Тіл білген тіленбес

0
1772

 Тіл — қай халықтың болсын басты белгісі.

\r\n

Шоқан Уәлиханов

\r\nИә, адам баласының бұл өмірде ең жақыны, жанашыры бары белгілі. «Ол кім?» деп сұраудың өзі дұрыс та болмас.Өйткені, түн ұйқысын төрт бөліп, шыр етіп өмірге келгеннен бар жақсысын баласы үшін аямайтын « Ана» деген құдіретті есімді үлкен әріппен айқайлап тұрып айтуымыз керек шығар. Ана,үш әріптен тұратын осынау қадірлі жанға бас имейтін, табынбайтын жан жоқ шығар.Жалпы үш әріптен тұратын «Әке», «Апа», «Аға», «Іні» деген туыстың барына не жетсін! Ол да қадірлі, қастерлі.Осындай үш – ақ әріптен тұрса да, өмір бойы жаныңда жүретін, сенімен бірге жүріп, бірге тұратын, болашағыңның жарқын көрінісі — «Тіл» деген құдіретті атауды айтқан кезде, әрине, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі аузыңа алғаш ілігері сөзсіз. «Қозыдай күңіренген қайран тіл» деп әдемі теңеу тапқан Шәңгерей Бөкеев атамыздың айтпағы да сол, осы ана тілі емес пе? Ананың сүтімен, атаның қанымен бойымызға дарыған өз тілімізді «ана тілі» деп айтудың үлкен мәні бар.Анаңды қалай сыйласаң, ана тіліңді де солай сыйлайсың. Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз, Досымызды сақтай білген елміз Дәм – тұзды ақтай білген елміз- деген Қаз дауысты Қазыбек бидің керемет сөзі қазақ деген елдің шынайы келбетін шын бейнелеп тұр емес пе? Қазақ деген қаһарман елім басына қандай іс түссе де,соғыстың зардабын тартып, жақынынан айырылып, ашаршылықта аштықтан азайып, желтоқсанда жастарымыз жазықсыз жапа шексе де, еш мойымады,жойылып кетпеді.Сан мыңдаған жылдан жалғасып келе жатқан салт – дәстүр, әдеп – ғұрыптарын жалғастырып, тіл мен дініне берік болды. Ешқашан ана тілін, өз тілін ешкімге де бермеді.Осыдан кейін қазақ деген елді қаһарман демей көр. Біз қазақ деген мал бағып, көшіп – қонып жүрсек те, өз жерімізден, тілімізден, мәдениетімізден айырылған емеспіз.\r\n\r\n«ХХІ ғасырдың жастары мықты.Назарбаевтай президентіміз халықтың қамын ойлап, үйренем деген, оқимын деген жастарға жол ашып қойды» деп тебірене өз ойын айтқан ақсақалдарымыз да аз емес.Ана тілінен бөлек бірнеше тілді қатар меңгеріп, халықты аузына қаратып жүрген жастарымыз қаншама. Шет мемлекеттерден білім алып, өз елінің эканомикасын, мәдениетін дамытуға ат салысып жүрген жандарды көргенде, Қазақстанның болашағы жарқын деп ауыз толтырып айта аламыз. Мектеп – білім ордасы. Әрбір ата – ана өз баласын білім алып, үлкен азамат болып, өз нанын өзі тауып жегенін қалайды, армандайды.Менің де анам үнемі маған: «халықтың алдында жүрмесең де, ертеңіңді ойла,бір тіл біліп қанатыңды кеңге жая алмайсың» — деп үнемі айта беретін, айта беретін. Менің болашағым үшін алаңдап жүрген анамның сөзін далаға тастамай, барынша сабағымды жақсы оқып келемін, шет тілдерін тереңірек меңгерудемін. Мен бұрын Е.Өмірбаев атындағы орта мектепте оқитынмын. Биыл ел ағасы Т.Асауов мырза керемет мектеп – лицейін салып, халықты бір қуантты емес пе? Осылайша жаңа мектеп – лицейіне келген жаңа басшымен соңғы 11 сыныбымды бастап та кеттім.Мектептің басшысы және жаңадан келген жас мамандардың көпшілігі ағылшынша сайрап тұр.Болашақта үш тілділікті жолға қоюға бар күш – жігерін салып жатырған елбасының саясаты дұрыс екендігіне көзіміз жеткендей. Қазіргі жастар жалындап тұр.Оны мақтанышпен мойындау керек.Қазір сайыстардың өзі де үш тілде болып жатыр.Оның да жолы дұрыс шығар. Жаңадан ашылған мектеп – лицейімізде мектептің өзіндік ішкі жаңалығын жариялайтын журнал шыққалы жатыр.Енді осы журналды үш тілде шығарса, құба – құп болар еді. «Жаста оқыған оқуың — тасқа жазғанмен бірдей» деп үлкендер біліп айтқан.Тек өз тілімізді біліп қана қоймай үш тілділікті сонау балабақшадан тарту, тарату керек – ақ. Елбасымыздың саясаты да солай болып тұрғаны белгілі.Қазіргі балабақшаларда орыс тілі, ағылшын тілі сабағы қатар жүріп, оқушылардың дүниетенымын кеңейтуде.Осыған байланысты бір мысал айтып кетсем: Апамның кішкентай қыздары ойнап отырып, ағылшын тілінде ыңылдап ән айтып отыр екен. «Апайымыз осы әнді тезірек жаттап алсаңыз, тағы да басқасын үйретеміз деп айтты» -деп жиенім ұялы телефоннан сол әннің сөзіне қосылып, қайта орындап бермесі бар ма? Иә, үйреткенді қағып алғаны бала кезде дұрыс шығар.Бірақ ғаламтор желісін еркін қолданып, еркін қосқаны мені таң қалдырды.Әлі бес жасқа толмаған жиенімнің үш тілді мектепке бармай – ақ білетіндігі маған үлкен ой салды.\r\n\r\nКіп – кішкентай баладай бола алмағаным ба деп өз – өзімді қайрап, қазақ тілі мен қатар орыс,ағылшын тілін терең білуім керек деген ой түйдім. Тіл –халықтың жаны, бағы, байлығы, бары, нары.Өз тілін құрмет тұтып, өзге тілді меңгеруден бір шаршамайтын жамстарымыз жасасын! Қазақстанның болашағы тілі, діні, мәдениеті арқылы көрінеді.Олай болса, қазіргі жастар,көк туымыздың көкте мәңгілікке желбіреуіне шын ат салысып, Абай атамыз айтқан өмірдің бір – бір кірпіші болып дұрыс қаланып жатқандығы, баршамыздың бақытымызға айналғандай.Жастарымыздың үш тілділігі көк аспанның көгінде көк тудың желбірегеніндей, желбірей берсін,жана берсін, өрлей берсін, көктей берсін! Лайым солай болғай! Шығармамды жүрекжарды аз ғана өлең шумақтарымен қорытындылауды жөн көрдім. Тіл дегінің — болашағын,байлығың Тілің барда көрмейсің сен, қайғы –мұң Өз тіліңді өз анаңдай құрметтеп, Өзге тілмен адамзатқа сайлымын. Демегін сен, кіп – кішкентай баламын, Тілін алғын апа менен ағаның Үш тілді меңгеруің арқылы сен Өсіресің мәртебесін санаңның. Үш тілде еркін сөйлеп кетсең егерде Құпиясын түсінесің ғаламның. Адамзатқа ең керегі тіл дейсің, Сол тілменен көгересің, гүлдейсің. Артық болмас тіл білгенің ей,досым, Үш тілді үш бақытым деп білгейсің?! Тіліменен халық әркез бағалы, Сол тілменен жан рақатын табады. Сол тілменен өркен жайып алысқа, Сол тілменен тоқтаусыз жүрек соғады. Тіл білгеннің тамыры терең жайылып, Желбірейді мәңгі көкте жалауы! Сөнбесін тек тілдердің мәңгі алауы!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ