Тілім барда (эссе)

0
5063
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев атамыз жырлағандай, тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Себебі қазіргі кезде қазақ тілі мәртебесі көтерілгені теледидардан да, газет – журналдардан да оқып біліп жатырмыз. Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады. Біз шырылдап дүние есігін ашқанда ең алғаш «Ана» деген сөзді де өз тілімізде айтамыз. «Ана» деген сөздің өзі құдіретті. Оның бірі – өмірге әкелген шешеміз. Бірі – ана тіліміз, қасық қанымыз тамған тіліміз.

Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарып, жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында, өрлігінде, орасан зор байлығында. Қай халықтың болмасын тілі – өзіне тән қымбатты да қимас байлығы, қазынасы. Сол сияқты біздің де ана тіліміз – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.

Қазақ тілі әлемдегі 12 миллион қазақтың ұлттық тілі аталып келген болса, тәуелсіздік алғаннан кейін ана тіліміздің мәртебесі өсіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп  Ата заңымызбен бекітілді. Бұл сонау Желтоқсан оқиғаларынан кейін қабылданған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1989жылғы қаулысының нақты жалғасы еді. Біз тұтас қоғам болып, ұлтымызға қарамай, мемлекеттік тілді толық меңгермейінше, мықты мемлекет құра алмайтынымызды, мемлекеттік тіл – халықты біріктіруші фактор екенін Елбасымыз әр жылғы жолдауларында ұдайы тілге тиек етіп келеді.

«Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын да Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі туралы өзінің өте кең көлемдегі ойын өз еліне, жеріне жеткізіп айтты. Ал, ел мен тіл – егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жаткан мәңгі өлмейтін қазынамыздың бірі – ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік Елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Біздің мәңгілік, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс – қағаздары мен құжаттары да мемлекеттік тілде болуы тиіс деп ойлаймын. Өйткені өркениетті құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.

Біз, жас жеткіншек, қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде өз ойымызды ашық түрде айта алар дәрежеде болуымыз керек. Ол үшін біз сабағымызды жақсы оқып, сауатты болуымыз керек. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз – өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз. Жалпы жүрегі «қазақ» деп соққан әрбір адам патриот болуы тиіс. Себебі, ол өткенді білмесе, болашақты болжай алмайды.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жаппай қолданыс тіліне айналдырар күнде алыс емес. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы барша жастарымызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Тілді қастерлеу әрбір қазақстандықтың міндеті. Бұл – менің де міндетім. Өйткені мен ертең ер жеткенде мемлекеттік тілді өз дәрежесіне көтеруге атсалысатын азаматтардың бірі боламын.

Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, қастерлі, қасиетті, құдіретті тілдердің бірі. Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.

         Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі болып қала береді.   Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді де жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бір аудан да тұрып, біріміз шала қазақша сөйлесек, біріміз таза қазақша сөйлесек жараспас. Сондықтан бірігіп өз тілімізде сөйлеп, өз тілімізде насихат айтып, бірлік – татулықтың туын бірге көтеруіміз керек.

Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін    аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қаділеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Ана тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей. «Мемлекеттік тіл – бірлік бастауы», — деп тегін айтылмаса керек. Себебі, «Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқысы болған — оның ғажайып тілі», — деп атап көрсетті біздің тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан – әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек. Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін, көк туымыз желбіреп, айбынымыз асқақтай берсін!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ