары беріледі. Теңдеу құрастыру тапсырылады. Теңдеуді шешеді

 

 

Дескриптор.

Берілген өрнектерден теңдеу құрады;

күрделі теңдеудің алгоритмін жазады;

белгісіз компонентті дұрыс табады;

Қалыптастырушы бағалау. «Сиқырлы сызғыш».

Топара бірін-бірі бағалайды.

Белгісіз компонентті дұрыс табады

 

күрделі теңдеудің алгоритмін жазады

 

 

Берілген өрнектерден теңдеу құрады

Сабақтың соңы Қалыптастырушы бағалау. «Ретін тап» әдісі

Теңдеу шешудің алгоритмінің ретін цифрмен орналастырады.

Реті
156 ∙ x – 78 = 4376 – 2270
156 ∙ x = 21…4
156 ∙ x – 78 =210…
x = 21…4 : 156
156 ∙ x =210…+78
х =14
156 ∙ 14 – 78 = 4376 – 2270
2106 =2106

Рефлексия «Бутерброд»

Картинки по запросу бутерброд әдісі

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

№1 тапсырманы саралауда тапсырма әдісі арқылы жүзеге асады. Себебі, оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. Және диалог және қолдау жүзеге асады. Қосымша сұрақтар қойылады.

-Амалдар ретін анықта.

-Соңғы амал қайсысы?

— Теңдеудің оң жағындағы өрнекті шеш.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары

туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Семей қаласы
Мектеп: «№7 ЖОББМ-лицей» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Конысбекова Куралай Канатбековна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ