Туған күнге арналған тілек пен құттықтау

0
63668
Иллюстрация: Freepik.com

Туған күн адам өмірінде асыға күтетін, ұмытылмас, ерекше күн. Жекеменшік мерекеде  айтылған тілек пен құттықтау туған күн иесіне шабыт беріп, жаңа жасын ерекше бастайтыны анық. Жақындарыңыздың туған күнінде жылы лебізіңізді білдіріп, көңіл бөлгеннің өзі үлкен бақыт емес пе? Төмендегі құттықтаулардан ұнағанын таңдап, жақыныңызды құттықтасаңыз болады.

Туған күніңмен! Өмірдің бар жақсылығын тілеймін! Ауырма, сырқама! Аңсаған армандарың орындалсын! Аллах тағалам бойыңа қуат, көңіліңе шуақ берсін! Алар асуың мен шығар биігің көп болсын! Арамыздағы сыйластық ажырамасын! Әрқашан мәртебең биік болып, абыройың арта берсін!

*************

Туған күніңмен! «Бақытты өмір болмайды, бақытты күндер болады» ,- деген сөз бар ғой. Сол бақытты күндеріңнің көп болғанын тілеймін! Алла әрқашан алдарыңнан жарылқасын! Сүйе біл, сүйікті бол! Бақытты, ғұмырлы бол!

***********

Саған айтар тілек:
Таусылма еш жүдеп,
Қиналсаң — төз,
Жарыссаң — оз,
Ойнасаң — ұт.
Күрессең — жық,
Ешкімді басынба,
Басыңнан асырма,
Табысқа тасыма.
Намысқа жасыма,
Ешкімді күн деме.
Ешкімді тілдеме,
Сөзіңнен танба,
Қатарыңнан қалма,
Біреуді даттама,
Ешқашан кек сақтама.
Біреуді сыртынан айдама,
Өсекті тыңдама,
Шынығып шыңдал,
Жақсыдан үлгі ал!

*************

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол! Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол! Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын! Барлық арман мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін жəне де биіктен көріне бер. Туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!

**************

Туған күн ерекше күн әрбір жанға,
Жан досымды асықтым мен құттықтауға,
Бар бақытты тіледім бір өзіңе,
Армандарың орындалсын бұл өмірде.
Денсаулығың мықты боп әрқашанда,
Жүре берші жадырап ортамызда.
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда,
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!

**************

Өмір саған жылы сезім арнасын,
Қайғы мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Тағы қандай айтам тілек,
Тілейтінім жақсылық.
Жақсы адамнан дос тілеймін,
Жақсылардың жанын ұқ.
Тілер едім ұлы сезім,
Іздеп келді өзі де.
Бол бақытты достым менің
Бақыт кілті өзіңде.

************

Тағдыр бізден алудай-ақ алды өшін,
Асың – асқа, басың – аман, жан досым.
Жетпісіңмен жолдасыңдай жымдасып,
Сексеннің де басыңа ора сәлдесін.

Көп алысқан қатарластың бірі едім,
Саған деген сарқылмайды тілегім.
Жан-жарыңмен, балдарыңмен жарқылдап,
Жүзге дейін соға берсін жүрегің.

*************

Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Елу жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен.

Елу жас — енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Қос жанар — қос балаңыз аман болсын,
Сол емес пе ананың басты арманы!

**************

Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз! Бүгін сенің туылған күнің – төл мерекең, қуанышың! Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып – қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

***********

Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген – сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген – біреулер үшін – ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!

**************

Он сегіз мың ғаламды табындырған он сегіз,
Үлкендерге жас күнін сағындырған он сегіз,
Бәрін — бәрін сезімге бағындырған он сегіз,
Сенің үнің құрылған арын жырдан, он сегіз.

Жапырақ мінез, жел көңіл, алып ұшпа он сегіз
Дүниені ізгі деп, танығыш та он сегіз.
Біреуге жаз, біреуге сағыныш та он сегіз,
Жанарлардан үздіксіз жалын ұшқан он сегіз.

Жауынмен, дауылмен қуаттанған он сегіз,
Бастау алған мөп-мөлдір бұлақтардан он сегіз.
Адамзаттың ары болып тұрақталған он сегіз,
Асарына сенетін әлі-ақ қырдан он сегіз.

Биік-биік армандарды қанат қылған он сегіз,
Асау мінезді өмірге жараттырған он сегіз.
Жұмылмаған жанармен таң аттырған он сегіз,
Тіршiліктің көктемі — он сегіз!

Жаным, Ботам !!! Сені туылған күніңмен шын жүректен құтықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін. Сени тек биіктерден көрейік. Қадамыңа-гүл, келбетіңе-нұр, қиялыңа қанат бітсін, жасыңа жас қосыла берсін! Арманың-асқақ, шығар биігің асқарлы болсын! Әрқашан құшағың-гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруе шын жүректен тілектеспін!

*******************

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ