XXI ғасыр кітап және компьютер

0
2270

Уақыт бір орында тұрмайды. Жылдар, айлар тіпті күндер өткен сайын заман
даму үстінде. Иә, бұрын бір нәрсе іздеу үшін, бүкіл кітапты ақтарып жатып,
тауып алатынбыз. Ал қазір интернетке жаза салсаң, бүкіл ақпарат көз алдыңа
шыға келеді. Әрине, бұл біз үшін жақсы, уақытыңды да үнемдейді. Өзім XX
ғасырда туылғаныммен, ес білгенім XXI ғасыр. 9 – сыныптан бастап қана
интернетпен қолдануды бастадым. Кішкентай кезімнен бері, мұғалімдер
тапсырма берсе, мектептің кітапханасынан іздейтінмін. Қосымша кітаптарды да,
ертегілерді де қағаз түрінде оқып өстім.
Қазіргі таңда адамдарды екіге бөлуге болады. Кітаптан оқыйтын және
компьютерден оқыйтын деп. Кітаптан оқыйтындардың көбісі жасы үлкен кісілер.
Ал жастар компьютерден оқуды жөн көреді. Бізге қайсысы тиімді? Кітаптан
бастайтын болсам, ұнайтын жерлері болса, астын сызып, не болмаса белгілеп
қоюға болады. Жарық өшіп қалған кезде компьютер қосылмайды, телефонның
зарядкасы өшіп қалады. Ал, кітапты емін-еркін оқый беруге болады.
Компьютерге келсек, ақшаны құртып, кітап сатып алудың қажеті жоқ. Барлығын
интернеттен тауып оқуға болады. Интернетте әр түрлі жарнамаларға көзің түсіп,
оқығандай болмайсың деп те жатады. Бірақ оларды өшіріп қоюға да болады.
Ақын-жазушыларымыз «Кітап – алтын қазына» — деп кітапты жоғары бағалаған.
Себебі, бұрын компьтер, интернет деген дүниелер болмаған. Кітапта бар
дүниелер де, интернетте толып жатыр. Қалағанын оқуға болады. Менің
ойымша, кімге қайсысы тиімді, сомен оқу керек. Оқыймын деген адамға
ештеңе де кедергі бола алмайды. Екеуін бөліп жарудың керегі жоқ деп
санаймын. Бастысы көркем әдебиетіміз оқылмай қалмаса болғаны.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ