Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

0
2405

«Туған жер» сөзін естігенде жүрегі елжіремейтін жан жоқ шығар, бәлкім? Кіндік қаны тамып, балғын балалық шақтың бақытты сәттерімен әрдайым есте тұратын өлкең ғаламның қай шаһарында жүрсең де өте ыстық.

Оның сарқыраған өзені  мен көлдері, жайқалған жасыл шөп пен ормандары, асқар таулары, сайраған құстары,– осының бәрі, көз тоймас табиғаты, менің жаныма жақын. Кішкене күннен тәтті естелікпен еркіндікті сезіне адам бойында туған елге, жерге деген сүйіспеншілігі,ризашылығы, махаббаты ояна бастайды.

Менің атамекенім – Тәуелсіз Қазақстан! Мен бұл сөзді аса бір мақтанышпен және асқақ сезіммен айта аламын. Қазақстан – ол біздің ортақ және кең байтақ, ата-бабамыздан қалған қасиетті  мекеніміз. Қазір біз ата-бабаларымыздың ерлігі мен қайсарлығының арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осыншалықты қиындықпен келген тәуелсіздігімізге бүгін де 28 жыл толып отыр.

Еліміздің дамуы қарқынды түрде жүруде. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың ұл-қыздары бейбіт ғұмыр кешуде. Біз қандас болмасақ та жандаспыз! Қазақстан Республикасы – біздің сүйікті де ортақ Отанымыз!

Отанымызды үлкен бір ақ отау десек, ауылдар – оның уығы, қалалар – керегесі, ал Нұрсұлтан– шаңырағы. Сондықтан бір отаудыңішінде тұратын барлық халық бір-біріне туыс.  Қазір мен болашаққа енді қадам жасап жатырсам да, менің еліме, жеріме, Қазақстаныма деген жоспарларым өте көп және мен оны жүзеге асыруға бар күшімді саламын.

Отаным — менің мақтанышым, абыройым. Еліміздің ұлан-байтақ жері, бейбітшілік сүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал. Бар әлем біздің жеріміздің кеңдігіне, жер қойнауының байлығына, мекен ететін көпұлтты халқымыздың бірлігіне, қонақжайлығына қызыға да қызғана қарайды.

Жеріміздің әсем табиғаты, сылдырлаған мөлдір бұлақтары, тұп-тұнық таза көлдері, сарқыраған өзендері, көк тіреген алып таулары —  халқымыздың байлығы. Осындай бай халықтың ұлы жетістіктерге жетуі — біздің қолымызда!

Аслан Бағланұлы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ