Тіл мерекесіне байланысты қызықты материалдар

2
6457

Республикамызда «Тілдер мерекесі» жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтеді. Ата заңымызда қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі ресми қарым-қатынас тілі болып жарияланып, елімізде «Тіл туралы» арнайы заң қабылданғаннан бері тілдерді дамыту жөнінде көптеген игілікті істер атқарылды. Бұл заң мемлекеттік және ресми тілдермен бірге Қазақстанды мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың тілдерін дамытуға, ол үшін барлық жағдайларды жасауға кепілдік береді. Сондықтан бүгінде елімізде ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, тілдерін дамыту мақсатымен Қазақстан Халықы ассамблеясы, оның аясында жүздеген ұлттың мәдени орталықтары құрылғаны белгілі. Осы орталықтардың бәрі де өз мәдениеті мен тілдерін өрістетумен бірге Президентіміздің ұлтаралық бірлік пен татулықты сақтау жөніндегі сара саясатын жүзеге асыруға, Қазақстанда тұрақтылықты нығайтуға қызмет етіп келеді.

Сонымен қатар бүгінде елімізде «үштұғырлы тіл» саясаты жүзеге асырылуда. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлытаудағы сұқбатында: «… үш тілді-мемлекеттік тілді, орыс тілін және ағылшын тілін игергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіліміз қатар келе жатыр. Біз осылай үштұғырлы тілді қолдансақ, түбінде біздің жолымыз ашық болады. Мемлекеттік тіл мен ресми тілді игерумен қатар ағылшын тілін жақсы меңгеріп жатсақ, өркениеттер көшінен қалыспайтынымыз анық. Ағылшын тілін дүние жүзі халқының 70 пайызы қолданады. Ол- ғылым мен білімнің, ақпарат құралдарының, интернеттің, медицина мен мәдениеттің тілі»,- деді. Сондықтан біздің елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгеру аса қажеттіліктен туып отыр. Көп тіл үйрену қазақ елі азаматтарының интелектуалды тұлға болып қалыптасуына жол ашатын зор мүмкіндік.

Қазақ тілі — біздің бабаларымыздан аманатталған ана тіліміз. Оны қастерлеп, қадір тұту әр қазақ баласының қасиетті борышы. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін үйренуге тырысуы керек. Олар сол арқылы қазақ халқына деген құрметін көрсетеді.

«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,- дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі заманда тіліміз бәсекеге қабілетті болу үшін өзіміз сөйлеп қана қоймай, техника тілін де қазақша сөйлетуіміз керек. Ол дегеніміз: хатты қазақша қаріптермен жазу, телефонды қазақша баптауға қою, қазақша контент тұтыну және т.б. Бұл қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ біз сол арқылы тіліміздің дамуына үлесімізді қоса аламыз.

Біздің редакция сайтта жарияланған тіл туралы қызықты материалдар сілтемесін назарларыңызға ұсынады. 

1. Тіл туралы өлеңдер топтамасы

2. Ана тілім – ардағым! (Тәрбие сағаты)

3. Тіл мерекесіне арналған іс-шара сценарийі

4. Қазақ тілі — әлемдегі ең бай үшінші тіл

5. Тілдің құдіреттілігін суреттейтін өлең

6. Тіл туралы шығарма. Ана тілің — арың бұл!

7. Тіл туралы деректер

8. Қайраткерлердің қазақ тілі туралы айтқандары


2 ПІКІРЛЕР

  1. Қыркүйек айында мектебімізде тіл апталығы өтеді. Бұл жердегі материалдар көп көмегін тикізетін болды. Редакцияға рахмет!

  2. Тілдер мерекесі құтты болсын! Жақсы материал

ПІКІР ҚАЛДЫРУ