Тілдік қатынас дегеніміз не

0
16374
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Жоспар

Кіріспе

I. Тілдік қатынас дегеніміз не

II. Тілдік қатынастың құрамы мен тұлғалары

II.1. Сөз тілдік қатынастың басты тұлғасы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ғасырлар бойы бостандықты, елдікті аңсаған еліміздің қолы тәуелсіздікке жеткелі бері мемлекеттік тілде ұлтымыздың сана-сезіміне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына сай келетін, яғни ұлттық рухын жоғары көтеретін мәселесі тіл білімі саласында ғана емес, ғылымның барлық саласында күн тәртібіндегі айрықша маңызға ие болды. Осы бағытта көптеген ғалымдар: (Қ.Асылов, Ү.Құсайынов, Ф.Оразбаева, Ә.Жүнісбеков, Д.Рахымбек т.б. еңбек еткен.

Тілдік қатысым болмай адамдар өзара түсінісе алмайды. Бұл — алғашқы қадам. Қазақ тіл білмегенде бұл салаға алғаш бет бұрып, осы бағыттың дұрыстығын дәлелдеген ғалым педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсияқызы. Оның: Қазіргі жас ұрпақ XXI ғасырда Қазақстан Республикасына білімді тұлғамен қатар қазіргі әлемдік өркениетке сай мінезі, тапқырлығы талабы мен таланты жетік өз ортасын жарып шыға алатын, бәсекеге төтеп бере алатын жеке тұлғаның қажет екенін біліп, мемлекеттік, шетел орыс тілдерін жетік білетін мамандарға ұмтылуда — деген атты біздің дипломдық жұмысымыздың маңыздылығын айқындай түсері хақ.

Сөйлесім тілі — тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады, үғыныса алады. Ал басқа тірі жануарлар т.б. бәрінде дененің бір мүшесі ретінде, анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл болғанымен, олар сөйлеу мүшелеріне тән қызметпен қамтамасыз етілмеген, яғни олар тірлігі бар құбылыс болғанымен сөйлей алмайды.

Сөйлесім әрекеті тек сөйлеу мүшелерінің қызметіне ғана емес, ойлау мен пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне қатысты. Бұл — өз алдына бөлек, жеке мәселе.

Тілдік қатынас /ТҚ/ — сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.

Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық көздеріне, естілген дыбыстарға назар аударып, соған өздерінше жауап қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі үлгілері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.

Дегенмен, тілсіз қатынас пен оның түрлері қоғамда да, өмірде де белгілі орын алады. Бұлар адамдардың қарым-қатынасына қызмет ете келіп, түсінісудің қарапайым жолы болып табылады.

Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі — тілдік қатынас, екіншісі — тілсіз қатынас.

Тілдік қатынас — тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және бөлек. Сондықтан да тіл білімі — адамдардың қарым-қатынас құралы тіл туралы және сол қарым-қатынасқа негіз болатын тілдік қатынас туралы ғылым.

Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, белгілі бір тұжырымға келген автордың бірі — Э.П.Шубин. шет тілдерін оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік құралдары анықтауға тырысады. Оның бұл проблемаға қатысты өзіндік пікірлері бар. Ол көзқарастардың ұғымды жақтары да, субъективтік жақтары да кездеседі.

Э.П.Шубин тілдік қатынасы хабармен алмасудың тұтас жиынтығы дей келіп, негізінен, тілдің дыбыстық жүйесі мен таңбалық ерекшелігіне көңіл аударады:

«Естественно было бы определить языкаовую коммуникацию как комплекс явлений, связанных с обменом информацией между людьми через посредство универсальной системы звуковых или графических знаков, именуемой языком». Тілдің таңбалық қасиетімен қатар автор хабардың берілуі мен қабылдау түрлеріне, оны жеткізуші шарттарға ерекше көңіл бөледі. Тіптен бір объектіден шыққан хабар /информация/ екінші объектіде қабылдану үшін, олардың арасында хабарды жеткізетін көмекші құралдардың /«посредниктің»/ болатынын дәлелдеп, оған жазуды жатқызады:

«В примитивной языковой общине все коммуникативные явления сводились к передаче и приему звуковых сообщений. Но в обществе? имеющем письменность и взаймодействующем с другими языковыми коллективами, обмен информацией между коммуникантами нередко осложняется наличием своеобразных «посредников» выполняющих особые вспомогательные коммуникативные операции».

Тілдік қатынастың осындай ерекшеліктерін атап өте келіп, Э.П.Шубин оның /тілдік қатынастан/ тілсіз қатынастың екі түрлі айырмашылығы бар деп есептейді.

Біріншіден, тілдік қатынас әмбебап, яғни жан-жақты, өйткені ол адамдардың барлық саналық және физикалық әрекетіне қызмет етеді.

Екіншіден, тілдік қатынас бірінші пайда болады, яғни алғашқы кезеңде тұрады, өйткені оған адамның ойдау қабілеті негіз болады. Бұны ғалымның өз сөзімен келтірейік: «Во-первых, языковая коммуникация универсальна, поскольку она обслуживает все сферы умственной и физической деятельности людей, неязыковая же коммуникация используется либо в специальных ситуациях, либо как вспомагательная по отношению к языковой. Во-вторых, языковая коммуникация  первична, поскольку на ней базируется само мышление  человека; трудно представить себе такой вид неязыковой
коммуникации, который осуществлялся бы без психологического вмешательства знаков языка /точнее их образов/».

Э.П.Шубин айтып отырған тілдік қатынас бүкіл хабардың тұтас жиынтығы деген анықтамамен келісуге болады. Бірақ мәселенің негізі мынада: тілдік қатынас жалпы хабардың, ақпараттың тұтас жиынтығынан тұратын болса, онда хабардың тұтас /комплексті/ жиынтығы неден құралады, оның басты құрамы қандай деген сауалды шешуге тура келеді.

Бұл ретте тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырушы хабарға қатысты барлық құрамды бөліктер жеке-жеке жіктеле келіп, олардың әрқайсысының өзіндік қызметі анықталуы тиіс.

Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын — хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:

  1. Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын — Баяншы.
  2. Ақпаратты жеткізетін — Тұлғалар
  3. Ақпаратты не деректі — Қабылдаушы.

Баяншы — сыртқы объективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы, тілдік қарым-қатынасқа түсуші.

Тұлғалар — хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасындағы ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы карым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер.

Қабылдаушы — белгілі бір хабарды қабылдап, алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасынан өткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.

Баяншыға да, қабылдаушыға да — бәріне ортақ әрекет — байланыс, қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды. Байланыс — тілдік қатынастың негізін жасайтын, оны іске асырушы өзек, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың қажетті шарты.

Баяндау мен қабылдау үрдістері тілдік қатынастың
барлығына тән. Бірақ лингвист-ғалымдар оларды қарапайым
күнделікті сөздермен атаудан гөрі, лингвистикалық

терминдермен атауды жөн көреді. Дегенмен, бұл терминдердің өзі тіл ғылымына біркелкі емес.

Мәселен, Э.П.Шубин тілдік қарым-қатынастағы
хабарлауды, яғни хабар беруді — трансмиссия, ал қабылдауды —
рецепция деп атайды. Осыған орай хабар берушіні
трансмиссор, хабар қабылданушыны — реципиент дейді.
Сонымен қоса, алғашқы — хабарлауға қатысты құбылыстарды —
трансмиссивті /трансмиссивные /немесе Продуктивті /продуктивные/; ал қабылдауға қатысты құбылыстарды — рецептивті /рецептивные/ деп көрсетеді. Э.П.Шубиннің айтуынша, хабар /Р/ трансмиссордан /Т/ шығады да, реципиентке /R\ жетеді.

Қазақ тіл білімінде тілдік қатынасқа қатысты терминдер қалыптаспағанын ескеріп, бұл ұғымдарды беру үшін төмендегі терминдерді қолданған дұрыс деп таптық. Олар: баяншы, хабар, тұлға, қабылдаушы. Сонда тілдік қатынас жүзеге асу үшін Баяншыдан /Б/ шыққан Хабар /X/ Тұлғалар /Т/ арқылы Қабылдаушыға /Қ/ келіп, одан ары қарай қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда жұмсалады.

Шынтуайтқа келгенде, басты мәселе мынада: баяншыдан /Б/ шыққан хабар /X/ қатысымдық тұлғалар /Т/ арқылы қабылдаушыға /Қ/ дұрыс жету керек. Ал ол ауызша болсын, жазбаша болсын бәрібір жүзеге аса береді: тек жазбаша түрде болса, онда арада көп уақыт өтуі мүмкін. Өйткені әр түрлі жағдайларға байланысты хабардың бірден жеткізілмеуі, немесе тоқтап тұруы, немесе бірнеше үздікпен берілуі мүмкін т.б.

Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты үш кезеңді атап өтеді, олар мыналар:

  1. Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік
    заңдылықтар, яғни грамматикалық единицалардың айтылуы,
    дыбысталуы ерекше көзге түседі.
  2. Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, айтылар
    ой мен айтылған тілдік құралдың тепе-теңдігі. Мұнда
    семантикалық заңдылықтар басым роль атқарады.

3. Әңгімелесуші — екінші адамның хабарды дұрыс
қабылдауы. Е.И.Пассов осы үш кезеңді баяндай келіп, тілдік
қатынастың толық жүзеге асуы үшін ең бастысы — үшінші
кезең, алдыңғы екі кезең қарым-қатынасты іске асырмайды,
бірақ өкінішке орай тілдік қатынаста біз осы үшінші кезеңге
жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста бірінші және екінші
кезеңдерде тоқтап қалып қоямыз деп көрсетеді.

Біздің пікірімізше, тілдік қатынас жалпы адамзат арасындағы ойға, санаға қатысты болса, ол, ең алдымен, сыртқы объективтік шындықты қабылдаудан, жеткізейін деген хабарды пайымдаудан туады.

Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар деп те айтылады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік қатынасты дыбыстық және графикалық таңбалардың әмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар жүйесі тілдік қатынастың ауызша түрі, болып табылады. Тілдік таңбалар жазылу арқылы көзге көрінеді, ал дыбысталуы /немесе айтылуы/ арқылы естіледі. Бұл екеуі де тілдік қатынастың жүзеге асуы үшін қызмет етеді.

Кейбір әдебиеттерде тіптен буын, негіз, абзац /жаңа жол/, контекст, дауыс ырғағы да тілдік тұлғалар деп саналады.

Әр автор әр түрлі белгіге сүйенеді және мәселені нақтылы шешуден гөрі түсініксіздік басым.

Осындай қарама-қайшылықтар болғанымен, көптеген тілшілер тілдік тұлғаларға фонеманы, морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді жатқызатындығын ашып айту керек. Тілдік тұлға жөніндегі нақтылы ойларды мына авторлардардан оқып білуге болады: Қ.Аханов, Т:Қордабаев, С.Исаев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Мұсабаев, А.И.Смирницкий, В.М.Солнцев, Э.Бенвенист, А.И.Моисеев, А.Реформатский, Р.А.Будагов, М.М.Копыленко, т.б.

Жалпы фонема да, морфема да, сөз де, тіркес те, сөйлем де тілдің құрылымдық бөлшектері болып табылады. Себебі, осы аталған тұлғалардың біреуі өз орнында тұрмаса немесе мүлде болмай қалса, тіл өз мақсатына жете алмайды. Сондықтан адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр тұлғаның өзіндік маңызы бар. Мөселе осы тұлғалардың қайсысы қандай дәрежеде қолданылуына байланысты. Рас, сөз барлық тілдік тұлғалардың кіндігі тәрізді, оған тілге қатысты қасиеттердің көпшілігі тән.

Бірақ сөз жеке тұрып тіл бола алмайды және адам ойын жеткізе алмайды. Әсіресе қазақ тілінде және басқа жалғамалы тілдерде сөз жеке түрып түсінісу құралы бола алмайды. Ол басқа сөздермен морфемалық байланысқа түсу арқылы сөз тіркесі мен сөйлемнің құрамында белгілі бір ойды білдіреді:

Мысалы: «Бағың өскенше, тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң — өзің ғана тілейсің» /Абай/.

Осы сөйлем құрамындағы бір ғана «тілеу» сөзін алып қарастырсақ, ол әр түрлі сөздермен әр түрлі грамматикалық байланысқа түсу арқылы нақтылы ойды білідреді және сөйлем құрамында қолданылады.

Ю.В.Фоменко барлық единицалардың жасалуына сөз негіз болады деп, соны басты өлшемдердің бірі деп санаса, сөздің жасалуына басқа тұлғалар /мысалы, дыбыс, фонема, морфема/ да әсер етеді. Мәселен: «Өнерпаз болсаң арқалан» деген сөйлемді алсақ, осындағы «өнерпаз» сөзі «паз» қосымша морфемасының қосылуы нәтижесінде жаңа мағынаны білдіріп, ол жаңадан сөз жасауға себепкер болып тұр.

Тілдік қатынасқа қатысты тұлғалар ғылыми түрде сөз болмағанымен, қазақ тілін оқыту, үйрету процесінде қолданылып, барлық сабақ жүйелерінде, кітаптарда кездесіп отырады. Жалпы лингвистика тарихында кейбір тілшілер қатысымдық тұлғаларға сөзді, сөйлемді жатқызса, кейбір ғалымдар тексті жатқызады. /Кандинский Б., Кухаренко В., Наер В./.

Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлға туралы мәселе тілдің тұлғалары мен сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет. Қатысымдық тұлға тілдік тұлғаларға қатысты болғанымен, онымен бірдей емес. Ол тілдің жеке бөлшектерден гөрі, сол тілдің тұтас қарым-қатынастық ролімен тікелей байланысты ерекшеліктерді: белгілі бір ойды тиянақты жеткізу, оған жауап алу, сөйлеу, сөзді қабылдау, оған мән беру, әр түрлі экспрессивтік-эмоциональдық күйді таныту т.б. — сол сияқтыларды қамтиды. Демек, коммуникативтік тұлғаның жұмысы жалпы сөйлеу процесімен тікелей байланысты.

Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаға қатысты В.Л.Наердің пікірі мүлде өзгеше. В.Л.Наер бірде-бір тілдік тұлға қатысымдық тұлға бола алмайды, өйткені олар өзара байланысты болғанымен, әр бөлек құбылыстар дейді: «коммникативным единицам нет места среди системных единиц языка. И наоборот. Эти единицы разноплановые, хотя и тесно взаймосвязанные».

В.Л.Наердың тілдік тұлғалар қатысымдық тұлға бола алмайды деген көзқарасын қуаттау қиын. Оның үстіне хабар, ақпарат /информация/ тек бір нәрсені білдіреді деп кесіп айту да біржақты.

II. 1. Сөз — тілдік қатынастың басты тұлғасы.

Сөз — лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да, сөзжасам түрғысынан да жан-жақты зерттеліп келе жатқан тілдік тұлға. Сондықтан біз сөздің бұл жақтарына тоқталмай, тілдік қатынасқа байланысты сипатын азды-көпті сөз етеміз. Жалпы бұл — арнайы зерттеуді, жан-жақты талдауды қажет ететін мәселелердің бірі.

Сөзді қатысым құбылысына қатысты қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліткеріне назар аударуға тура келеді. Мұнда ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент түрғысынан сөз болады.

Сөздің сөйлеу процесіндегі орны мен қызметі көптеген лингвистердің назарына іліккен. Сол себепті сөздің әр түрлі ерекшеліктеріне қатысты берілген анықтамалардың мазмұны түрліше болып келеді. Мысалы, көрнекті лингвист- ғалым Фердинанд де Соссюр: «…Слов, несмотря на все трудности, связанные с определением этого понятия, есть единица, неотступно представляющаяся нашему уму нечто центарльное в механизме языка» — дейді.

Сөздің басты-басты ерекшеліктерін сөз ете келіп, лингвист ғалымдардың көпшілігі сөздің сөйлеу процесіне қатысты түрліше тілдік, қатысымдық қасиеттерді меңгеретініне ерекше назар аударады. Мысалы: А.А.Леонтьев бұл туралы: «Именно слово является минимальной функциональной единицей речевого восприятия» — десе, тура осы пікірді П.В.Чесноков айна қатесіз былай қайталайды: …можно считать слово минимальной функциональной единицей речевой деятельности вообще — дейді. Сол сияқты Б.Н.Головин: «Слово — это наименьшая

смысловая единица языка, свободно воспроизводимая в речи для построения высказываний» — деп, сөздің ойды жеткізудегі маңызын атап көрсетуге тырысса, Ю.В.Фоменко сөзден басқа единицалардың тілдік қарым-қатынастағы ролін мүлде жоққа шығарады: «Коммуникативная деятельность человека протекает не на базе фонем, слогов и морфем /не говоря о словосочетаниях/, а на базе слов»

Жалпы Ю.В.Фоменконың сөзге қатысты келген тұжырымдарының көпшілігі А.И.Смирницкийдің пікірімен үштасып жатады. А.И.Смирницкий оны ғылыми тұрғыдан жан-жақты сөз етсе, Ю.В.Фоменка ол көзқарасты қабылдап қана қоймай, қайталайды.

Сөзің негізгі екі қасиеті: формасы мен мазмұны, яғни дыбыстық таңбасы мен мағынасы да қатысымдық процесте түрліше қарастырылады. Мысалы, B.JL.Haep: «Отдельные языковые единицы, даже, например, лексические, ничего конкретного передавать на способны»; «Лексические единицы, например, сами по себе ничего конкретного не сообщают; они являются лишь знаками, замещающими определенные предметы, явления, отношения, свойства и т.п. или репрезентирующими их абстрактное отображение» — деп, сөздің тілдік қарым-қатынастан тыс уақытта таңбадан басқа ешбір нақтылық белгісі мен мазмұны жоқ десе, Ю.В.,Фоменко: «Слово обладает признаком самостоятельности: в отличие от фонемы и морфемы, оно допускает изолированное употребление в естественной речи.

Слово обладает признаком воспроизводимости: оно не строится в процессе коммуникации, а извлекается из памяти как единица готовая, заранее данная» — деп, сөздің жеке тұрғанда да, сөйлеу процесінде қолданғанда да мағынасы бар екенін атап өтеді.

Сөз белгілі бір контекст құрамында ғана нақтылы мағынаны білдіріп, өзіндік мазмұнға контекст арқылы ғана ие болады деген пікірді жақтаушылар: Г.Штейнталь, К.Фосслер, Ж.Вандриес, П.Вегенер, А.Гардинер, Л.БЛумфильд, Л.Ельмслев, С.Шауман т.б.

Керісінше, сөздің мағынасы контексте қатысты анықталмайды, ол мағыналық жағынан дербес, сөз тек өзінде бар мағынаны сөйлем құрамында жүмсайд, яғни сөздің мағынасы контекске тәуелді емес деген көзқарасты дәлелдеушілер: Р.А.Будагов, Н.С.Дмитриева, М.Бурмаков, ФА.Литвин, Ш.Балли, А.Мейе, А.Мартине, В.З.Панфилова, М.ГАрсеньева, А.Р.Лурия, Г.В.Колшанский т.б.

ҚОРЫТЫНДЫ

Тілді қатысымдық тұрғыдан оқыту бұл мәселенің теориялық негіздеріне, оның қалыптасу себептеріне, тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру барысында қолданылатын амалдарға, үтымды әдіс-тәсілдерге т.б. байланысты екені байқалады.

Тілдік қатынас құбылысы — соңғы жылдары әлемдік тіл білімінде арнайы қарастырылып, ғалымдардың тілге жаңаша көз-қарасын қалыптастырған мәселелердің бірі. Әр ұлт тілінің өзінің айтылу, жазылу, сөйлеу ерекшелігі болатыны сияқты, қазақша тілдік қатынастың да өзіндік заңдылығы және даму сипаты бар.

Тілдік қатынас — адамдарға тән ойлау мен сөйлеу процестерінің белгілі бір қоғамдық ортада тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі.

Адамдар арасындағы тілдік карым-катынас деген ұғымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы кеңейді. Сонымен қатар бұл термин лигвистикада ғана емес, одан басқа да барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Бұл терминнің тілге, сөйлеуге қатысты мағынасы тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кездерде бұл одан әлдекайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация — тіл аркылы сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе; қоғамдық коммуникация қоғамдық байланыс, қоғамдағы қарым-қатынас дегенді аңғартады; ал саяси коммуникация — саяси өмірдегі байланыс, саясатқа қатысты қарым-қатынас дегеңді байқатады т.б.»Қатысымдық» терминіне қатысты зерттеу еңбектердің қай-қайсысында да оның қарым-қатынас құралы, сөйлесуге байланысты қасиеті баса айтылады.

Мұның өзі сөздің ең алдымен, тілдік қарым-қатынасқа, екіншіден, адамдардың өзара ұғынысуына негізделетінін дэлелдейді.Жалпы қатынастың түрлері көп, біздің қарастыратын объектіміз лингвистикалық тұрғыдан сөз болатын тілдік катынас мәселесі. Тілдік қатынас тіл — арқылы байланыс, сөйлеу тілі аркылы қарым-қатынас жасау, коғамдык, ұлттық тіл арқылы ұғынысу.Тілдік қатынас /ТҚ/ — сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік акпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдық қатынастың түп қазығы дегенді білдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Абузяров Р.А., Туева З.И. Русский язык на занятиях по
    начальной военной подготовке в национальной школе. 2-изд.,
    М, «Просвещение», 1989.
  2. Адамбаева Ж. Орыс мектептерінде казақ тілі сабактарында
    тіл дамыту жұмыстары. Алматы, 1978.
  3. Адамбаева Ж. Орыс мектептерінде қазақ тілін окытудын,
    кейбір мәселелері. Алматы, «Рауан», 1993.
  4. Айғабылов А. Лексиканы окыту методикасы және оның
    казіргі міндеті. Алматы, «Мектеп», 1982.
  5. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, Қазмембас,

1924. Аймауытов Ж. Ана тілін қалай окыту керек? «Жаңа мектеп 1925,N2.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ