V Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасы басталды

0
6848

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында республикамыздағы білікті педагогтарды анықтау және оларды қолдау мақсатында V Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын оқытушылар, мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне жеке-жеке дайындалады.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада екі кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2022 жылдың 19 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өткізіледі. Екінші кезеңге іріктеу кезеңінен 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар ғана қатыса алады. Екінші кезеңнің тапсырмаларына қолжетімділік 30 қыркүйектен бастап ашылады.

Қорытындысы 24 қазан күні жарияланады.

Олимпиаданың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 30 қатысушы «Үздік педагог» төсбелгісімен және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

V Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында жарияланады;

1.3. Олимпиада qaztest.kz сайтында 2022 жылдың 19 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өткізіледі;

1.4. Олимпиадаға білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын оқытушылар, мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады;

1.5. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.6. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

 

  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Мектеп мұғалімдерінің педагогика және тәрбие мен оқыту әдістемесі бойынша білім деңгейін тексеру;

2.2. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің мектепке дейінгі педагогика пәні бойынша білім деңгейін тексеру;

2.3. Педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және республикамыздың үздік білім беру саласы қызметкерлерін марапаттау.

 

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада екі кезеңнен, әр кезең 25 сұрақтан, барлығы 50 сұрақтан тұрады.

3.2. Екінші кезеңге іріктеу кезеңінен 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар ғана қатыса алады. Екінші кезеңнің тапсырмаларына қолжетімділік 30 қыркүйектен бастап ашылады.

3.3. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.4. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.5. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады және тестілеу нәтижесі экран бетіне шығарылады;

3.6. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

 

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы: бір реттік тест 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы негізінде 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алады, ал екінші кезең нәтижесі бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 30 қатысушы «Үздік педагог» төсбелгісімен және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2022 жылдың 24 қазан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адресі арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87


ПІКІР ҚАЛДЫРУ