Тіл бар екен деп

Адамға осы ащы тілдің не керегі бар екен?! Атылған оқтай, бірақ бір жеріңе
ғана емес, бүкіл жан дүниеңе ауыр тиетін. Көздің жасына дейін апаратын ащы
тілдің не пайдасы бар екен?! Не үшін айтылады бұл сөздер?! Насысына тиемін,
дұрыстаймын дейтін болсақ, қатты қателесеміз. «Жылы – жылы сөйлесең,
жылан да інінен шығады» демекші, жылы сөзбен жан тебіренттірген адамның
сөздері ғана жігер береді. Тіл бар екен деп, алай – бұлай сөйлей беретін болсақ,
көркем тілімізден не қалады?! Таяқ еттен, сөз сүйектен демекші, ең алдымен
сөзімізді неге дұрыстамасқа? Барлық пәле де осы тілден. Тілімізді жиып, неге
ақылға билетпейміз?!
Елестетіп көрейікші, барлық адамдардың тілдері мәдениетті, ешбір дөрекі сөз
болмаса, бұл әлем керемет болар еді ғой! Сонда өзімізге – өзіміз керемет өмір
қимаймыз ба?! Басқа біреу дөрекі сөйлесе, сен де солай сөйлеу керексің деген
мағына ма? Жоқ әлде кімнің тілі ең ащы деп жарысамыз ба? Әрбір аузымыздан
шыққан сөзге жауап беретінімізді ұмытып кетеміз бе? Тілі бай қазағымның
әдемі сөздерін неге сөйлемеске?! Осы сөздерді біршама адам оқып, бәрі
бүгіннен бастап тілін алай – бұлай сұмаңдата бермей, жаман сөздердің бәрін
ұмытатын болса, қалған адамдар да қызығып, не болмаса, жаман сөзіне
жақсымен қайтарсаң, ұялғаннан жақсы сөйлеп кетеді. Сондықтан да, ең
алдымен, өзімізді – өзіміз жақсылыққа тәрбиелейік. Жақсы сөйлейік, ағайын!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ