V Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасы басталғандығын хабарлаймыз

0
1018
Жас маман

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып, республика көлемінде үздік жас мамандарды анықтау және оларды қолдау мақсатында V Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға колледж, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатыса алады.  Олимпиадада колледж және мектеп қызметкерлеріне педагогика, оқыту әдістемесі, психология және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі бойынша, ал мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы, мектепке дейінгі педагогика және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың нормативтік бойынша жас мамандардың білім көрсеткішін анықтайтын тапсырмалар беріледі. Oлимпиада сұрақтары мектеп пен балабақша қызметкерлері үшін бөлек-бөлек дайындалады.

Олимпиaда qaztest.kz сайтында онлайн өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиаданың өткізілетін мерзімі: 2021 жылдың 9 наурызынан 9 сәуір аралығы. Қорытындысы 12 сәуір күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай жинаған 30 қатысушы «Үздік жас маман» төсбелгісімен және 25 ұпай алған барлық қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты 8(727)9785922; +77009785922; +7 7759988387 телефондары арқылы білуіңізге болады.  

              V Республикалық «Үздік жас маман» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz және martebe.kz сайттарында жарияланады; 

1.3. Олимпиада qaztest.kz сайтында 2021 жылдың 9 наурызынан 9 сәуір аралығында онлайн өткізіледі; 

1.4. Олимпиадаға колледж, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатыса алады;

1.5. Олимпиадада педагогика және психология, балалар психологиясы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәндері бойынша жас мамандардың білім көрсеткішін анықтайтын тапсырмалар беріледі. Олимпиада сұрақтары мектеп пен балабақша қызметкерлері үшін -бөлек-бөлек дайындалады;

1.6. Тапсырмаларды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандары арқылы дайындалып, ұйымдастырушылармен бекітіледі; 

1.7.  Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.  

1.8. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. Qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

2. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Колледж, жалпы білім беретін мектептер және мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет ететін жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру;

2.2. Жас мамандардың педагогикалық біліктілігін арттыру;

2.3. Республика көлемінде үздік жас мамандарды анықтау және оларды марапаттау.  

3. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада бір кезеңнен, барлығы 25 сұрақтан тұрады.

3.2. Әр тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;

3.5. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.6. Тестілеудің нәтижесін қатысушы тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.7. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

4. Oлимпиадa қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиaда барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Жас маман олимпиадасына байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

ОЛИМПИАДAҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиaдаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

OЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Республика бойынша ең жоғары ұпай жинаған 30 қатысушы «Үздік жас маман» төсбелгісімен және 25 ұпай алған барлық қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2021 жылдың 12 сәуір күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адрес арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 30 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 10 қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» кубогына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 
Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.
2.

Ескерту! «Үздік ұжым» плакеткасы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҰЖЫМ БОЛЫП ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасай алады. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17; Код 19; КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банк бөлімшесінен және казпочтадан жасай аласыздар. Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деген белгімен және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек.

Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті.  

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)  Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Kaspi.kz, терминалдар арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7(727)9785922; +7 7009785922; +77759988387.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ