Біз қазақ баяғыдан өскен жерін, туған өлкесін, қадірлеп қастерлей білген,қонақ келсе орынын төрден берген,қонақжай халық екеніміз бәріне мәлім.Йа,осы кең даламызда қанша ғасыр бойы тұлпадың дүбірі кетпей,қыранның қанаты талмай самғап келеді.Отан отбасынан басталады демекші,біз бір үлкен шаңырағы шайқалмаған,қаймағы бұзылмаған отан сүйгіш халықпыз.Мен туған жерімді сүйемін деп ауызбен ғана айтып қоймай, оны іспен дәлелдеуіміз керек.Аққу көлін аңсайды,адам туған жерін аңсайды демекші меніңде туған өлкем өзіме оттанда ыстық,судан терең. Туған жер ол махаббаты мәңгі өшпейтін бөлінбес тұтас өлке.Сол тұтас өлкенің құрдасындай келе жатқан сарқылмас байлық, алтын бесігіміз,ол біздің туған ауылымыз.Ұясы тар болса да, құшағы кең ауылдың әрбір талы да,бауы да ыстық.Әлемнің жеті кереметі тең келмейтін,қарасаң көзің тоймайтын,аспаны мен жері бөлек туған жер қандай ғажап едің.Сенің әрбір таңыңмен тыныстап,жолдарыңмен жүріп келе жатқан мына біздер,бізден кейінгілер қандай бақытты десеңші.