Ұлттық идея ұстанымдарын бекемдеу қажет

0
1440

Клара Қабылғазина\r\n\r\n Ph.D.,ассоцир профессор,\r\n\r\n Дана Байғожина\r\n\r\n журналистика магистрі    \r\n\r\n                                                                                                                               \r\n\r\n \r\n\r\n                Өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық табиғатын, болмысын жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу тек қана ұстаз міндеті емес, сонымен қатар қоғамның да парызы .  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағарту саласы  қызметкерлерінің жиынында «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,(1)-деген болатын.  Яғни, елдің болашақтағы  әлеуеті, қуаты, «Мәңгілік елдің» шаңырағын ұстап тұратындар жастар болса, солардың ұлт потенциалы бола алуын қамтамасыз ететіндер –жоғары мектеп ұстаздары. Ал, жоғары оқу орнының студенті  алдында тұрған негізгі міндет — әр адамға қажетті білім, білік, дағдыны меңгере отырып, Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды ұлтының мүшесі бола алу.\r\n\r\n          Жоғары технологияны қолдануда  қазіргі ақпараттық жағдайда жаңа ұрпақты қоғамдағы өзгерістерге бағыттау басты міндеттердің бірі болып саналады.Әр түрлі ақпаратты қабылдауда жастардың мүмкіндіктеріне қарай бейімдеу және  түсіне білуіне жол ашу қажет. Компьютердің, ғаламтордың адам өміріне мықтап енгені сондай, кішкентай баладан бастап, ересек адамдарға дейін  тәуелді болу, интернет болмаса қауқарсыз, шарасыздық жайлайтын дәрежеге жете бастағаны шындық. Әйтсе де,бұл –заман талабы. Сонымен қатар, техника құралдарының көмегімен қарым-қатынас жасау қабілетін игеруге үйрету сияқты мәселелер қамтылуы қажет.Алайда, жас ұрпақтың тым дендеп ғаламторға салынып кетуі өмірде жиі кездесіп отыр. Мұның өзі жастардың психологиясының ауытқуына, «киборг, робот»  сияқты  өркениет адамдарына айналу қаупін төндіруде, адамшылықтан алшақтауға мәжбүрлеуде. Цивилизацияның дамуы жақсы өзгеріс, алайда оны тым асыра пайдалану адамзатқа зиян екендігін педагогтер үнемі санада ұстап, түсіндіріп отырулары қажет. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласың. Қазіргі жастар күні-түні  монитордың алдында отыруға бар. Үй тапсырмасын интернеттен жүктеп алу деген дендеп кетті. Мұның өзі ойламауға, бір нәрсенің байыбына жетуге ұмтылмауға, зерттеуге салғырттыққа әкелуде. Сөйтіп, сауатсыз шәкірт пайда болады. Ал сауатсыздық, өмір құбылыстарынан тыс қалу мемлекетке қауіпті екенін уақыт көрсетіп отыр. Ливия мемлекетінің Басшысы Муаммар Каддафидей еліне жақсылық жасаған басшылар кемде-кем екен. Мысалы, «отбасының әрбір мүшесіне мемлекет дотация ретінде жылына 1000 $ төлейді,\r\n жұмыссыздық  бойынша жәрдемақы – 730 $, медбикенің жалақысы – 1000$,\r\n жаңадан тұрмыс құрған отбасыларға пәтер алу үшін 64 000 $ сыйға беріледі … » осындай  т.б. толып жатқан жақсылықтарға ие болған халқы неге оның жансыз денесін аяқтарымен таптап, масаттанды.\r\n Сонда Каддафи билігіне халық не үшін қарсы шықты? Бұл сұраққа әлем қайраткерлері, ғалымдары елде сауатсыз, надан адамдардың көп болғанын, ал надандардың кез келген ағымға, кері насихатқа ілескіш келетіндіктерін, прогресс талаптарына мойынсұнбау, әлемдік  адами құндылықтардың байыбына бара алмау, оқшаулану сияқты қасиеттермен өмір сүретіндіктерін дәлелдеп отыр(2). Сондықтан да жастарға жоғары идеялық білім берумен қатар адами құндылықтарға да бағыттау керек.\r\n\r\n             Бүгінде біздің мемлекетімізде көтеріліп отырған тақырыптардың бірі әрі  бірегейі- Қазақстанның ұлттық идеясын тұрақтандыру мәселесі. Елді біріктірер, қиын кезде рух берер ұлттық идея моделінің бізде негізі бар. «Ұлт бар жерде идеология бар» деп таниды отандық ғалымдар.     Ұлттық тілі, психологиясы, салт-санасы, тұрғылықты жері, саясаты — мұның бәрі ұлттық идеологияны қалыптастырушы белгілер.Бізде осы аталған ерекшеліктердің бәрі бар. Ал әр мемлекет бір-бірін ұлтына қарап тануы керек, яғни ұлт арқылы оның елдік идеологиясы білінуі тиіс.\r\n\r\n         Кейінгі кезеңде қазақ зиялыларының да ұлттық идея туралы сөз қозғап, келелі мәселелер көтере бастағаны  ұлттық есею мен зерделенудің белгісі. Ұлттық идеяны іздеу-халықтың өзін өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге, тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің тарихын қорытып, төрт құбыласын түгендеп, келер күнге көз тастап ұлттық идея қалыптастыруға талпынады. Анығында, ұлттық идея дегеніміз – бүгінгінің талабын тарихта кеткен қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру, келешекті халық  философиясы арқылы зерделеу.\r\n\r\n         Ұлттық жетілдіру дегеніміз – оның бойындағы тарихи дәстүрлі игі қасиеттерді адамзаттық деңгейде байытып, қазақ адамын әлем  адамы дәрежесіне көтеру. Дәл осы мақсатты өз заманында Ататүріктің ұлттық идеяға негіз етіп алғаны белгілі. Оның ғасырында түрік жұрты дамудың еуропалық қарқыны туралы ойлаудан да сескенетін. Соған қарап,  ұлтты жетілдіру көштен кейін қалғандардың ғана сыбағасы деп қабылдауға болмайды. Жетілу — жүзден озған жүйріктің де, мыңнан озған тұлпардың да еншісі. Осы ретте мемлекеттің әлемдік бастамаларға қол созуын игілікті шаралар деп қабылдауымыз керек. Қоғамдағы әрбір  ұйым, мекеме бұл бастамаларға үн қоса алса — онда елдің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне, тәуелсіздіктің сақталуына, ұлттың нығаюына жағдай жасар еді. Бұл ретте әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, әлемдік деңгейдегі рейтингі жоғары оқу орындарының қатарынан көрінуге ұмтылыс, алдымен жастарға адами тәрбие беруді жақсарту қазақ ұлтының да ғалам адамы болуға жасалған қадамдардың бастамасы деп қарау қажет.\r\n\r\n            Экономикалық дербестікке  қол жеткізе отырып, саяси отарсыздану мәселесі де алдағы күндер еншісіндегі жайлар.Алпауыт мемлекеттермен иық тіресуге қол жеткізе бастағанның өзі болашаққа деген сенімге шек келтірмеуге, қайта жігерлендіруге бағыттайды. Алайда, ұлттың тілі сақталмаса мемлекеттігімізге нұқсан келері анық.  Қазір Қазақстанда мемлекеттік тілді білмей-ақ  саяси ықпал жүргізуге болады, яғни барлық нәрсеге мүмкіндік бар. Ендеше тілді білмеген жағдайда, оны білуге  мәжбүрлік болмаған жағдайда ешкім де тіл үйренбейді. Сондықтан тіл саясатын ықпалды түрде жүргізе отырып, экономикада,саясатта табыстарға жетуге ұмтылған абзал.\r\n\r\n         Дін мәселесі де  ұлттық идеологияға тікелей қатысты дүние. Бұл жерде дін міндетті түрде сол ұлттың көзқарасының мүддесінен шығуы керек. Дін мемлекеттің ұстанымын,саясатын жүзеге асыруға көмек көрсете отырып өз насихатын жүргізе алатындай дәрежеде бола алғанда ұлтқа қауіп төнбейді. Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде  қоғам қайраткері, ғалым  Мырзатай Жолдасбеков былай деп жазады: «1,5 миллиард халқы бар Қытайда небәрі 4 конфессия ғана бар, ал 16 миллион халқы бар  Қазақстанда  46 конфессияның өкілдері болып табылатын 4000 –нан астам діни бірлестіктер қызмет етеді. Біз тәуелсіздігімізді жақында ғана алдық, мұндай діни алуандылық біздің еліміз үшін қауіпті емес пе? Әрине, қауіпті. Сондықтан да, ҚР «Діни қызмет дәне діни бірлестіктер жөніндегі» жаңа заңы діни идеологиялардың алуандылығын реттеуі қажет.Менің ойымша, идеологиялық мәселелерді кейінге шегеру ұлтымыздың бірлігі мен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді» .Бұл пікірде терең мағына жатқандығын ескерген жөн.\r\n\r\n         Ұлттық идеяға әлемдік ақыл-ой мен оны қажет еткен ұлттың даналығы,  біліктілігі, мемлекеттің саяси қуаттылығы керек. А.Пушкин: «Халықтың рухына сеніңдер, құдірет санаңдар, бізді құтқаратын ұлы күш сол ғана»-десе, Абай: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең -істің бәрі бос» деген екен. Ұлттық идея ұстану болашағымыз үшін маңызды екенін ұрпақ түсінуі қажет. Ұлт боп қалудың бірден бір  шарттарын  алдағы ұрпаққа ұсынсақ- дамуға жол салған болар едік .Қазақстандағы ұлттық идея   тарих сахнасына  қазақтармен бірге қол ұстаса көтерілді. Мұратсыз ұлт болуы мүмкін емес. Ұлттық идея Қазақстандағы барлық халықтардың тілінде орнығуы керек және ол қазақ мұратын көздейтін болуын  жасырудың  қажеті жоқ. «Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар — Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім — ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады — біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз»,- деген болатын ҚР Президенті өз халыққа жолдауында. Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын  әлеуметтік қауым арасында мейлінше дәйекті бекемдеу қажет. Балабақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндерден бастап, университет аудиторияларында отырған жастарға жеткізуден ештеңені аяуға болмайды және де зиялылардың ұлттық идеяға қалтқысыз берлігендігін қалыптастыру керек.\r\n\r\n         Ұлттық идея барша халықтың күш – жігерін, уақыт алға қойып отырған іс –әрекетін баурап әкететін күш болуы, құндылықтарды жаңғырту қазақ мәдениетінің үшінші мыңжылдықтағы міндеттеріне айналу үшін ұлттық БАҚ-тың рөлін күшейту керек.БАҚ арқылы ақпаратпен сусындап отырған халық үшін ұлттық идеологияны қалыптастыруға, әрі дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар.Әрине, ұлттық БАҚ-тың өркендеп, дамып келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Қазақ тіліндегі ақпарат құралдарының да қатары өсе түсуде. Алайда, бұл әлі де аздау.Елдегі  ақпарат таратушы яғни идеология қалыптастырушы ұлттық тілдегі бұқаралық ақпарат  құралдарының саны 80 пайызға жеткенде біз ғаламдағы іргелі, орнықты,бейбіт елге айналатынымызға дәлелдер мол. Ол үшін мемлекет тарапынан  қамқорлық қажет.  \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер:\r\n

    \r\n

  1. Елмен сырласу /Н.Ə.Назарбаев; ҚР Президенттік мəдениет орталығы; жоба авторы М.Жолдасбеков; ғылыми кеңесші М.Қасымбеков; құрастырған Г.Тəңірбергенова, т.б.–Астана: Күлтегін. т. 6: Сөздер, сұхбаттар.– 2009.– 216 б.
  2. \r\n

  3. New paradigm of Sustainable Human Development.G-Global – a new form of global dialogue .Almaty, November 5,2014
  4. \r\n

  5. Мырзатай Жолдасбеков, // «Айқын», 2012 ж. №26
  6. \r\n

  7. «Нұрлы жол» , Н.Назарбаев, халыққа жолдау,
  8. \r\n

\r\n             news.nur.kz/339960.html\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ