Тіл ұстарту. Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

0
2774
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты Сөздің ішкі мәні мен мазмұнына үңіліп, оның шығу тегі мен төркініне назар аударады
Сабақтың міндеттері:

І. Сөз мағынасын терең ұғынып, өз бетінше ізденушілік әрекетін жүзеге асырады

ІІ. Ой болжамын қорытып шығарады

ІІІ. Сөз әлемінің сырлы бояуына қанығады

IV. Өз есіміне деген құрмет пайда болады

Күтілетін нәтиже:
  1. Сөйлеу машығы қалыптасып, сөздік қоры молаяды.
  2. Жан дүниесіне, жүрегіне, есім сырына үңілу арқылы өзгелерді құрметтейтін болады.
Оқыту технологиясы СТО
Сабақтың типі: Білім мен икем-дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың әдістері: Ойлан, жұптас, бөліс, екі жақты түсіндірме күнделігі, соңғы сөзді маған қалдырыңыз, сиқырлы қалам
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», Алматы-2011ж, «Қазақ есімдерінің анықтамалығы», Алматы-2009 ж
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі
І.Ой шақыру (итермелеу сатысы)

Тіл ұстарту сабағының мақсаты- дұрыс сөйлеу білуге машықтандыру, сөзді орнымен қолдана білуге үйрету, сөздің семантикалық мағынасына зер салу.

Тіл-адамның санасына сәулеленген ақиқат дүниені бейнелеудің құралы. Қазақ қоғамы өзінің бүкіл тұрмыс-тіршілігін, асыл арманын сөзбен өрнектеген. Сөздің мағынасы – сөздің «жаны». Біз бүгінгі сабағымызда сөздер әлеміне саяхат жасаймыз. Өйткені күнделікті тілдік қолданыстағы кейбір сөздердің мәніне үңіле бермейміз. Мәселен, өз есімдеріміз. Ол туралы не білеміз? (адам, жер сөздерінің шығу төркіні туралы айтылады.)

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы есімнің не үшін қойылытыны сұралады.

 

Балалар өз нұсқаларын ұсынады.
ІІ.Мағынаны тану тану

(конструкциялау сатысы)

а) Оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: бес-жеті минуттың ішінде өз есімі жайлы әңгіме дайындау.

Бағыт-бағдар үшін келесі сұрақтар ұсынылады:

-Неліктен ата-анасы оған мұндай есім берген?

-Ол өз есімі жайлы не біледі? (мағынасы , шығу тегі, есіммен байланысты аңыздар);

-танымал адамдардың қайсысында осындай есім бар және оның ол үшін беделі бар ма?

-Есіміне өзінің және басқалардың қатысы қандай?

Әрбір адамға өзінің есімі қымбат болып табылады. Есімдердің де әлемдегі басқы заттар сияқты өз тарихы бар. Олар дүниеге келеді, өзіне ғана тән өмір сүреді, өледі, ал кейде қайтадан дүниеге келеді.

Кейбір ғалымдар жер бетіндегі алғашқы пайда болған сөз, ол-адамның өзінің есімі дейді. Көптеген елдерде, мысалы Африканың бірқатар тайпаларында бөтен елдіктерден өз есімін жасыру тәрізді салттары болған. Эфиопияда анасы баласының есімін атамаған. Ал үнді отбасыларында ерлі-зайыптылар бір-бірін басқаша атаулармен айтқан. Кейбірулер есімі- ол оның жан-дүниесінің екінші атауы деп санайды. Ол неғұрлым ұзақ уақыт сақталса, адам да соғұрлым ұзақ жасайды.

Навахо үндістері адамның есімі оның бақыты мен күш-қуатының қайнар көзі деп санағандықтан, оны артық-ауыс қолданбауға тырысқан, олай болған жағдайда ол ескіріп, тозады деп сенген. Сол себептен де нағыз есімді жасырын ұстап, лақап есімдерді қолданған.

Ежелде адамдар сөз, есім-заттың, адамның бөлінбес бөлшегі дегенге сенген. Ондай сенім болмаса ғажайыптарды, көптеген әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Жауыз рухты немесе өлімді алдап соғу үшін ауру баланың есімі өзгерлілген.

Есімнің бағасы жайлы Гете да айтып кеткен: «Есімі ойыншық емес: Наполеон өз есімін қалдыру үшін адамзаттың тең жартысын күл-талқан етті емес пе». Есімінің рөлі қазақтың мақал-мәтелдерінен де көрініс тапқан:

Атың шықпаса, жер өрте.

Атына заты сай.

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

ә) Пікірталасқа тарту

Иә Жоқ

ә) Екі жақты түсіндірме күнделігі

Есімдер
Мағынасы
Абдолла Алланың, құдайдың құлы
Жания Жаным, жан сәулем
Хадиша Мерзімінен бұрын туылған қыз
Жәмила Әдемі, тамаша, көркем, сұлу, ажарлы
Әлия Құны, бағасы, артық, биік, жоғары, қымбатты, мәртебелі, көрікті қыз
Әзілхан Мұрагерлік, рулық, тайпалық хан
Ғалым Үлкен оқымысты, көп білетін, білгір, ғұлама
Зарина Алтын
Ғани Бай, дәулетті, ауқатты
Мұхтар Таңдаулы, іріктеулі
Қырмызы Шымқай
Жанна Кептер, көгершін
Үміт Сенім, тілек, қалау
Рүстем Жүз, келбет, күшті, батыл, зор денелі
Ренат Революция, наука, труд
Нағима Мейірімді, жарқын, инабатты,биязы

 

Оқушылар ой қорытып шығарады. Жазған дүниелерін көпшілік назарына ұсынады.

Жазылған дүниенің ұнамды тұстарын айрықша атап өтеді, келіспейтін жеріне өз көзқарасын білдіреді. Сөздер мағынасына үңіледі.

ІІІ. Ой толғаныс (нұсқалау сатысы)

а) Соңғы сөзді маған қалдырыңыз

ә) Сиқырлы қалам

Тақырыпқа сәйкес балалар өз жұбына бір сөз жазып береді. Екінші оқушы жазылған сөздің мәнін ашады.

Сабақтан алған әсерлерін қаламды айналдыра жіберу арқылы білдіреді

IV. Үйге тапсырма

Қорытындылау

Ұлы тұлғалардың есімін зерттеу Ізденушілік жұмыстарын жүргізеді
V. Бағалау Жақсы жазылған дүниелерге пікір білдіру

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Э.А.Сматуллаеваның «Тіл ұстарту» тақырыбында 9 «А» сыныбында өткізілген сабақ жоспары

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ