Ұлт дегенде ойыма…

0
970

Шыдамас ем бір айға да, бір апта…\r\n\r\nСезіміміді салғандай-ақ сынапқа,\r\n\r\nБүкіл әлем терминдері лып етті\r\n\r\nЖете алмастан «Отан» деген ұлы атқа!\r\n\r\n \r\n\r\nШімірікпей, айта аламын шіреніп:\r\n\r\nБіз ұлымыз! О бастан-ақ ұлы едік!\r\n\r\nШағалаша шарқ ұрғанды, мына әлем,\r\n\r\nЖете алмай, «ұлт» дегенге тіреліп!\r\n\r\n \r\n\r\nБарға – ырза, «тәубе» дейтін жоқ кешіп,\r\n\r\nӨткен күнге айта алмастан өкпесін..\r\n\r\nҚасқыр өңім қасқаяды қиынға,\r\n\r\nТастүлегім қырандарша көкте ұшып!\r\n\r\n \r\n\r\nТалай-талай мыңжылдықпен шиырлас,\r\n\r\nБөрі едік-ау, қалдырмайтын үйірді аш.\r\n\r\nХалық болу – анық болу Жерде шын,\r\n\r\nАл ұлт болу, кез-келгенге бұйырмас!\r\n\r\n \r\n\r\nЖүрегімде Мағжандардың оты һәм\r\n\r\nАлатаудай алып арман тотығар.\r\n\r\nАзапты ұққан асқақтығым болған соң,\r\n\r\nҚазақтықтан бас тарта алмай отырам!\r\n\r\n \r\n\r\nТектіліктен тамыр алған тақымды ұл\r\n\r\nЖырын жазбай кете алмайтын ақын құр.\r\n\r\nЕтігіммен су кешсем де, жетпейді\r\n\r\nЖетімімді жылатуға дәтім бір!\r\n\r\n \r\n\r\nАлашты азды деуге қалай іш қияд,\r\n\r\nТәңір берген тағдырымнан түспей-ақ,\r\n\r\nМаған қиын әр қазақтан айырылу,\r\n\r\nМаған сірә, өлімімнен күшті ұят!\r\n\r\n \r\n\r\nӨз алтынын қадірлемес кейде адам,\r\n\r\nӨз даламдай кеңдік жетпей, ей, маған!\r\n\r\n«Әрбір қазақ маған бауыр» сондықтан,\r\n\r\nӘр тағдырды ойлағанда қиналам!\r\n\r\n \r\n\r\nОтырар ма ед, қобызға бас иіп, беу!\r\n\r\nОл жаншылса, ішем қайғы, күйік те, у!\r\n\r\nЖігіттері нанға сатпас намысты,\r\n\r\nАл қыздары арын қояр биіктеу!\r\n\r\n \r\n\r\nҚасиетім жарар ма еді құптарға,\r\n\r\n«Қиын емес,- деп айта алман,- түк те алда»\r\n\r\nҰлт тағдыры қыздарда деп ұғатын,\r\n\r\nБұл әлемде қазақтардай ұлт бар ма?!\r\n\r\n \r\n\r\nҚасіреті кетер ме еді күрт төніп,\r\n\r\nО, ол үшін мәңгүрттерді құрт толық!\r\n\r\nОтан, тарих, тіл де керек білсеңіз,\r\n\r\nҚалу үшін мәңгілікке ұлт болып!\r\n\r\n \r\n\r\nАлаңдатқан осы жайта па, о, мені\r\n\r\nБөлек таным, ойдың жоқ та көмегі:\r\n\r\nОтқа түсіп күймеген соң емес ел,\r\n\r\nӨз ұлтын шын сүймеген соң өледі!\r\n\r\n \r\n\r\nҰлт сөзі, бар ма сенде ойнақы мән,\r\n\r\nСенім де бар, бар рас ойда – күмән.\r\n\r\nҚазақ боп, ғажап болып туылған соң,\r\n\r\nТарихта тамыр жаймай, қайда тұрам?!\r\n\r\n \r\n\r\nӨткен күн тұратындай жаңғырып өр,\r\n\r\nАйтайын жанша өмірлік заңды білер:\r\n\r\nМәңгілік ұлт болмақпын болашақта,\r\n\r\nҚалмақпын болып жалғыз мәңгілік ел!\r\n\r\n \r\n\r\n Дина Бөкебай\r\n\r\nҚызылорда облысы, \r\n\r\nҚазалы ауданы,\r\n\r\nҚожабақы ауылы,\r\n\r\n №25 орта мектептің 9 сынып оқушысы\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ