Ұстаз боламын десеңіз….

0
3044

Кәсіптің сипаттамасы

Мұғалім өз кәсіби қызметінде білім білім беру мәселелері туралы заңдарды, сондай-ақ Бала құқықтары туралы  конвенцияны басшылыққа алуы тиіс. Өз жұмысын сапалы орындау үшін, білім беру саласындағы маман педагогика, психология және физиология ілімдерін пайдаланады. Мұнда оқушылардың қызығушылығы мен қажеттілігін зерделеу, әрқайсысының тілін табу, шығармашылық қабілетін іске асыру маңызды. Өзінің оқытушылық қызметін ұйымдастыра алу, жемісті нәтиже беретін жұмыс әдістемесін жасау – жақсы маманның қызметіндегі басты критерийлер.

Кәсіптің ерекшелігі

Балалармен жұмыс істеу, күйзеліс жағдайының болуы, тұрақсыз жұмыс күні

Талап етілетін қасиеттер

Әрбір педагогтың, сөзсіз, жұмысқа деген өз тәсілі болады. Бірақ, сонда да, маманның базалық жеке қасиеті жауапкершілік, күйзеліске төзімділік және мақсатқа талпынушылық болып қалады. Сабақ беру сипаты маманның біліміне байланысты. Сонымен, гуманитарлық ғылымдар бойынша сабақ беру үшін тез тіл табысқыш, зерек ойлы, жүйрік қиялды, зерделі, шебер дарынды және шығармашыл болу қажет. Жаратылыстану ғылымдары үшін қисындылық, жітілік және нақтылық керек. Алайда балаларға деген сүйіспеншілігінің болуы, ұжымның танымдық әлемінде жұмыс істеуге ықыласты болуы педагог кәсібі үшін негізгі қасиет болып табылады.

Міндеттері

Педагог сабақ өткізеді, мұнда өз пәні шеңберінде жаңа ақпарат береді. Өткен материалды қайталап, пысықтайды. Оқушылардың білім алуын баға қою арқылы бақылап отырады. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін үйіне тапсырма береді. Оқушылардың жұмысын тексерумен айналысады, оларға бақылау және тексеру жұмыстарын дайындайды. Бағдарламадан қалып қойған оқушыларға сабақтан тыс сабақ өткізеді. Педкеңес отырысына қатысады.

Білімі

Аталған  кәсіп бойынша оқытылатын мамандықтар:

  •  5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі  орыс тілі мен әдебиеті
  • 5B011200 – Химия
  • 5B011300 – Биология
  • 5B011600 – География
  • 5В011900 – Шет тілі
  • 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі  қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті
  • 5В010200 – Бастауыштық  оқыту  педагогикасы мен әдістемесі
  • 5B010600 – Музыкалық білім
  • 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу

 

Кәсіптің сұранысқа иелігі:

Аталған мамандықтар бойынша түлектер саны (2014-2015 жж.) – 17901 адам.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ