Туған өлкем

0
13633

Эх, шіркін дүние-ай десейші! Мына жалғанда көптеген керемет нәрселер бар. Солардың ішіндегі ең кереметі ол туған өлке. Менің туған жерімнің сылдырлаған бұлағы, қарлы шыңдарға толы таулары, тіпті кіп кішкентай тіршілік жасап жүрген жәндіктеріне дейін мен үшін өте, өте қымбат. Бұл жарлғанда көптеген нәрселер бар олар, өледі тозады, солады. Ал туған өлке деген ешқашан тозбайтын нәрсе. Менің туған өлкем мына дүниедегі ең асылы , ең ғасыры, мәңгі тозбас сарайым туған өлкем. Менің туғане өлкемнің әрбір тасында үлкен бір құпия жатыр. Ал топырағынан осы ауылдың кереметтігі мен сұлулығының иісі сезіленді. « Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»,-деген емес ертедегі ата-бабаларымыз, олар өте шешен, ақылды, данышпан болған. Шынында да бұл мақалдың түбінде терең шындық жатыр. Мәселен, мен Ақтоған ауылында туылғанмын. Мен бұл жерден басқа қалаға кетсем ауылымды қыймаймын, құдды бір сол жаққа бүткіл өмірімді өткізуге бара жатқандай сезінемін.
Біздің Ақтоған тауға жақын орналасқан ауыл. Сол себепті бұл жақтан тау тамаша көрінеді. Менің туған өлкем тек Ақтоған ғана емес, бүкіл Қазақстан. Қазақстанның қай өңірінен болмасын, барлық қазақ балалары бір-біріне туысқан. Бірақ барлығы емес көбісі ғана, себебі кейбір қазақ балалары шетелде. Бұған себеп келтірсек кейбір безбүйрек, тасжүрек аналар өз балаларын тастап кетіп жатады. Ал шетелдіктер бала сүйе алмайды, сол үшін Қазақстандағы балаларды алып кетіп жатады. Дегенмен олар өз туған өлкелерін сағынады себебі олар өздерінің қазақ, мұсылман екендігін біледі. Сол үшін әр бір қазақ балалары, өздерінің туған өлкелерін білуі тиіс, құрметтеуі тиіс. Біздің туған өлкеміз биіктей берсін, асқақтай берсін. Қазақстандарымыз үлкен белестерге жетсін. Сол үшін өзіміздің туған өлкемізді аялайық, құрметтейік достар!                                                                                6 сынып Арыстанбекова Береке                                                                             №4 Тілеміс батыр атындағы орта мектептің оқушысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ