ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС — ТӘСІЛДЕРІ

1
8926
IZOSOFT'S image Disk 1 September IZ100

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) -жаңа технология бойынша талапкердің білім сапасын білім беру ұйымынан тәуелсіз бағалайтын мемлекеттік жүйе.Оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі екені белгілі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет.Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдіс-тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет.
ҰБТ-ның мақсаты: жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.
ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы –оқытушы.
Мұғалімге қойылатын талаптар:
— Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,
— Пәндік оқытуды ұйымдастыру
— Тиімді технологияларды қолдану.
Кемшілігі:
— Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады
— Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз
— Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады -Жауап белгілеу кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін.
Артықшылығы:
— Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі,
— Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы,
— Әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы.
Ерекшелігі:
-Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі
-Әділетті,оқушылар бірдей жағдайға қойылады
-Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды
-Бағалауы нақты
-Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны ,уақыты) -Оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгеру қасиеттеріне тәрбиелейді.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда мынадай міндеттер қойдық:
1.Қазақ тілі білімінің грамматикалық заңдылықтарын, ережелерін меңгерту.
2. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білу;
3. Оқушының грамматикалық тұлғаларды жеңіл меңгеруі үшін тақырыптарды тірек-сызба, кестелер, мысалдар арқылы түсінуіне жағдай жасау.
4. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;
5. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын мынандай кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
— Оқушылардың білім деңгейлері анықталды
— Байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудырған мәселелер анықталды;
2-кезең. Практикалық:
— Тест жинақтарымен жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
-Топтық және жеке дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
— Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
— Мониторинг;
— Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар бойынша жұмыстар жасалуда.
11-сынып оқушыларын қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық деңгейіне қарай топтау
Қазіргі уақытта жылдық жоспар бойынша барлық өтілген материалдар пысықталуда.
Тест тапсырмалары: 1. Жабық тест 2.Тіке жауап тест 3.Анықтау тест 4.Сәйкестік тест 5.Толықтыру тест түрлері жүргізілуде. Тест тапсырмалары қазақ тілі бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылды
Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.
Кейбір жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіреміз.
-сұрақты асықпай, түсіне оқу
-сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсіндіру.
Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе , дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;
2-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса , бірінші жай сөйлемнің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек.
«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз » деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жай сөйлемдерді алып тастаймыз;
2-қадам: баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебеі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.
Қазақ тілі пәнінен дайындық жұмыстарына арнайы дәптер жүргізіледі. Оқушы дәптерінің беті ортадан бөлініп, сол жақ бетіне тест тапсырмалары, тапсырманың тұсына, оң жақ бетіне белгіненген дұрыс жауаптың себебін , яғни тіл білімінің қай заңына ережесі немесе емлесіне сүйеніп белгіленгенін дәлелдейді.Кей жағдайда белгіненбеген болса , дәлелдеу арқылы оқушы өз қатесін табады.
Оқушы дұрыс жауапты белгілеп қана қоймай , қосымша материалды еске түсіреді ,білім жан-жақты пысықталады.
1. Ашық дауысты дыбыстарды табыңыз.
а) Е,И Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай ашық , қысаң болып бөлі-
в) Ы, І неді.
с) А, Ә Ашық дауыстылар: (6) А,ә, о, ө, е, э
д) Ү, О
е) Ұ, У
2. Дара сөзді табыныз .
а) Пединститут а) Педагогикалық институт (қысқарған сөз)
в) Аялдама в) Дар туынды түбір.
с) Некен-саяқ с) Қосарлама қос сөз.
д) Ақбозат д) Біріккен сөз.
е) Баспасөз е) Біріккен сөз.
Дұрысы: в) Аялдама.
«Шешендік өнер» курсы бойынша тест құрастырдық.
Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға болады
Мысалы:
-грамматикалық ережелерді қайталау,жаттау;
-ережелерін еске түсіріп жазу;
-мысалдар келтіру;
-бірін-бірі тексеру;
-өзін тексеру.
Мектепішілік байқау –тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады.
Ел болашағы-білімді жастардың қолында,сол себепті білімді ұрпақ,жеке тұлға қалыптастыру-біздің ең басты мақсатымыз болғандықтан , қашанда үздіксіз білім бере аламыз деп сендіруге болады.


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ