Мәңгі сүйемін сені, туған өлкем

0
6929

Бұл жарыққа аяқ басып тұрған жер,

Кіндік кесіп,кірім сенде  жуған жер.

Жастық-алтын,қайтіп келмес күнімде

Ойын-ойнап,шыбын-шіркей қуған жер.

М.Жұмабаев

Туған жер-менің ата-бабамның жері.Туған жер,атамекен деген сөздер әр адамның жүрегіне жылылық ұялатып,құлаққа да жағымды естіледі.Туған жер дегенде елеңдемейтін құлақ,тебіренбейтін жүрек жоқ шығар?!
Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет әр адамның бойына ананың сүтімен,бесік жырмен сіңеді деп ойлаймын.Адам баласы дүниеге келгенде өзінің қажеттілігі мен қамқорлықты анадан және туған жерінен алады.Өзі де есейе келе соларға қамқорлық ете бастайды.
Менің туған жерім- мысты өлке Сәтбаев қаласы,өйткені ол менің кіндік қаным тамған жер.Сарыарқаның дәл ортасында кең байтақ  жерді алып жатқан өлке.Сәтбаев қаласы 1973 жылы құрылған. Сәтбаев қаласы ауданы жағынан кішкентай болса да,киелі де,қазыналы мекен.Оның қазба байлықтары өте көп.Негізгі өнеркәсіп көзі-мыс шығару.Сәтбаев қаласы республикамыздың экономикасына елеулі ықпал тигізуде.Білімі мен  мәдениеті  қатар дамыған қала.Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш атындағы  қала  жыл сайын өсіп өркендей түсуде.Топырағында дананың ізі  қалған қалада Қ.Сәтбаев атындағы көше,ғалымның ескерткіші бой түзеген.Қаланың көрікті жерлері өте көп..
Сәтбаев қалалық әкімшілік
Қалалық аурухана
Сәтбаев қалалық мешіті
«Жеңіс» саябағы

Кеншілер алаңы,алғашқы кеншілер  саябағын атап өтуге болады.Қаламызда  көптеген мектептер мен бала-бақшалар,заманауи талаптарға сай денсаулық сақтау орындары ашылып жатыр.Бұл да қаламыздың әлеуметтік жағдайы күннен –күнге көтеріліп жатқандығының бір белгісі деп ойлаймын.
Елбасымыз «Тәуелсіз  елдің ертеңі-білімді ұрпақ»-дегендей білім ордасының көп болуы, еліміздің ертеңінің берік болуының кепілі деп білемін.
Мен өз қаламды жақсы көремін.Еліңнің,туған жеріңнің патриоты болу-әр азаматтың парызы.Сен де өз жеріңнің дамуына елеулі үлес қосуға міндеттісің.Кіші Отанымның дамуына, гүлденуіне өз үлесімді қосқым келеді.Туған қаламызды өркендетуді біз мектеп жасынан бастап қолға алудамыз.Қаламыздың тазалығын сақтау үшін сенбілікке шығамыз және түрлі іс-шараларға қатысамын.Сүйікті қалам үшін жасалған барлық іс-шаралардың астарында туған жерге,Отанға деген үлкен махаббат, сүйіспеншілік жатыр.

Алтын бесігімнің ,  жер-анамның аяулы алақанында мен де күн сайын өсіп келемін.Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында болуы еліміздің жан-жақты дамуында,соның ішінде табиғатты,туған жеріміз бен елімізді сүюден бастау алары хақ.Мен өз туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін.Өз туған жерімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Міне,бұл менің қалам,туған жерім,болашақтың қаласы.
Біз,жастар,Қазақстанның болашағы туған қаламызды өркендетіп, биік деңгейге көтеруіміз керек.Мен де өзімнің туған қалам-Сәтбаевты мақтан тұтамын.Өркендей бер,гүлдене бер туған өлкем-Сәтбаев!

Алдашова  Меруерт
Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласы
«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ 
7 «А» сынып оқушысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ